бірге білім алғанын қалайды. Осы орайда елімізде инклюзивті білім
беру технологиясы енгізіліп отыр.
Инклюзивті оқыту технологиясы тек қана дамуында кемшілігі
бар балаларды оқытумен ғана шектелмейд, сонымен қатар барлық
білім беру жүйесіне енгізіліп отырған ерекше оқыту әдісі болып
табылады.
Инклюзивті оқытудағы әлеуметтік педагогтың міндеті мүмкіндігі
шектеулі баланың өз құрдастарымен тең құқықта білім ала алуына
жағдай туғызу болып саналады. Бұл бағыттағы әлеуметтік педагогтың
іс-әрекеті бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады:
Біріншіден, мүгедек балаға жеке дара(индивидуалды) көмек
көрсету. Бұл жерде әлеуметтік педагог диагност психологпен бірге
жұмыс атқарады. Арнайы диагностиканың нәтижесінде баланың
ақыл-ой дәрежесін, моральдық қалпын, мінез-құлық деңгейін,
сонымен қатар жақын аралық дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
Және әлеуметтік педагог сынып жетекшісімен бірігіп, ерекше мінез-
құлықты баланы мектепшілік іс-шараларға, мереке, жарыстарға
бағыттауы тиіс. Бұл баланы мейірімділік, шыдамдылық, белсенділік
сияқты қасиеттерге үйретеді.
Екіншіден, сынып ұжымымымен атқарылатын жұмыс. Бұл
бағытта әлеуметтік педагог мектеп психологымен және сынып
жетекшісімен бірігіп жұмыс жасайды. Олардың мақсаты мектеп
оқушыларына дамуында ауытқуы бар баланың өз қатарластарымен
тең құқықты екенін ұғындыру.
Үшіншіден, мүгедек баланың отбасымен атқарылатын жұмыс.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты ерекше мінез-құлықты баланың
отбасына психологиялық көмек көрсету, арнайы психологиялық кеңес
беру, материалдық-тұрмыстық жағдайын жасауға үлес қосу, әртүрлі
әлеуметтік көмек көрсету орталықтармен тығыз байланыста болу
болып табылады.
Төртіншіден, әлеуметтік педагогтың қоғамдық орындармен
бірігіп жасалатын көмегі. Берілген бағытта әлеуметтік педагог
әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялық жоспар құрып, әртүрлі
мамандармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, дамуында
кемшілігі бар балалардың проблемасын шешуге ат салысады.
Норма – медицинада, психологияда, әлеуметтануда және т.б.
ғылымдарда кеңінен қолданылады. Адам нормасы барлық қоғамға
бірдей қалыптаса алмайды. Себебі олардың өзіндік ұлттық ерекшелігі
бар және олар әр кезеңге сай өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы
АҚШ-та 2 дүние жүзілік соғыс кезінде 2-3, 10 жылдың шамасында
темекі шегу қалыпты құбылыс болады. Ал қазіргі уақытта салауатты
өмір салты кеңінен насихатталып жатқан кезде темекі шегу жаман
қасиетке айналады.
Демократиялық қоғамдық тұлғаның әрекетінің қалыпсыз
қасиетіне төзіммен қарайды. Ал тоталитарлы режим адамды – төрт
қатал қадағалауға алады. (медицинада, психологияда, социологияда).
Норманың өзінің көрсеткіштері; нормасының сипаттамасы бар.
Әлеуметтік педагог үшін норма мен ауытқу сөздері өте маңызды,
олар баланың дарындылығымен әлеуметтік тәртіп процесін сипаттау
үшін қолданылады. Ауытқулар жағымсыз және жағымды болады.
Мысалы: Бала дамуындағы ауытқу ақыл-ой кемістігімен
дарындылық
Тәртіптегі қылмыс алкогализм, нашақорлық секілді, теріс
ауытқулар адамның әлеуметтік қалыптастыру процесіне және
қоғамның жалпы дамуына теріс әсерін тигізеді.
Ауытқу түрлері
Нормадан ауытқудың 4 топқа бөлуге болады.
1. Физиологиялық ауытқу.
2. Педагогикалық ауытқу.
3. Әлеуметтік ауытқу.
4. Психологиялық ауытқу.
Физиологиялық
ауытқулар
–
ең
алдымен
адамның
денсаулығына байланысты және медициналық көрсеткіштерін
анықтайды. Медицинада әрбір жас және жыныс топтың балаларының
олардың денсаулығын көрсетін көрсеткіштері бар. Нақты бұл идеалды
көрсеткіштер. Сонда бұған сай келетін баланы табу өте қиын.
Денсаулығында ауытқулар не тұқымқуалаушылық әсерін сыртқы
жағдайлар
әсерін
экологиялық
жағдай
ауыз
сапасының
қанағаттандырмауы, отбасы өмірінің деңгейінің төмендеуіне
байланысты.
Физиологиялық кемістіктер адам ағзасының бір мүшесінің
дамуындағы қалыпта немесе уақытша кемістіктер немесе созылмалы
соматикалық (бұлшықет) немесе жұқпалы ауру.
Психологиялық кемістіктер – адамның психологиялық
дамуындағы немесе уақытша кемістіктер, яғни сөйлеудің бұзылуы,
психологиялық мидың зақымдануы ақыл-ой дамуының бұзылуы
психологиялық дамуының тежелуі.
Кемістіктер екіге бөлінеді:
Ауыр психологиялық – балада белгілі ешқандай нәрсе үйрене
алмауы мен білім ала алмауы.
Қиын психологиялық – физиологиялық психологиялық
кемістіктер.
Баланың физиологиялық дамуындағы ауытқулар ауру көру, есту,
тірек қимыл аппараттарының бұзылуы.
Нормадан психологиялық жағынан ауытқу ең алдымен баланың
ақыл-ой дамуын оның психологиялық кемістіктерімен байланысты.
Ауытқушылықтың бір тобына ең алдымен психолгиялық
дамудың тежелуінен ақыл-ой кемістігі немесе олигофрония (грек ауд.
олигос – аз, фринг. -ақыл) ақыл-ой кемістігі жан-жақты туа пайда
болған кемістігіне байланысты немесе ауруының соққының және
басқа себептердің нәтижесі болуы мүмкін.
Ақыл-ой кемістігінің 3 дәрежесі бар
1. Дебильдік ең жеңіл түрі
2. Имбицильдік ақыл-орташа түрі
3. Идиотио бұлар ешнәрсе түсіне алмайды
Ауытқудың ерекше түрі болар-дарындылығы. Бұл қандайда бір
іс-әрекеттің табысты орындауды қамтамасыз ететін қабілетінің өзіндік
үйлесімі.
Қабілетті іс – әрекеттің кейбір жиынтығын меңгерудің шамасы
көрсететін тұлғаның сипаттамасы.
Дарындылық дарын шамасы – жаңашылдықпен стандартсыздық
пен бірегейлігімен және басқада көрсеткіштермен ерекше іс-әрекеттің
өніммен анықталады.
Физиологиялық және психологиялық кемістіктерді –
диагностикалық үшін тұрақты ведомст аралық психологиялық медико
педагогикалық комиссия құрылады.
Комиссияның міндеттері:
-
Балада
ертеректен
психологиялық,
медициналық,
педагогикалық зерттеуден өткізу.
- Баланың білім алу құқығын қанағаттандыру;
- Ата-анаға кеңес беру.
Комиссия мүшелері: психолог, дәрігер–психолог, невролог,
ортопед, окулист, терапевт, педиатор, физиотерапевт, логопед,
педагог сурдопедагог, тифлопедагог – соқыр бала, әлеуметтік педагог,
заңгер.
Бүгінгі таңда адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін оған
берілген мүмкіндіктерді толық пайдаланылуын, оның психикалық
даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-
құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу
қажет.
Үлкендер
балалармен дұрыс қарым-қатынас
жасай
алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада
елестету, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-
құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |