33
оқшаулағышты сымға жаққанда және оқшаулау құбыршектері мен түтіктерін
шығарғанда). Сымдар мен кабельдерді сәулеленген полиэтиленмен оқшаулау
қыздыруға жоғары тұрақтылығымен (100 °С дейін) және механикалық
беріктігімен сипатталады.
Поливинилхлорид
ақ түсті ұнтақ түрінде болады,
одан тығыздау немесе
ыстықтай сығу арқылы механикалық берік бұйымдар (платалар, құбырлар
және т.б.) алады, олар минералды майлардың және басқа да еріткіштердің,
сілтілер мен қышқылдардың әсеріне тұрақты болып табылады. Ұнтақ тәрізді
поливинилхлоридті ыстықтай тығыздау арқылы қатты материал - винип-
ластты беттер түрінде, пластиналар мен түтіктер, өзектер түрінде алады,
олардың механикалық беріктігі жоғары және электрлік оқшаулағыш
қасиеттері жақсы болады.
Кабельдерді сіңірілген қағазбен оқшаулауды
біртіндеп пластмассамен
оқшаулау ығыстырып келеді, ол да жоғары диэлектрлік қасиеттер көрсетеді,
дегенмен оның ылғалға тұрақтылығы және ылғалды өткізбеуі төмен болады.
Кабельдер қабықшалары қорғасын, алюминий,
резина және пластмасса
болуы мүмкін. Олар тоқ өткізгіш тарамдардың оқшаулануын жарық, ылғал,
химиялық заттар және басқа да қоршаған орта факторларының әсерінен,
механикалық бүлінуден қорғайды.
Кабельдердің қорғаныштық жабындары олардың тиімділігі мен пайдалану
барысындағы ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Осы шарттарға
тәуелді кабельдер брондалмаған немесе болат таспалармен брондалған болуы,
сонымен қатар, тік бұрышты немесе шеңберді мырышпен қапталған сымдар
түрінде болуы мүмкін.
Кабель броні сыртынан қалыпты сыртқы жабын қағаздан, битумды құрам
қабаты немесе битумнан жасалуы мүмкін.
Қағазбен оқшауланған төрт тарамды күш кабелі 3.1 суретте берілген.
Кабельдер маркаларында келесі белгілеулер қолданылады: қабықша – С
(қорғасын), А – алюминий, Н – жанбайтын резина, В – поливинилхлорид,
қорғаныштық жабын – Б (таспадан бронь), П –
тегіс сымнан бронь, сыртқы
жабынның болмауы – Г (жалаңаш), сонымен қатар, басқа құрылым
элементтері әріптермен беріледі.
1, 4
— жабын және ішкі қабықтар;
2
— бронь;
3
— жастықша;
5 — белдеулік қағаз оқшаулау;
6
— тарамды оқшаулау; 7 — нөлдік тарам;
8
— тоқ өткізгіш
тарам
Достарыңызбен бөлісу: