26
қамтамасыз етілуі, ТҮАБЖ-нің алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз
етілуі, ТҮАБЖ-нің техникалық қамтамасыз етілуі.
Жүйенің ақпараттық қамтамасыз етілуінің құрылымы мен құрамын
таңдау есептеуіш техника құралдарын қолдану және ағымдағы ақпараттың
классификациясы мен кодталуының біріңғай жүйесін жасау арқылы
технологиялық процесс деректерін өңдеуге негізделген.
Жасалып жатқан жүйенің ақпараттық базасы машинаішілік және
машина сыртындағы ақпараттық базалардан тұрады.
Машинаішілік
база жартылай ОЕСҚ-да, жартылай СЕСҚ-да (ОЕСҚ -
оперативті есте сақтаушы құрылғы; СЕСҚ - сыртқы есте сақтау құрылғысы)
(қатқыл дискте) орналастын деректер (файлдар) массивтерінің жиынтығы
болып табылады және мыналарды қамтиды:
– нормативті-анықтамалық файлдар мұнай сепарациясы технологиялық
процесінің әртүрлі элементтерінің сандық өлшемін сипаттайтын, техникалық
негізделген нормативтер мен анықтамалық деректердің жүйесі жиынтығынан
нормативті базаны құрайды;
– ақпараттық файлдар оперативті ақпаратты жазуға және сақтауға
арналған;
– ЭЕМ -де деректерді енгізу мен өңдеудің формальды тілі болып
табылатын ақпаратты кодтау жүйесі.
Машина сыртындағы ақпараттық база технологиялық үрдісті
басқарудағы тапсырмаларды шешудегі деректер жиынтығы болып табылады
және мыналарды қамтиды:
– ғылыми-техникалық ақпарат (кітап, журнал, мақала және т.б.);
– құрылымдық және технологиялық құжаттама;
– нормативті-технологиялық құжаттама (стандарттар, әдістемелік және
басқарушы техникалық материалдар);
– нормативті-анықтамалық ақпарат (материалдар
ағынының қасиеті,
технологиялық коэффициенттер, константалар және т.б.);
– қолмен өлшеу нәтижесінде алынған және ЭЕМ-ге енгізу үшін
операторлармен дайындалған кіріс ақпараты;
– тапсырмаларды шешуде құрылатын және шығыс құжаттарының басып
шығарылған түрінде шығатын шығыс ақпараты.
ЕБЗ өндірістік қондырғысы сепарацияның жаңа технологиялық үрдісін
сипаттаушы параметрлері арасында күрделі өзара байланысы бар
технологиялық үрдісті басқару объектісі ретінде оқуға және игеруге арналған.
Қондырғының қалыпты жұмыс жасауы үшін көптеген параметрлерді
басқарып реттеу қажет, олар:
– өңделетін шикізат пен сұйықтық мөлшері мен құрамын;
– кіріс өнімдердің мөлшері мен құрамын;
– басқару объектісінің жалпы жағдайы және көмекші құрылғының
жағдайы.
27
Ақпаратты қамтамасыз етуді жасаудың
негізгі мақсаты басқару
объектісінің жағдайын талдау мүмкіндігі, қалыпты және тәжірибелік
жағдайларда басқару шешімдерін қабылдау болып табылады. Ақпараттық
жүйенің тағайындалуы басқарылатын параметрлер мәнін өлшеуден, бұл
ақпаратты
өңдеу ортасына жіберуден, біріншілік өңделуі және мұнай
сепарациясы технологиялық үрдісін басқару тапсырмасын шешуде ақпаратты
қолдану орталарында көрсетілуінен тұрады. Ақпараттық қамтамасыз ету
келесі талаптарға жауап беруі қажет:
– ақпаратты уақытында жеткізу;
– жеткізу сенімділігі (байланыс және өңдеу каналдарында шығындар
мен қателіктердің болмауы);
– ақпараттық шағын жүйе қызметінің сенімділігі;
– техникалық іске асыру мүмкіндігі.
Бұдан басқа, ақпараттық қамтамасыз
етудің құрамы мен құрылымы
мыналарды қамтуы тиіс:
– техникалық құралдар жиынтығының біркелкі жүктемесін қамтамасыз
ететін, сонымен қатар қызмет етуші және басқарушы адамға ақпаратты
уақытында жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттар ағынын реттеу;
– ағымдық жүйені кеңейту және жаңа жүйелерді қосу арқылы жүйені
кеңейту мүмкіндігі;
– қалыпты және апаттық жағдайларда технологиялық үрдістерді
басқарып, жағдайларды талдауда адамның қатысуына ыңғайлы болуы.
Ақпараттық
қамтамасыз етудің құрамы басқару жүйесінде
қолданылатын жіктеу және кодтау жүйелерінің жиынтығынан, көрсеткіш
жүйелерінен (кіріс және шығыс сигналдары), ақпараттар массиві құжаттамасы
жүйесінен (файлдар) тұрады.
28
1 сурет – Реттеуіш баптауларының мәндерін табудың блок схемасы
Өтпелі үрдісті есептеу алгоритмі
Алгоритм келесі ұйғарымдарды қамтиды:
- Коб,τоб,Тоб,Кр,Sр,Т,хвых,хзад,С=0, n=0 мәндері енгізіледі;
- Δхвых реттелетін шаманың ауытқу мәндері есептеледі;
- объектінің τ кешігу уақытында μ басқару әсерінің мәні;
- үрдіс орнағанша Т уақытқа жеткенге
дейін әр моментте шығыс
объектінің шығыс айнымалысының мәні хвых және басқару әсерінің мәні
есептеледі, яғни, шығыс айнымалының мәні хзад мәніне шамамен тең
болғанша.
Есептеу нәтижелері бойынша үрдістің өтпелі сипаттамасы құрылады.
30
3 сурет – Өлшеу деректерін жинау алгоритм сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: