Тест спецификациясы



жүктеу 110,5 Kb.
Дата21.12.2019
өлшемі110,5 Kb.
#24711


«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні

бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

  1. дан бастап қолдану үшін бекітілген)

1.Құрастырылу мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.

2. Міндеті: Келесі мамандықтар үшін үміткердің білім деңгейін анықтау:

М003

Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді

даярлау

3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестіге «Математиканы оқыту әдістемесі», пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.



Тақырыптың мазмұны



Тапсыр

малар саны

Қиындықдеңгейі


1

«Математиканы оқыту əдістемесі» - ғылым жəне оқу пəні.

Педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқыту əдістемесінің нысаны, пəні, зерттеу əдістері мен оның философия жəне логикамен, педагогика жəне психологиямен, математикамен жəне т.б.байланысы. Математиканы оқытудың əдістемелік жүйесінің əр түрлі модельдері.Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесінің инновациялық технологиялары.



1

(А) – 1.



2

«Математиканы оқыту əдістемесі» болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде математиканы оқыту əдістемесініңғылыми негіздері жайлы теориялық білім қалыптастыратын оқу пəні.

Пәннің ғылыми негіздері және мазмұны. Оқыту нəтижелеріне қойылатын талаптар, диагностикалау, бақылау жəне бағалау əдістері.



1

(В) - 1.



3

Бастауыш сынып оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық және мазмұнды-процессуалдық сипаттамасы.

Бастауыш мектептегі математикалық пәндердің математикалық объектілерінің сипаттамасы және оларды маңызды жолдармен зерттеудің әдістері

1

(А) – 1.

4

Оқу пəні ретіндегі математиканың ретіндегі мазмұндық - процессуалдық сипаттамасы

Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны. Математиканы оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне (пəндік, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу) қойылатын талаптар. Пəнішіндік байланыс. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың əдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Математикадан оқу-əдістемелік кешен. Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Математиканы оқыту

нəтижелерін критериалды бағалау технологиясы негізінде диагностикалау.


1

(В) - 1.


5

Ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің сипаттамасы жəне мазмұндық-əдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мəселелері.

«Сандар мен өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» сияқты оқу пəнінің мазмұндық-əдістемелік желілерінің: ұғымдары мен əрекет тəсілдері жүйесін оқытудың реті мен сипаттамасы. Оқытудың мақсаты, міндеттері мен нысандарының, оқытудың білімдік (пəндік білім, білік жəне дағдылар) мен құзыреттілік (коммуникациялық, ақпараттық, математикалық жəне функционалдық сауаттылық, интелектуалды қабілеттілік) нəтижелеріне қойылатын талаптарының; əр мазмұндық- əдістемелік желінің материалдары бойынша тапсырмалар іріктеу жəне сабақтардың үзінділерін дайындаудың сипаттамасы. Əр мазмұндық-əдістемелік желінің ұғымдары мен əрекет тəсілдерін оқытып-үйретуде кіріктірілген жəне пəндік құзыреттілік қалыптастыруға түрлі əдістемелік тұрғыдан қарау.



2

(А) – 1.

(С) - 1.



6

Оқу пəнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері

Математиканы оқытудың əдістемелік негіздері мен кіші жастағы оқушылардың дамуы. Математиканы оқыту үдерісіне қатысушылардың іс- əрекетін ұйымдастыру үшін ұсынылатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.Кіші жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекетінің модельдерін дайындау, жобалау, өткізу жəне талдау бойынша мұғалімнің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.



1

(В) - 1.



7

Сабақ математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы.

Қазіргі заман математика сабағының типтері мен түрлері. Үй тапсырмасының түрлері мен мазмұны, жұмыстың көлемі мен оны орындаудың нұсқауы. Рефлексия. Қазіргі заман сабағына жəне математика сабағын талдауға қойылатын талаптар.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар



1

(А) – 1.



8

Пəндік жəне кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша кіші мектеп жасындағы оқушылардың іс-əрекетін жоспарлау мен өткізу технологиясы.

Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік жəне өзіндік оқу- танымдық, шығармашылық іс-əрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы. Пəндік жəне кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша оқушылардың іс-əрекетін ұйымдастырудың технологиясы. Математикалық білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, ақыл-ой əрекеті тəсілдеріне машықтандыру бойынша оқушылардың іс- əрекетін ұйымдастыру.



2

(В) – 1

(С) - 1.




9

«Сандар жəне өлшемдер» мазмұндық-əдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер. Сандармен амалдар орындау. Шамалар жəне өлшем бірліктер




2

(А) – 1.

(В) - 1.


10

«Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Алгебралық түсініктер. Өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тəртібі. əрпі бар өрнек, амал қасиеттерін əріпті теңдік түрінде жазу, формулалар, өрнектерді қарапайым теңбе-тең түрлендірулер, теңдеулер жəне оларды шешу тəсілдері; есепті алгебралық тəсілмен шешу. Есепті теңдеу құру арқылы шешу.



Алгебра элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.

2

(В) - 1.

(С) - 1.




11

«Геометрия элементтері» мазмұндық-əдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Технология поэтапного изучения элементов геометрии. Геометриялық фигуралар жəне оларды жіктемелеу, фигуралардың элементтері, қасиеттері мен белгіленуі; геометриялық фигураларды кескіндеу жəне салу; геометриялық мазмұнды есептер, геометриялық шамалар Геометриялық фигураларды ажырату, қарапайым салуларды орындау, геометриялық шамаларды өлшеу. Қалыптастыратын геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.



2

(А) – 1.

(С) - 1.




12

Жиын. Логика элементтері» мазмұндық-əдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Жиындар жəне олармен орындалатын амалдар, пікірлер, тізбектер, нысандардың комбинациялары. Логика мен жиындар элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.



2

(В)-1.

(С)-1.



13

«Математикалық модельдеу» мазмұндық-əдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Есептер жəне математикалық модель. Желінің нысандары:«есеп» ұғымы; жай (əр амалдың мəн-мағынасын ашуға, айырмалық жəн ееселік салыстыруға, шамалар арасындағы байланыстар мен тəуелділікке негізделген, «үлес», «бөлшектер», «процент» ұғымдарымен жəне пропорционал шамалармен байланысты) есептер; кері есептер; құрама есептер; геометриялық мазмұнды есептер; шығармашылық əрекетпен байланысты тапсырмалар, есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық жəне практикалық тəсілмен шешу

Математикалық тіл.

Желінің нысандары: математикалық символика жəне мазмұндық- əдістемелік желі терминологиясы: сандар жəне өлшемдер, алгебра элементтері, геометрия элементтері, жиындар, логика элементтері, есептер жəне математикалық модель. Сандар жəне өлшемдер, алгебра элементтері, геометрия элементтері, жиындар, логика элементтері, есептер жəне математикалық модель сияқты мазмұндық-əдістемелік желілерді оқыту барысында математикалық тілді (терминдерді, символдарды) қолдану пəндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.



2

(В)-1


Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары «Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалын қамтиды.

Білім алушы математиканы оқытудың әдістемесінің объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері туралы қалыптасқан түсініктерін көрсете білу керек. Сондай-ақ, бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы және практикасын дамыту тенденциялары мен бағыттары туралы түсініктері болу қажет. Білім алушы ұғымдар мен əрекет тəсілдері жүйесінің сипаттамасы жəне мазмұндық-əдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мəселелері «Сандар мен өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» туралы білімдеру болу тиіс. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы математика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы мен оқулықтарды бағдарлай білуі; бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып математиканың бастауыш курс мазмұны бойынша нақты мәселелерді шешу үшін түрлі инновациялық әдістемелік әдіс тәсілдерді қолдана білуі керек.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут


Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:


  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.



8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.



9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы оқу бағдарламалары. Математика 1-4 сынып. Астана, 2016 ж

  2. Математика пәні бойынша оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш мектеп 1-5 сыныптар. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған. Астана, 2014.

  3. Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орехова, Н.В.Лебедева, С.И.УАқбаева, Ә.О.Мәдхалықова, Н.З.Иманбаева. Математика. Жалпы білім беретін 1 сыныбына арналған оқулық. 2 бөлімнен тұрады. Астана, Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ, 2016

  4. Г.Ш.Жақыпова, Н.В.Орехова, Н.В.Лебедева, С.И.УАқбаева, Ә.О.Мәдхалықова, Н.З.Иманбаева. Математика. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін 1 сыныбына арналған оқу құралы. 2 бөлімнен тұрады. Астана, Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ, 2016

  5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2013.

  6. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (I-IV сыныптар). Алматы, 2003.

  7. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2005

  8. А.М.Текесбаева. Математиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2013

жүктеу 110,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау