Технологиялар



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет18/31
Дата24.12.2019
өлшемі0,97 Mb.
#24799
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

 

кiтапханасындағы  балалардың  оқырман  карточкесiмен  танысу 

олардың қызығу өрiсiнен хабар бередi. Үй тапсырма дәптерлерiн көре 

отырып,  зерттеушi  баланың  үйге  берiлген  жұмыстарды  орындауға 

деген  қатынасын  байқайды.  Белгiлi  бiр  тақырыпта  еркiн  шығарма 

жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға 

көзқарасын болжауы мүмкiн және т.б.  

Педагогикалық  эксперимент.  Бұл  арнайы  ұйымдастырылып, 

алдын-ала  зерттеу  мақсаты  белгiленген  мұғалiм  мен  оқушылардың 

педагогикалық  iс-әрекетi.  Бұл  сипаттағы  эксперименттер  әртүрлi: 

жетiскен  бiлiм  деңгейiн  анықтау,  дамытып  қайта  жасау,  бақылау 

эксперименттерi.  

Жетiскен  бiлiм  деңгейiн  анықтау  эксперименттi  -  зерттеу 

жұмыстарының  бастапқы  сатысы  болып,  зерттелiнуi  тиiс.  Ол 

проблеманың  жалпы  жағдайымен  танысуға  негiз  болады.  Мысалға, 

егер  оқу  жұмысы  барысындағы  шәкiрттердiң  өзiн  бақылауы 

зерттелiнуi  қажет  болса,  осы  эксперимент  арқылы  және  басқа 

әдiстердi  (әңгiмелесу,  анкета)  қолдана  отырып,  ғалым-оқушылардың 

өзiндiк бақылау әдiстерiн қаншалықты бiлетiнiн анықтайды. Нәтижеде 

оқушылардың өз оқу жұмысына өзiндiк бақылауының  мүмкiндiктерi 

жөнiнде қорытынды жасайды. 

Егер  зерттеушi  бұл  проблеманың  мектепiсiнде  керi  сипатқа  ие 

болғанын анықтаса, ол зерттеудi одан әрi жалғастырып, дамыту-қайта 

жасау  экспериментiне  кiрiседi,  яғни  алдын-ала  түзiлген  жоспар 

бойынша  оқушылардың  бiлiм  игеру  тәжiрибесiнде  өзiндiк 

бақылаудың  тиiмдi  тәсiлдерiн  ендiредi.  Егер  нәтиже  ұнамды  болып 

шықса,  алынған  көрсеткiштер  теориялық  талдаудан  өтiп,  бұл  әдiстiң 

мектеп  жұмысында  қолданылуы  жөнiнде  қажеттi  қорытындылар 

жасалады. 

Бұл  проблема  жөнiнде  зерттеу  барысының  келесi  кезеңi  аталған 

эксперимент  бойынша  жетiскен  көрсеткiштер  мен  қорытындыларды 

жалпы  көпшiлiк  мектеп  тәжiрибесiнде  тексеру.  Бұл  мiндет  бақылау 

экспериментiнiң  жәрдемiмен  шешiледi.  Бұл  мектепте  сыналған  әдiс 

басқа  мектептер  мен  мұғалiмдердiң  тәжiрибесiнде  пайдалануға 

ұсынылады.  Егер  ол  да  бұрынғы  қорытындылардың  дұрыстығын 

негiздесе,  зерттеушi  ең  соңғы  деректердi  бiр  ғылыми  тұжырымға 

жеткiзiп, оларды педагогиканың теориялық және методикалық қорына 

өз жаңалығы етiп қосады. 

Озат  педагогикалық  тәжiрибенi  үйрену  және  жинақтау.  Бұл 

әдiс  оқыту  мен  тәрбие  жұмыстарын  табысты  өткiзiп  жатқан  озат 

мектептер мен мұғалiмдердiң тәжiрибесiн үйрену және оны теориялық 

пайымдауға  негiзделген.  Көп  жағдайларда  мұғалiмдер  күнделiктi 




 

сабақ  тәжiрибесiмен  эмпирикалық  түрде  маңызды  педагогикалық 

жаңалықтарға  жетiп  отырады,  бiрақ  олардың  бұл  пайдалыiстерi 

педагогикада танылмай, тиiстi зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың 

пайымы  ғана  болып,  көпшiлiкке  жетпей,  қалып  кете  бередi.  Яғни, 

жеке  мектеп  тұрмысындағы  педагогикалық  практика  теориялық  ой-

пiкiрi ме, әдiстемелiк қорытындысына жетпейдi. Оқыту-тәрбиелеудiң 

озат  тәжiрибесi  теориялық  пайымдау  мен  талдауға  түссе  ғана 

педагогикалық ғылым жүйесiнде орнығуға мүмкiндiк алады. 

Педагогикадағы  әлеуметтiк  зерттеу  әдiстерi.  Жоғарыда 

қарастырылған  әдiстер  бiршама  құндылығымен  қатар  жалғыз-ақ 

елеулi  кемшiлiкке  ие:  ғалым ол  әдiстердi  қолдана  отырып,  тар  өрiстi 

деректердi  ғана  дамытуы  мүмкiн,  яғни  зерттеу  қорытындысы 

болмашы  сандағы  мектептер  мен  оқушыларға  байланысты 

жасалынады.  Ал  көп  жағдайларда  кейбiр  мәселелердiң  шешiмi 

ауқымды  зерттеудi  талап  етедi.  Бұл  ретте  педагогтар  әлеуметтiк 

зерттеу  әдiстерiн  (анкета  жүргiзу,  рейтингтiк  бағалау)  алға  тартады. 

Мұнымен  қойылған  мәселенi  жылдам  әрi  көп  сандағы  оқушыларға 

сұрақ қойып анықтауға болады. 

Педагогикадағы  әдiстер  тiзбегi  аталғандармен  шектелмейдi. 

Олардың  түрi  мен  формасы  педагогикалық  теориямен  айналысқан 

зерттеушi  -  ғалымдар  мен  озат  мұғалiмдердiң  ынта-ықылас  iзденуiне 

байланысты, әдiстердiң жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбiрi өз 

орнында  құнды.  Өкiнiшке  орай,  сталиндiк  жеке  басқа  табыну  мен 

брежневтiк тоқырау жылдары педагогика ғылымының рөлi төмендеп, 

оның  қызметi  мектеп  пен  бiлiм  мәселелерi  бойынша  жоғарыдан 

түскен  даналық  көрсетпелерге  түсiндiрме  берiп,  олардың''тек  дұрыс'' 

екенiн негiздеумен болды.  

Бұл  теориялық  ой-пiкiрдiң  дамуына,  үлкен  кедергi  болып, 

шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады. 

Қазiргi  кезеңде,  егемендi  ел  -  Қазақстан  Республикасы  аясында 

педагогика  ғылымында  догматизм  мен  жеке  пiкiр  үстемдiгiне 

тойтарыс  берiлiп,  шын  мәнiндегi  жаңа-шыл  педагогикалық 

зерттеулерге  қажеттi  жағдайлар  жасалып,  халыққа  бiлiм  беру 

саласының  бүтiндей  қайта  түзiлуiне,  бiздiң  қоғамымыздың 

демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай  жаңа 

сапалық деңгейге көтерiлуiне тиiмдi жолдар ашылуда. 



Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді 

дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу 

үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін 

жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық 

туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді 



 

түсінуге  ықпал  етеді.  Оқытуда  ең  басты  нәрсе  –  оқушылардың 

танымдық  жұмыстары.  Оқыту  әдістері  ең  анық  фактілерді  білуді 

қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. 



Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды  хабарлау, 

оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқушылардың  мұғалім 

көрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы,  ақыл-ой  жұмыстары  тәсілге 

жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. 



Оқыту тәсілдерінің түрлері: 

• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 

• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; 

• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; 

• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару 

тәсілдері. 

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің 

жүзеге асуына көмектеседі. 

Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, 

тәрбиелеу, ұйымдастыру. 

Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі 

құралдар,  оқулықтар,  дидактикалық  материалдар,  техникалық  оқыту 

құралдары,  станоктар,  оқу  кабинеттері,  зертханалар,  ЭЕМ  және  ТВ, 

нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. 

 

Сұрақтар: 

1.  Педагогикалық 

әдістер  дегеніміз  не?  Педагогикалық 

әдістердің мәні неде? 

2.  Педагогикалық  әдістердің  түрлерін  атаңыз.  Әрқайсысына 

толық тоқталып өтіңіз.  

3.  Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері қандай? 

4.  Тәсіл дегеніміз не? Тәсілдің түрлеріне тоқталып кетіңіз. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау