Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



жүктеу 1,51 Mb.
бет27/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#36587
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
annotation16475

Геральдикалық деректер.

Геральдикалық теория мен тәжірибе туралы мәліметтерді әртүрлі деректерден кездестіреміз. Оларды бейнелі сипаттағы, жазбаша және заттай деп топтастыруға болады.

Зерттеушілер бірінші топқа дипломдардағы, қолжазбалардағы және кітаптардағы гербтердің бейнелері мен суреттерін жатқызады. Геральдиканы зерттеп оқу үшін жеке, корпоративті, қалалық, облыстық және мемлекеттік мөрлер де бай, әрі ерекше мәліметтер береді. Бұлармен қатар жекелеген аумақтың, қаланың, одақтардың гербтері бейнеленген монеталардың, теңгелердің де деректік маңызы үлкен.

Геральдикалық деректердің үлкен тобын жазбаша деректер құрайды. Солардың ішінде рулық шежірелер мен кітаптар, грамоталар, сот қаулылары ертеректегі деректер ретінде ерекшеленеді. Гербтердің сипаттамаларын хроникалардан да кездестіруге болады. Қызықты геральдикалық деректер сайыстардың, салтанатты шерулер мен жерлеу рәсімдерінің сипаттамаларында да кездеседі. Геральдиканың кейбір құқықтық мәселелері жөніндегі мәліметтер заңдық ескерткіштер мен жазбаларда да орын алады.

Геральдикалық деректердің ішінде геральдикалық трактаттар ерекше орын алады. Мұндай шығармалардың ең алғашқысы 1300жылғы деп есептелетін «De Heraudie» атты авторы белгісіз трактат деп есептеледі. Жалпы алғанда геральдикалық трактаттар ХІҮ ғасырдан бастап кең тарала бастаған. Италияда Бартолоди Сассофератоның «Таңбалар мен гербтер туралы», Испанияда Хуан Мануэльдің «Граф Луканордың кітаптары» деп аталған еңбектері сол кезеңге жатады. ХҮ ғасырдың ортасынан бастап геральдикалық трактаттар типографиялық тәсілмен шығарыла бастады. Геральдикалық мәселелерге байланысты трактаттар өзінің құрамы мен міндеттері бойынша күрделі шығармалар болып табылады. Олар геральдиканың ережелерін, гербтерді жасау заңдарын, гербті иелену құқын сипаттаумен шектелген жоқ. Бұл мәселелер рудың, корольдықтың тарихымен байланыстырыла, кейде қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау барысында баяндалатын еді. Кейбір авторлар өз трактаттарын жеке өміріндегі оқиғалармен, өздерінің дүниетанымдық көзқарастарымен байланыстыра отырып жазды. Сонықтан трактаттарды дерек ретінде пайдалану барысында сыни тұрғыда талдай отырып пайдаланған дұрыс.

Бейнелі және жазбаша деректердің арасындағы орында гербовниктер – гербтердің бейнелері салынған қолжазбалар тұрады. Гербовниктер өздерінің түрлеріне қарай ерекшеленді. Олардың кейбіреулері тек қана суреттерден тұрды. Ал кейбіреулері олармен қоса азды-көпті жазбалармен толықтырылып отырды. Дегенмен гербовниктердің өздерінде де гербтер толық немесе толық емес түрде бейнеленіп те отырған. Осындай алғашқы гербовниктің бірі ХІІІ –ғасырға тән Париждік Матвейдің еңбегінде кездеседі. Онда 75 гербтік қалқан бейнеленген. 1881 жылы Берлинде басылып шыққан бұл еңбек бүгінде ол жете бермес туындылардың біріне айналған. Англияда екі жүзден астам осындай деректер бар. Англиялық гербтік деректерде 486 гербтік қалақан бейнеленген. Олар 1884 жылы Лондонда жарияланған екен. ХҮІ –ғасырда гербовниктерді жасаушылар белгілі бір корольдіктің немесе ірі аумақтық бірлестіктің гербтерінің жинағын жасауға және сол арқылы оларды бекітіп, жарнамалауға ұмтылды. Сондай еңбектердің бірі Наварры корольдігінің гербтері кітабы болды.

Мазмұндары бойынша трактаттар мен гербовниктерді геральдикалық деректер деп қарастыру керек. Бірақ олардың өздерінде де шындықтан алшақтау мәліметтердің де кездесіп отыратынын ескеруіміз қажет. Геральдикалық еңбектерде көрсетілген ережелер шынайы гербтерден басқашалау болып отырады. Гербтерді пайдалану тәжірибесі, оларды мұралану, бір - бірімен байланысы күнделікті құжаттарда, материалдық мәдениет заттарында, миниатюраларда біршама дәлірек сипатталады. Сол себепті де қолда бар геральдикалық деректерді деректанулық талдаудан өткізіп, өзара салыстырып, тексеріп барып пайдаланған дұрыс.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау