Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
4.Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз.
5.Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.
6.Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).
7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
8.100-200 мл зәрді контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз
10.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.
11.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |