К3 коэффициентімен үзбелі кесу кезінде кесу күштерінің үлкеюі ескеріледі. Жону мен бүйірлік жонғылау кезінде К3=1,2. Қалған жағдайларда К3=1,0. К4 коэффициентімен дамитын күштердің тұрақтылығы жағынан қыспақты айлабұйым сипатталады. Қол қыспақтары үшін К4=1,2, ал пневматикалық, гидравликалық және тура әрекеттегі басқа қыспақтар үшін К4=1,0. Егер дайындаманың шақтамасы мен өлшемі қысу күшіне әсер етсе, ал бұл пневмокамералар мен қаңылтақты қысқыларды пайдалану кезінде болады, К4=1,2.
2 мысал. Цилиндрлік дайындамада тесік бұрғыланады (А.1- сурет). Қыспақтың есептеу күшін табу.
Қыспақ Р
А.1-сурет
Мұндай базалау сұлбасы үш тірек пен призмамен іске асырылады. Призма бұрышы α. Күштердің әрекет ету сұлбасы үш координатты жазықтықта (А.2-сурет) құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |