Технологиясы



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет141/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

2
 
330 
Кабель массасы 35.30 °С (сонымен бірге оның көлемі біршамаға 
кемиді-кему жүреді) дейін суыған кезде, соңғы рет құяды. Құйып 
болғаннан кейін кабель массасын арқанның битумды массасында 
пісірілген құю тесігінің периметрінен өтетін жікке қояды, құятын 
тесікті қақпақпен жауып, бұрандамамен бекітеді. Біріктіретін 
саңылаусыздықты үлкейту үшін жалғастырғышты битумды массаға 
екі рет құяды. 
Эпоксидті жалғастырғышты, көбінесе 1, 6 және 10 кВ кернеуге 
есептелген кабельдерді қосу және 1 кВ дейін ғана кернеуге 
есептелген кабельдерді тарамдау үшін қолданылады. 
Біріктіретін 
эпоксидді 
(БЭ) 
жалғастырғыштар 
келесі 
құрастырымды атқарымда болады ( 10.9-сурет): 
екі бөліктен және оның ортаңғы бөлігіндегі көлденең 
жалғағыштан тұратын эпоксидті корпус (СЭп). Тұйықталатын сым 
жалғастырғыш сыртында орналасқан; 
екі бөліктен және тік жазықтықта оның бойлық жалғағышынан 
тұратын эпоксидті корпусымен (СЭв). Тұйықталатын сым 
корпустың төменгі жігінде орналасады; 
табақ болаттан жасалған экраны және оларға дәнекерленген 
қорғасыннан жасалған манжеталы екі конусы бар эпоксидті 
корпусымен (СЭм). Бір конус зауытта жалғастырғыштың цилиндр 
тәрізді бөлігімен, ал екіншісі-монтаж орнында жалғанады;
10.8-сурет. Кабельді шойын жалғастырғышта кернеумен біріктіру: 
1, 4 — сәйкес жоғарғы және төменгі жалғастырғыш жартысы; 
2
— құятын тесіктің 
қақпағы; 3 — жалғастырғыштың мойны; 5 — нығыздағыш төсем; 
6 — кергіш фарфор тақтай; 7 —кабель тарамдарын біріктіретін учаске 


331 
алмалы-салмалы 
метал 
пішінге 
қойылған 
компаундты 
қатайтқаннан кейін кабельдер жалғанатын учаскеде түзілетін 
эпоксидті корпус эпоксидным корпуспен (СЭс). 
6 және 10 кВ кернеуінде кабельдерді біріктіру үшін СЭп, СЭв 
және СЭм эпоксидті жалғастырғыштар, ал 1 кВ дейінгі кернеуде-СЭс 
жалғастырғыштары қолданылады. 
СЭс жалғастырғыштары үшін зауыттарда қуыс метал корпустар 
әзірленеді, олар эпоксидті компаундтпен монтаж орнында 
құйылады, ол эпоксидті –анилин шайыр, пластификаторлар мен 
толтырғышы қосылған, ЭД-5 маркалы эпоксидті шайырлардан 
тұрады.
Пластификаторлар мен толтырғыштар шайырдың жылуға 
төзімділігін, иілімділігін, механикалық беріктілігін арттырады және 
мыс, алюминий және қорғасынның кеңею коэффицентіне жуық 
мәнге дейін, компаундтың температуралық коэффиценті төмендейді, 
кабельдерді қосу кезінде көбіне компаундпен жанасады. ЭД-5 
маркалы эпоксидті шайырларға арналған пластификаторлар ретінде 
МГФ-9 маркалы полиэфирді, ал толтырғыштар ретінде-КҚ-2 
маркалы кварцтелген таза сілтісіз құмды немесе КҚ-3 маркалы одан 
ылғал мен органикалық қоспаны кетіру үшін 700... 800°С кезінде 
түйрелген жұқа шайырды қолданады. Қатайту үдерісін жеделдету 
үшін шайырды қатайтқышқа енгізеді. 
Жалғастырғыштың жартысын құяр алдында қосатын жерде
жұмсақ сыммен бекітеді және олардың арасына, эпоксидті компаунд 
ағып кетпеу үшін ермексаз жағады. Оны ені 10..15 мм, онша биік 
емес үздіксіз ағыншамен, жалғастырғышты балғаның ағаш сабымен 
ақырын қаға отырып, бетіне газ көпіршіктерін шығару үшін баяу 
құяды. 
20 °С температурада компаундтың қатаюы, шамамен құйғаннан 
кейін 12 сағат ішінде (қолмен ұстап тексеріледі) жүреді. Қоршаған 
орта температурасы жоғары немесе төмен болған жағдайдақатаю 
уақыты сәйкесінше кемиді немесе өседі. 
Эпоксидті компаунд монтаждау нысанында, оған тенгізілген 
толтырғышпен буып-түйілген түрде жеткізіледі. Қатайтқыш 
жалғастырғыштар мен бітеулерді монтаждау орнында тікелей 
енгізіледі. Құяр алдында енгізілген қатайтқышы бар компаунд 
мұқият араластырылады және ауаны шығару үшін 10.15 мин ішінде 
тұндырылады. Қатайтқышқа енгізілгеннен кейін компаунд қоршаған 
орта температурасы 0...10°С 0,5.1 с. ішінде, 1,5 с — 11.20 °С және 2 
с — 21.35 °С қолдануға жарамды. 
Компаундты қалыпқа құю және орналастыру кезінде сақтық 
шараларын сақтаған жөн. Компаунд құрамына кіретін химиялық 
заттар полимерлеу аяқталғанға дейін уытты және жұмыс істеушінің 
көзі және басқа да дене мүшелеріне қауіпті, себебі тітіркену және 
қабынуды тудыруы мүмкін. 


332 
Рис. 10.9. Соединительные эпоксидные 
кабельные муфты: 
а
- СЭп; 6 - СЭв; в - СЭм; г - СЭс; 1 - корпус муфты; 
2 - распорка; 3 - подмотка жилы; 4 - бандаж из 
проволоки; 5 - провод заземления; 6 - соединение 
жил; 7 - бандаж из суровых ниток; 8 - 
герметизирующая подмотка; 9 - экран корпуса; 10 - 
свинцовая манжета 
Компаундтар — шайыр 
мен 
битумнан 
әзірленген 
электр 
оқшаулау 
құрам. 
Бастапқыда олар сұйық күйде 
болады, 
бірақ 
біртіндеп 
қатайып, монолитті қатты 
диэлектрикке айналады. 
Лактар мен эмальден 
айырмашылығы,
компаундтардың құрамында 
ұшатын еріткіштер (ұшып, 
бетіне өтпелі қуыстар мен 
капиллярлар түзеді) жоқ, бұл 
олардың қатайғаннан кейінгі 
монолиттілігін 
қамтамасыз 
етеді.
Өз қолданысына қарай 
компаундтар 
сіңірілетін, 
құятын және жағатын болып 
бөлінеді. 
сіңіретін 
компаундтар 
электр 
машиналары 
мен 
аппараттар орамын, орам 
шиыршығын цементтеу және 
оларды 
ылғалдан 
қорғау
мақсатында 
сіңіру 
үшін 
қолданылады; 
құятын- 
кабельді 
жалғастырғыштар 
мен құйғыштарда, сонымен 
бірге 
электр 
қозғалтқыштарының 
корпусында, ток трансформаторларында және дроссельдегі қуыстарды құю 
үшін (бос кеңістіктерді) және т.б. Қатайтқышы бар (фталь және малеин 
қышқылы бар ангидридтермен) қандай да бір эпоксидті шайырды 
көрсететін компаундтар кеңінен қолданылады. Олар металға, керамикаға, 
пластмасса және ораманың талшықты оқшауына жақсы жабысуымен 
(адгезия) ерекшеленеді; аса жоғары механикалық беріктілігімен және аз 
көлемді шөгуге ие (0,5... 1,5 %). Қолданылатын қатайтқышқа байланысты
эпоксидті компаундтар сұйық күйден жоғары температурада (120... 135 °С) 
немесе бөлме температурасында қатты күйге ауыса алады. Егер сұйық 
эпоксидті шайырды фталь немесе малеин қышқыл ангидридіне енгізген 
кезде, компаундтар қатаюы 120... 140 °С температурада, 4.10 с. ішінде, 
гексаметилендиаминді 
және 
басқа 
да 
эпоксидті 
компаундарды 
қатайтқыштарды қолдану кезінде қатайту 20...24 с. ішінде бөлме 
температурасында жүзеге асырырылады және суық қатайту компаундтары 
деп аталады. Қатайған эпоксидті компаунд салыстырмалы түрдешамалы 
сызықтық кеңею коэффицентіне ие монолитті білдіреді. (6х 10
-5
1 /°С). 
Эпоксидті компаундтардың сынғыштығын азайту үшін оған 


333 
пластифкаторлар-синтетикалық май тәрізді сұйықтықтар (дибутилф- 
талат, полиэфирлер және т.б.), ал жылу өткізгіштік коэффицентін 
арттыру және мезаникалық сипаттамаларын – минералды 
толтырғыштарды (шаң тәрізді кварц, ұнтақталған тальк және т.б.) 
жақсарту үшін қосылады. Толтырғышты қосу сұйық компаундтың 
аққыштығын азайтуға септігін тигізеді, сондықтан да толтырғышы 
бар компаундтарды көп металбөліктерінің үлкен қуыстарына құю 
үшін қолданады. 
Шойын 
эпоксидті 
біріктіретін 
жалғастырғыштармен 
салыстырғанда олардың келесідей артықшылықтары бар: бағасы 
анағұрлым төмен, мөлшері мен массасы ашағын, оларды дайындау 
және монтаждауға көп еңбек жұмсалмайды, сонымен бірге 
компаундтың металдармен жақсы жалғануының арқасында, олар 
кабельдерді саңылаусыздандыру үдерісін оңайлатады. 
6, 10 кВ және одан да жоғары вольтті кернеуге есептелген, 
кабельдерді жалғау үшін, қорғасын жалғастырғыштар қолданылады. 
Оларды сәйкес диаметрі бар қорғасын құбырларынан, монтаждау 
барысында өңдеу арқылы әзірлейді. 
Біріктіретін қорғасын жалғастырғыштар БҚ әріптерімен және 
олар кабель диаметрін көрсететін сандармен белгіленеді, олар соған 
есептелген және алты үлгі өлшемдерде беріледі (БҚ-60, БҚ -70, БҚ -
80, БҚ -90, БҚ -100 және БҚ -110). Үлгі өлшемдер, сонымен бірге 
белгілі жұмыс кернеуінде аталған жалғастырғышқа жалғауға рұқсат 
етілетін кабель тарамдарының қима ауқымымен анықталады. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау