Тері ішіне инъекция жасау - Мақсаты: диагностикалық.Қолдану көрсеткіштері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін.Қарсы көрсеткіштері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.Асқынулар: инфильтрат.Енгізілетін жері: білектің ішкі бетінің ортаңғы бөлігі.Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |