Бұлшық етке инъекция жасау - Бұлшықеттте өте көп қан және лимфа тамырлары бар, сондықтан дәрілер тез және түгелімен сорылады. Дәрілерді тері астына енгізгенде ауырсыну, қиын сорылу жағдайлары болса және тез терапиялық тиімділігіне жету үшін, тері астына енгізуді бұлшықетке енгізумен ауыстырады.Бұлшықетке егу жасау үшін 0,8-1,0 мм және ұзындығы 6-8-10 см инелермен қолданады. Иненің ұзындығы терінің шел қабатының жуандығына байланысты болып келеді, енгізгенде ине тері шел қабатын тесіп, бұлшықет аралығына бару керек.Бұлшықетке егу жасаудың ең жақсы бөлігі – бөксе бөлігі болып табылады. егуді тек қана жоғарғы сыртқы бөлігіне жасайды, яғни бөксені ойша төртке бөліп, жоғарғы сыртқы бөлігіне (1/4 бөлігі) жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |