Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы


Танымдық белгіні танисың ба? Немесе символ туралы әңгіме



жүктеу 1,51 Mb.
бет36/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#36587
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
annotation16475



Танымдық белгіні танисың ба? Немесе символ туралы әңгіме

Гералдика дегеніміз не? Гербтерді (Елтаңба) зерттейтін тарих ғылымының бір саласын геральдика деп атайды. Ол генелогия, нумизматика, палеография, сфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. Бұл термин латынның «Һеraldus» яғни, жаршы деген сөзінен шыққан дейді тіл мамандары мен тарихшылар.

Ортағасырлық Еуропа корольдерінің сарайында гербтерді тіркейтін, кімге тиесілі екенін анықтайтын, жүйелейтін, жаңа гербтер жасайтын арнайы адамдар болған. Оларды герольдтар деп атаған. Кейін олар «Герольдия» дейтін мекемеге біріктіріледі.

Гербтер әулеттік, топтық, жергілікті және мемлекеттік болып бөлінеді. Рәміз белгілердің тарихы мен мазмұнын зерттейтін арнаулы ғылыми сала – геральдика деп аталады. 1722 жылы Ресейде гербтерді ретке келтіріп отыру үшін Сенат жанынан арнайы герольдмейстерлік кеңсе құрылып, империя аумағындағы әулеттік төл таңбалар мен әкімшілік – территориялық бөліністердің гербтерін жүйелеп жинау қолға алынады. Содан гербтердің суреттері сипатамаларын қамтитын арнаулы жинақтар шығарылып, жиырмасыншы ғасырдың басына дейін осындай кітаптың 20 томы жарық көрді. Қуанарлық жаңалық, гербтердің пішімі мен мазмұны, сипатамасы патша жарлығымен бекітілген, 1649 - 1900 жылдар аралығында шыққан Заңдар жинағында Қазақстан қалаларының ертедегі гербтері туралы деректер бар. Уездік қалалардың – Петропавлдың, Верныйдың, Оралдың, Семейдің, Торғайдың, Ақмоланың гербтерінің бейнесі біздің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды да.

Өркениетті елдерде танымдық белгіні – символ (грек. Symbo-lon) деп атайды. Қазақ ғалымы Қажым Жұмалиев өзінің «Әдебиет теориясы» кітабында: «Символ терминінің түп-төркіні нысана, бейне, белгі деген мағынаны білдіретін гректің симболой сөзінде жатыр. Образ тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады», - дейді.

Яғни, осы пайымдаулар бойынша, 1. Таңба ұғымын беретін ғылымдар: лингвистика, логика, математика. 2. Нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория тән ғылымдар: философия, өнер. Жалпы, танымдық белгі, таңба – символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алатын түсінік. Соған қарамастан, символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай. Тек символдық көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие екендігі талас туғызбайтын ақиқат. Символ нені ишаралайды, соны салыстыра тану барысында біз оның көп қырлы екендігін білеміз. Олай болса, символдың табиғаты күрделі, ол мағынасын терең ашып тануды, түсінуді, талап етеді.


Қазақтың белгілі ғалымы Зейнолла Қабдоловтың пікірінше: «Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате: ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды».
Біз оқыған кітаптардың ішінде Төлен Әбдіковтың «Оң қол», Оралхан Бөкеевтің «Қар қызығы» атты шығармаларын-да символдар өте сәтті әрі айшықты түрде өрілген. С. Мұратбековтің де «Жусан иісі» повесі мен «Кәментоғай» әңгімесінде символ шебер пайдаланылған. Мұндағы жас шыбықтан өсіп шыққан тоғай – оның жас балаларының бір-бір жанұяға айналып, балалы-шағалы болғанының символы, жусан иісі – соғыстағы әкелерді сағыну, сағыныш бейнесі. Қай халықта да ертегі, аңыздар аз емес қой. Соның кез-келгенін оқысаң да талай-талай тамаша символдарға жолығасың. Қазақ ертегілерінде де солай. Мұндағы жеті басты дәу, жалмауыз, мыстан кемпір, аузынан от шашқан айдаһар сияқты құбыжықтар-зұлымдықтың символы. Осы ертегілердегі Ғайып – ерен қырық шілтен, Қыдыр ата – ізгіліктің бейнесі. Жазба әдебиетте де символдар тұнып тұр. Ең алғаш хатқа түсірілген шығарма – «Гильгамеш туралы жыр» мен алғашқы ді-ни кітаптардың бірі «Тауратта» да белгілі бір дәрежедегі символдық бейнелер бар.

Діннен аз да болса хабардар адамдар періште, пайғамбар, жұмақ, шайтан, тозақ, қылкөпір деген сөздердің мағынасын біледі. Олардың қай-қайсына да «Сіз періште – көңіл жансыз ғой» десеңіз немесе балаларын періштеге баласаңыз оған қатты мархаяды. Егерде «Сіз шайтансыз ғой» десеңіз немесе «Әйеліңе, отбасыңа тозақ тарттырып жүрсіз ғой» деп айтар болсаңыз оған қатты ашуланады, өзіңмен араздасып, өштеседі. Бұл жерде періште, пайғамбар, жұмақ, шайтан, тозақ, қылкөпір деген сөздер діни наным-сенімді білдіргенімен, халық арасында бейнелі мағынада қолданыла береді.

Халық даналығында шек жоқ. Адамдар сұлулықты ай, күнге, жастықты гүлге, адал-дықты таң шығына, сүйіктісін аққуға, батырларын қыран мен сұңқарға теңейді. Мұндай символға айналған атаулар халқымызда аз емес. Ит – жеті қазынаның бірі дейді ғой. Соған қарамастан, біреуге «итсің» десең жәбірлегенің, «қасқырсың» десең мақтағаның. Біз өзіміздің күнделікті өмірімізде осы тәрізі символдық образдың талайын естіп, айтып, көп кездестіреміз.

Осы орайда орыс ғалымы Л.В.Уваров айтқан ғой: «Өнердегі символдандыру деп болмыстың басқа бір құбылыстары мен процестерін алмастыру, жинақтау, бейнелеу мағынасында айтуға болатын тәрізді, бұған көркем образ арқылы қол жеткізіледі. Бұл жағдайда образ символдың қызметін атқарады», - деп. А.В.Квятковский де: «Символ суреткер қайта жаңғыртқан болмыстың түрлі қырлары-ның елеулі түрдегі артықтығы, туыстығы негізінде оларды өз бойында біріктіретін көп мағыналы заттық образ», - дейді.

Өмірде адамдардың таным-түсінігі, көзқарасы, ой-өрісі әрқилы. Мамандардың зерттеп, пайымдауынша, символ табиғаты мағынасын ашып түсінуді қажет етеді де өзінің таным-тіршілігіне сәйкес белгілі бір символдар түсінетін топты қалыптастырады. Содан әркім өз дәрежесіне қарай символды тереңдей түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнмен қауышады. Сол себепті әркімнің символ табиғатын түсіну қабілетін кемсітпей, оған кешірімді болу қажет.

Философия тарихында да символдың атқарған ролі зор.


Ғалымдардың айтуынша, бұл салада символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бейнелеу арқылы тану үшін қызмет атқарды. Сократ «болмыс ақиқатын» тану үшін ақиқаттың көз шағылыстырған нұрынан қорғанғандықтан тікелей емес, жанама бейнелермен тануға үндеді. Э.Кант символды қоршаған дүниені рухани тұрғыда игеретін эстетикалық құралға балады, солай таныды да. Неокантшылдық бағыттағы Кассириер өз түсінігінде символды рухани әлемді танытатын әмбебап құрал деп санады, халыққа солай түсіндірді. Жасыратыны жоқ, бірқатар діни салт-жоралғылар мен рәсімдер символдық мәнмен ұштасып жатыр.

Ғылымда символизм, символикалық логика деген терминдер кездеседі. Оны танымдық белгі - символмен шатыстырмаған жөн. Символизм негізінен, 19 -ғасырдың соңғы ширегі мен 20-ғасырдың басында Еуропада әдебиет пен өнерде буржуалық мәдениеттің дағдарысынан, тарихи - әлеуметтік жағдайдың өзгеруінен орын алған ағым. Символикалық логика болса, математикалық логика ретінде логикалық қорытындыларды қатаң символикалық тілдің негізіндегі логикалық есептеулер арқылы зерттейтін логиканың тармағы. Біздің тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілері бар. Олар: Елтаңба, Мемлекеттік ту, Әнұран. Тек бұлар – рәміздеріміз. Осы мемлекеттік рәміздеріміздің ішіндегі мемлекеттік туымызда күн астында қыран қалықтайды. Ал осы Қыран бейнесі - еркіндіктің, бостандықтың, алғырлықтың, батырлықтың символы.

Ғалымдарымыздың символ туралы айтқан пікірлері аз емес. Солардың ішінде А.Н.Веселовский символды – параллелизмнің ерекше түрі деп ойлайды. Ол параллелдің бір мүшесінің айтылмай қалуы жолымен жасалады, себебі екінші мүше оның көрсеткіші болып табылады, деп түсіндіреді. Біздің түсінігімізше, символдағы астарлы ойлар арқылы дүниетанымымыз кеңейеді және де біз қашанда өзіміздің іс-әрекетімізге жауап беруге тиістіміз. Символдар көп мағынаны білдіреді. Солардың бірі табиғатта құпия бір тылсым күштің барын, біреуге жасаған жамандығың, қастандығың күндердің күнінде алдыңнан шығатынын, оның зауалын тартатыныңды түсінуің.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау