Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



жүктеу 1,51 Mb.
бет19/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,51 Mb.
#36587
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
annotation16475

Латын әліпбиін пайдалану

Дегенмен 1924 жылдан бастап Қазақстанда латын жазуына көшу туралы пікірлер мен ұсыныстар пайда бола бастады. Қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов латын жазуы негізінде қазақ әліпбиін жасады. Ол 1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің алғашқы жобасын жариялады.

Сол 1924 жылы Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жобасын «Ақ жол» газетінде жариялайды. Ал 1927 жылы Ә. Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы «латыншылдар» ұйымы ұсынған 27 әріп, бір дәйекшеден құрылған жобасы туралы жазады. 1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының да латынша әліпби жобасы ұсынылады. Онда Т. Шонанұлы әліпби жобасының бірнеше түркі тілдес халықтардың әліпбилерімен салыстырыла жасалғанын айтады.

1928 жылы Баку қаласында Жоғарғы Орталық Комитеттің (ВЦКНТА) ұйымдастыруымен Кеңестер Одағындағы түркі тілдес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға арналған конференция өтеді. Онда әр елден келген өкілдер өз елдеріндегі әліпби жобаларымен таныстырады. Оған Қазақстан атынан барған О. Жандосов Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлы бірлесіп жасаған әліпбидің жобасымен таныстырады. Авторлар бірнеші әліпби жүйесін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңбадан тұратын әліпбиді ұсынады. Осыдан соң 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазды. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келеді.


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау