Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Күз мезгілі мен қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата.
Қандай орман аңдарын білесіңдер?
Неге орман аңдары деп атайды?
Жарайсыңдар ,балалар.Балалар біреу терезе қағып жатқан сияқты ма?(құстың даусын қосу)
Хаттың кімнен келгенін білгілерің келе ме?
Ендеше сендер дайын болыңдар ,жұмбақты шешуге.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Аузы бейне шалғы –орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады.
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
Ағаштан ағашқа секіреді,
Саңырауқұлақты кептіреді.
Жарайсыңдар балалар жұмбақты шештіңдер.Хат орманда тұратын досатарымыз орман аңдарынан екен.Олар орманда тату-тәтті тұрыпты ,бірақ қыс келетінін естерінен шығарып алыпты,боран мен қар жауып тұр,біз тон тігуді ұмытып кетіппіз,бізге көмектесіңдерші депті,сендер мейірімді балаларсыңдар аңдарға көмектесеміз бе?
Орманда өзімізді қалай ұстаймыз?
Сергіту сәті:
Ендеше көздеріңді жұмып менімен бірге қайталаймыз.
1,2,3 өз-өзіңді айналып,
Сиқырлы орманға тап болайық.
Балалар біз сиқырлы орманға тап болдық,не көріп тұрсыңдар?(Қысқы орман тақтада)
(слайд арқылы қарау және суреттері үстелде жатады)
Оларға жылы тонды қайдан аламыз?
Балалар орманда дүкен жоқ қой,бірақ біздің сиқырлы орманымызда тігін шеберханасы бар ,мен сендерге тігінші болуларыңды сұраймын ,орман аңдарына әр түрлі дәнді-дақылдардан тон тігіп берулеріңе болады.Қандай тарыларды көріп тұрсыңдар?
Жеке жұмыстар;
Сен ненің суретін алдың,оған қандай тарыдан тон тігіп бересің?
Практикалық жұмыс;
Жарайсыңдар балалар,біз сендермен әдемі тон жасадық,аңдарымыз тондарын өлшей берсін ,біз сендермен ойын ойнайық.
Д/о:«Сөзді аяқта»
-Қыста қоянның тоны ақ, ал жазда.....
-Қоянның құйрығы қысқа, ал құлағы.....
-Тиіннің артқы аяғы ұзын, ал алдыңғы.....
-Кірпі кішкентай, ал аю.....
-Қоянның жүні мамықтай , ал кірпінікі......
-Тиіннің құйрығы ұзын, ал қояндікі.....
-Түлкінің терісі жұмсақ, ал қасқырдікі.....
Жарайсыңдар ,балалар ал енді аңдар туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Жарайсыңдар ,ал енді аңдарымыз тондарын ұнатты ма екен қарайықшы.
Біз аңдарымызға тон жасап бердік ,енде біз олар туралы не білеміз ?
Тақтамен жұмыс жасайды(флипчарт арқылы көрсету)
Жарайсыңдар,балалар біз орман аңдарына көмектестік енді олар тонбайтын болды,енді тобымызға қайтайық,сиқырлы сөзімізді есімізге түсірейік.
1,2,3 өз-өзіңді айналып,
Топқа біз оралайық
|
Күз мезгілі өзінің әр түрлілігімен ұнайды,бірде жылы ,бірде жаңбырлы,бірде өте суықтығымен,жеміс-жидектер,егін піседі.
Қоян,қасқыр,аю,тиін,түлкі.
Өйткені олар орманда өмір сүреді,тамақтарын өздері тауып жейді,үйлерін өздері жасайды.
.
Орманнан суықторғай ұшып келіпті,тұмсығында хат бар екен.
Аю
Қасқыр
Қоян
Тиін
Балалар орман аңдарына көмектесуге баратындықтарын айтады.
Айғайламай ақырын сөйлеу керек,ағаштарды сындырмай ,қоқыс тастамау керек.
Іс-қимылмен көрсету.
Қояндар,аюлар,қасқырлар.тиіндер.
Дүкеннен
Манный ,қарақұмық,тары,арпа.
Мен аюға –қарақұмықтан тон жасаймын.Мен қоянға манны тарысынан тон жасаймын.
Мен тиінге тарыдан тон жасаймын(ячка)
Мен қасқырға арпадан тон жасаймын.
Балалар қағаз картонда бейнеленген аңдарға желім жағып,таңдаған дәнді-дақылдардан тон жасайды.
.
Сұр
Ұзын
Қысқа
Үлкен
Тікенек
Қысқа
Қатты
Мен қасқырмын,қасқырмын
Аң ішінде асқармын.
Талай қойды бауыздап,
Үйге әкеліп асқанмын.
Мен қоянмын,қоянмын
Жорыққа түнде жортамын.
Қалдырмаймын ізімді,
Өйткені күндіз қорқамын.
Менің атым –аю,
Оңай маған баю.
Мал ішінде жүремін,
Балды иісінен білемін.
Мен тиінмін,тиінмін
Әдемі менің киімім,
Ағаштан ағашқа секіремін,
Саңырауқұлақ жинап кептіремін.
Қарайды
Тиін ағаштың діңіндегі үйіне жаңғақты,саңырауқұлақты жинап кептіріп,қысқа дайындалады.
Аю болса жаз бойы шөппен,жеміс-жидектермен,балмен қоректеніп ,қыс бойы апанында ұйықтайды.
Ал қоян болса түлеп,сұр шапанын,ақ шапанға ауыстырады,себебі ақ қардан ол көрінбейді.жазда шөппен,қыста жас бұтақтармен қоректенеді.
Ал қасқыр болса өзіне азық іздеп жорықта жүреді.
Қимылмен көрсету
|
Рефлексивті-коррекциялау
|
Балалар сендерге орманда ұнады ма?
Не сендердің естеріңде қалды?
Кәне бәріміз қуанышымызды қонақтармен бөлісейік.
|
Жауаптары
|
Күтілетін нәтиже:
Әр жануардың тіршілігі туралы білу.
Немен қоректенетіндері ,қайда тіршілік жасайтындары туралы өз ойлары болуы.
Табиғат аясында өздерін дұрыс ұстай алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |