Іс-әрекет алгоритмі - Іс – әрекет алгоритмі: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен өндеңіз3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз6.Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығарыңыз.7.Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.8.Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.9.Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).10.Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.11.Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен12.Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).13.Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, колдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).14.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.15.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен сүртіңіз,үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.16.Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап V саусақ – шприцтің поршенінде, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.17.Иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.18.Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.19.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.20.Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.21.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз.22.Спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.23.Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен басып,науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.24.Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.25.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |