|
Тіл саясаты бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарған жұмысы туралы қорытынды есебі С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Басқарманың негізгі мақсаты – университет бойынша мемлекеттік тілді медицинаға енгізу. - «2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру.
- ҚР ДСМ-нің 31.12.2009ж. «ҚР денсаулық сақтау саласының іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 887 бұйрықты іске асыру
- Медициналық терминологияны біріздендіру.
- Іс-қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуін қадағалау.
- Студенттер арасында қазақ тілі мен өнерін насихаттайтын кештер, байқаулар өткізу
Қ Р ДСМ-нің 2006 жылғы 19 қыркүйегіндегі «Денсаулық сақтау жүйесінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №417 бұйрыққа сәйкес бекітілген университет ректорының «Университет іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі туралы» 29.01.2009ж. №25 бұйрығының жүзеге асуын қадағалау Басқарманың басты міндеттерінің бірі болып табылады. - Қ Р ДСМ-нің 2006 жылғы 19 қыркүйегіндегі «Денсаулық сақтау жүйесінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №417 бұйрыққа сәйкес бекітілген университет ректорының «Университет іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі туралы» 29.01.2009ж. №25 бұйрығының жүзеге асуын қадағалау Басқарманың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы - Аударма және корректорлық сектор: жетекші маман, аудармашы-корректорлар
- Мемлекеттік тілді дамыту секторы: жетекші маман, әдіскерлер
Аударма және корректорлық сектордың міндеті: - Университет іс құжаттарының қазақ тілінде сауатты жүргізілуін қадағалау;
- Университеттің құжат айналымын біріздендіру мақсатында құрылымдық бөлімшелермен келісе отырып олардың шаблондарын, үлгілерін дайындау, тарату.
Жалғасы - Мемлекеттік тілде жарық көретін оқулықтарға корректорлық жұмыстар жасайды;
- Қабырғалар мен маңдайшалардағы ілмелердің қазақшалануына көмек беру;
Мемлекеттік тілді дамыту секторының міндеті: - Университетте мемлекеттік тілді дамыту шараларын ұйымдастыру, өткізу;
- Мемлекеттік тілде өткізілетін сабақтар мен оқылатын дәрістердің сапасын бақылау;
- Алматы қаласы әкімінің «Тіл саясатын жетілдірудің басты бағыттары» атты № 2/357 қаулысына сай университеттегі барлық іс-шаралардың қазақша өткізілуіне көмек көрсету
Жалғасы - Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған дәрістер оқу;
- Университет ұжымы мен студенттер бойында мемлекеттік тілге сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру
Міндетті іске асыру үшін жасалған іс-шаралар: - Студенттер бойынан патриоттық сезім ояту мақсатында ҚР Мемлекеттік әнұранын әр сәрсенбі сайын сағат 8.00-де әрбір студенттік топ орындауы тиіс.
- Университеттің 80 жылдық мерейтойына орай Университет әнұраны қоса орындалуы тиіс (10.02.2010 жылғы №11Жарлық).
Жалғасы: - Университеттің құрылымдық бөлімшелерінен, факультет пен кафедралардан мемлекеттік тілге жауапты тұлға бекіту (10.02.2010 жылғы №12 Жарлық);
- “Медицина білімі – мемлекеттік тіл аясында” атты ПОҚ мақалаларының жинағының №5 саны баспаға дайындалуда.
Жалғасы: - МТДБ жоспарына сәйкес 8 ақпан 2010 жылы “Жалпы қолданыстағы терминдерді біріздендіру” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
Назарларыңызға рахмет - Университетімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында “Жұмыла көтерген жүк – жеңіл” демекші бәріңіз атсалысады деген ойдамыз
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|