Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Сығымдалған ауаны беруді басқаратын пневматика аппаратуралар



жүктеу 16,32 Mb.
бет47/147
Дата16.02.2018
өлшемі16,32 Mb.
#9979
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147

3.5.3 Сығымдалған ауаны беруді басқаратын пневматика аппаратуралар. Машина жасау зауыттарында қысымды ауа сығымдағыш станцияда дайындалып құбыржолмен цехтің пневматика желісіне жеткізіледі. Цехтің пневматика желісінде сығымдалған ауаның қысымы 0,3 – 0.6 МПа. Цехтің пневматика желісінен сығымдалған ауа жұмыс орындарға таратылады. Ауа пневоцилиндрге не басқа жетек түріне берілер алдында ол механикалық кірмелерден және ылғалдан тазартылып, маймен байытылады. Ауаны осындай дайындықтан өткізуге және пневатика жетектің механизмдерінің жылдамдығын реттеу үшін зауыттарда сериялы жасалып шығарылатын аппаратура қолданылады.

Аталған аппаратура атқаратын міндеттеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:

1) пневматикалық жетектерді жұмысқа қосу, кері қимылдау және тоқтату аппаратура; таратқыш шүмектер – бір, екі не көп жүрісті, қолмен не арақашықтықта басқарылатын реттығындар;

2) цилиндрдің жұмыс қуысында қысымды реттейтін аппаратура – қысым реттегіштер;

3) пневматика жетектердің қозғалу жылдамдығын басқаратын аппаратура; кедергіш – инелік не саңылаулы;

4) пневматика цилиндрге не диафрагма қуысқа сығымдалған ауаны берер алдында оны дайындайтын аппаратура: ылғалбөлгіш, сүзгі, олар ылғалдан және механикалық кірмелерден тазартады, майшашыратқыш, ол ауаны маймен байытады.



КВ – ақырғы тоқтатқыш; ЭМ – элетромагнит
3.17-сурет – Пневмоцилиндрді электромагнит реттығын мен басқарылу сұлбасы
Электромагнитті реттығын арқылы сығымдалған ауа поршеннің сол не оң қуыстарына таратылып беріледі, сонда сығымдалған ауа берілмейтін қуыс сыртқы ауамен қосылады.

3.5.4 Гидрожетектер. Гидрожетек ретінде көбінде гидроцилиндрлер қолданылады. Гидрожетектерде жұмыс сұйықтық ретінде сапалы майлар қолданылады, олар индустриалды 12.20. 30, үршық майын турбина майы. Сұйықтың қысымы пневможетектердің қысымынан едәуір жоғары 6-15 МПа. Майларды қосымшалардан тазартуға сүзгіштер пайдаланылады, олар тор, киіз, фетр, қағаз және тілімше сүзгі. Сұйықты қысуға тілімшекті, тістегерішті, аксиаль-поршеньді және басқадай сорғыштар пайдаланылады. Гидроцилиндрлерде дөңгелек сақина тәрізді қымтағыштар қолданылады. Гидроцилиндрлердің құрылымдары пневмоцилиндрлерге ұқсас. Гидроцилиндрлердің тиімділік жері: пневмоцилиндрлермен салыстырса бірдей габариттік өлшемдерде гидроцилиндрлердің беру күштері көп артады; гидроцилиндрдің поршенінің жүрісі жатық және қозғалысы біркелкі; қысу күшпен поршеннің қозғалу жылдамдығы сатысыз реттеледі. Гидроцилиндрлердің тиімсіздк жері: пневмоцилиндрлермен салыстырса гидроцилиндрлерді жасап шығару қиын; жекеше сорғы қондырғының қажеттігі, егер білдекте гидрожүйе болса, онда айлабұйым сол жүйеге қосылады; пневмоцилиндрден гидроцилиндрдің тезәрекеттігі төмен. Гидроцилиндрлердің құрылымы және негізгі өлшемдері стандартталған.

3.5.5 Құрама күш құрылғылар. Құрама күш құрылғылар әдетте пневмогидравликалы, механогидравликалы, механопневматикалы жасалады.


3.18-сурет – Пневмогидравликалы құрама күш құрылғының сұлбасы
Ауа 1 бөлмешікке рв қысыммен келеді, соташық 3 қозғалады, сондықтан 4 бөлмешіктегі сұйық рж қысымға дейін сығымдалады, соның әрекетімен 5 поршеньнің соташығында Q2 күш пайда болады. Сұйықтың қысымын осы жүйенің тепе-теңдік шартынан есептеуге болады

. (3.36)
Осыдан

рж = рв . (3.37)
Сұйық қысымды жанжаққа біркелкі тарататын әрекетіне байланысты соташықта пайда болған Q2 күштің мөлшері мына формуламен есептеледі

Q2 = рж2 , (3.38)
Q1 = , (3.39)
мұндағы - пайдалы әсер коэффициенті, бұл коэффициент ауаның жылыстауын және үйкеліс шығынын есепке алады, – 0,9.

Құрама күш құрылғыларының артық жері:

1) жұмыс атқару қабілетінің жеткілікті дәрежедегі сенімділігі;

2) құрылымының жабайылығы және арзандығы;

3) тиісті дәрежедегі әмбебаптығы.


жүктеу 16,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау