Технологиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет89/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі бақылау сұрақтары 
I.
1
. Кабель дегеніміз не? 
2.
Сым дегеніміз не? 
3.
Сіз қандай оқшаулағышты кабельдерді білесіз? 
II.
1. Сымдарды бөлу көлемдері неге байланысты? 
2.
Сымдарды бөлгендегі негізгі талап қандай? 
3.
Бөлу кезінде қандай құралдар қолданылады? 
III.
1. Сымды бөлу тәртібін түсіндіріңіз. 
2.
Кабельді бөлу тәртібін түсіндіріңіз. 
3.
Жерге тұйықталатын сым қалай монтаждалады? 
 
Сымдар мен кабельдерді қосу және ұштау 
Оқшауланған сымдардың мыс және алюминий тарамдарын қосу ұштау 
бірнеше әдіспен жүргізіледі: престеумен, дәнекерлеумен (термитті, 
электрлік, байланыстық қыздыру, газдық), пісірумен, механикалық 
қысумен. Престеу ең арзан және сенімді ретінде кеңінен қолданылады.
Пісіру арқылы қосу және ұштауды қазіргі уақытта сирек қолданады, 
себебі пісіру қосылудың сенімділігін қамтамасыз еткенімен, бірақ көп 
еңбекті қажет етеді және түсті металдардың едәуір шығынын қажет етеді. 
Алюминий 
тарамдарын 
байланыстық 
қыздырумен 
пісіру 
қарапайымдылықпен, сенімді байланыстың пайда болуымен ерекшеленеді, 
бірақ электр энергиясының болуын қажет етеді. Термиттік дәнекерлеу 
болашақты болып табылады, ол үлкен жабдықты қолдануды қажет етпейді 
және технологиялық жағынан күрделі емес. Қосу, бөлу және ұштау әдісін 
таңдау тарамдардың материалына, олардың қимасына, есептік кернеу 
әдісін таңдауға байланысты және жабдықтар мен материалдардың 
болуымен анықталады. 
Престеуді
сымдардың мыс, сондай-ақ алюминий тарамдарын қосу 
және ұштау үшін қолданады. Алайда алюминий тарамдарын престеу 
кейбір ерекшеліктерге ие, себебі оларда және гильзалардың ішкі бетінде, 
сонымен қатар ұштың цилиндрлік бөлігінде оксидті пленканың болуы 
қосылатын элементтердің мұқият тазартылуын және байланыс құру 


206 
үдерісінде, сондай-ақ пайдалану кезінде оларды әрі қарай тотығудан 
қорғаудың арнайы құралдарын қажет етеді. 
Байланыс беттердің қорғаныс құралы ретінде техникалық вазелиннен 
және арнайы тартылған кварцтық құмнан тұратын кварцтық-вазелинді 
паста қызмет етеді. Престеу кезінде кварцтың қатты бөлшектері тотықты 
пленканы бұзып, сенімді нүктелік байланыстардың түзілуіне ықпал етеді, 
ал вазелин олардың тотығуына кедергі болады. 
Престеуді дайындау алдында оқшаулау қалдықтарынан тазартылған 
алюминий тарамды кварцтық-вазелинді пастамен жабады, оны металл 
қылшықпен тазартады, лас майды шүберекпен алып, тазасын жағады. 
Қолданылатын ұштықтар мен гильзалардың түтікшелі бөлігін де пастамен 
толтырады.
Гильзаның мыс ұштықтары, сонымен қатар сымдар мен кабельдердің 
тарамдарын металды жалтырға дейін тазарту жеткілікті.
Престеудің үш түрі бар: жергілікті қысу, тұтас (көпқырлы) қысу және 
үйлестірілген қысу. Жергілікті қысу кезінде түзілетін қуыстар тарамды 
өзара престелетін болуы тиіс. 
Сым тарамдарын қосу және аяқтама кезінде, келесілерді престеумен 
қамтамасыз ету қажет: 
байланыс беттерінің тазалығын сақтау; 
қажет етілетін байланысьық қысым; 
қысуды қажетті көлемге дейін жеткізу; 
нұсқау бойынша белгіленген престеу тереңдігін; 
матрицаларды, пуансондарды, ұштықтарды немесе қосу гильзаларын 
дұрыс таңдау; 
қысу орындарында пайда болатын қуыстардың дұрыс орналасуы. 
Қажет етілетін байланыстық кернеу тарам қимасы мен маркасына 
сәйкес престеуге арналған құрылғыны дұрыс таңдаумен қамтамасыз 
етіледі (пуансон және матрица), ал престеуден кейін оның қысу тереңдігін 
өлшеумен тексеру және нұсқаулықта келтірілген мәнмен алынған мәнді 
салыстырумен қамтамасыз етіледі. 
Ұштықтар мен гильзалар да тарамның қимасы мен түріне байланысты 
таңдалады. Қысу орындарында пайда болатын қуыстардың дұрыс 
орналасуы және олардың арасындағы қашықтық арнайы кестелермен 
анықталады. Қимасы 2,5 нан 10 мм

дейін тарамдармен бірсымды 
алюминий сымдарының қосылулары мен жауапты бөлінулері ГАО 
сериялы гильзаларда жүргізіледі, бұл ретте қосылатын сымдардың 
тарамдарының жиынтық қимасы 32,5 мм
2
. Гильзаларды престеу оларды 
тарамдармен бір жақты толтыру кезінде және қос қысумен – екі жақты 
толтыру кезінде орындалады. Қимасы 10 мм

асатын сымдарын ұштау 
және қосу үшін ГА сериялы гильзалар мен ТА және ТАМ сериялы 
ұштықтар қолданылады. 
Алюминий тарамдарын престеу ұштықтың түтікшелі бөлігімен және 
төрт гильзамен қысу арқылы жүргізіледі (гильзаға салынған әр тарамның 
екі қысуы). Мыс тарамдарды бір қысумен ұштықта және екі рет қысумен 


207 
қосу гильзасында престейді. Тарамдардың қимасы мен құрылымына 
сәйкес келмейтін ұштықтарды қолдануға тыйым салынады. Алюминий 
ұштығының алюминий гильзасы мен цилиндрлік бөлігінің ұзындығы мыс 
гильза мен ұштығынан әдетте үлкен. Екі тісті құралмен екі қысу бір 
орындалуда, ал төртеуі – екі қысумен орындалады.
Престеуді қол қысқыштарымен, сонымен қатар механикалық, 
пиротехникалық және гидравликалық престермен, ауыспалы матрицалар 
мен пуансандарды қолданумен жүргізеді. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау