503
қолданылады, ал үшінші дәлдік санатының трансформаторлары әдетте
релелік қорғаныс аспаптарын және ең қарапайым өлшеу аспаптарын
(қалқанды вольтметрлер, амперметрлер) қосу үшін қолданылады.
Аспаптарды өлшеу трансформаторлары
арқылы қосқан кезде, әдетте
өлшенетін шамадан
1
% аспайтын қателік туындайды.
Тоқ трансформаторларын келесі параметрлер бойынша таңдайды:
номиналды кернеу, жұмыстық тоқ, екіншілік ораманың дәлдік санаты,
сонымен қатар қысқа тұйықталу тоқтарының өтуі кезіндегі термикалық
және динамикалық төзімділік мәндері.
Тарату құрылғыларында тоқ трансформаторлары келесілерді
қамтамасыз етеді:
тоқ орамалары бар өлшеу аспаптарының (амперметрлер,
ваттметрлер, есептеуіштер) шектерін кеңейту;
релелердің тоқ орамаларын қоректендіру, ал
кейбір жағдайларда
күштік ажыратқыштар жетектерінің сөндіру құрылғыларының
орамаларын қоректендіру;
екіншілік тізбектерді біріншілік тізбектерден бөлу.
Соңғы фактор аса маңызды, себебі қызмет көрсетуші қызметкерлер
қауіпсіздігін анықтайды. Тоқ трансформаторларының екіншілік
орамаларын және олардың корпустарын, әдетте, жермен жалғайды.
Бірнеше тоқ трансформаторын жалпы сұлбаға дұрыс жалғау үшін
және оларға аспаптарды жалғау үшін
олардың полярлығын, яғни
біріншілік ораманың басы мен соңының екіншілік ораманың басы мен
соңына сәйкес келетіндігін немесе сәйкес келмейтіндігін білу керек,
осы мақсатта оларды таңбалайды: желіге қосылатын біріншілік орама
басын Л1 ретінде белгілейді, ал оның соңы – Л2; екіншілік ораманың
басын және соңын сәйкесінше И1 және И2 ретінде белгілейді.
Үш фазалы тоқ желілеріндегі жүктеме
сипатына, өлшеу
міндеттеріне және релелік қорғаныс түрлеріне байланысты өлшеу
трансформаторларын бір, екі немесе үш фазада орнатады.
504
Тоқ трансформаторы қосылыстарының әр түрлі сұлбалары 13.23
сур. келтірілген. Солардың ішінде толық жұлдыз және үшбұрыш
сұлбалары желінің барлық үш фазасында тоқты бақылау қажет болған
кезде қолданылады (мысалы, релелік қорғаныстың кейбір түрлерінде);
толық емес жұлдыз сұлбасы және екі фаза тоқтарының айырмасына
қатысты сұлба – оқшауланған бейтарап сымы бар желілерде, ал үш
тоқтар қосындысына қатысты сұлба – жерге тұйықталуға қарсы релелік
қорғаныстарда.
Егер бір фазаның екі трансформаторының екіншілік орамаларынан
13.23 сур. Тоқ трансформаторларын қосу сұлбалары:
Достарыңызбен бөлісу: