Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


технологиялық компонентіне



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет39/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

технологиялық компонентіне 
мұғалім іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері, педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алу
іскерліктері, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алу қабілеттері 
кіреді. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл мұғалімнің барлық педагогикалық әдіс-
тәсілдерді тұтастай меңгере алуы негізінде жан-жақты педагогикалық талдау 
жасай алуы, нақты мақсаттарды белгілей алуы, дұрыс жүйелі жоспарлар құра 
білуі, ұйымдастыра білуі, бағалау және түзету әрекеттерін ұтымды жүргізе алуы.
Кәсіби білім беру барысында іс-әрекеттік бағытқа көп көңіл бөлініп, 
қазіргі кезде «табысты іс-әрекет», «іс-әрекет табыстылығы», «табысты 
кәсіби іс-әрекет» ұғымдары терең зерттелуде. Себебі кез келген іс-әрекет 
нәтижесі табысты да, табыссыз да болуы мүмкін. Білім алушылардың 
табысты кәсіби іс-әрекетке даярлықтарын қалып-тастыру-бүгінгі кәсіби 
педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі.
Технологиялық 
компонентің 
айырықша 
ерекшелігі–мұғалімнің 
педагогикалық іс-әрекетінде жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды, 
компьютерлік техниканы, ондағы жаңадан ашылып жатқан бағдарла-
маларды ұтымды қолдана отырып, тәжірибе жүзінде нақты жетістіктер 
көрсете алуы. 
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің
жеке тұлғалық-шығармашылық 
компоненті 
мұғалімнің 
құндылықтық 
бағдары 
бойынша 
өзінің
шығармашылық 
әлеуетін 
дамыту 
ерекшеліктерімен 
айқындалады. 
Педагогикалық энциклопедияда
шығармашылық
–адамның белсенді іс-
әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп, өзінің әлеуметтік 
маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі 
кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне (
компьютер, Интернет, ұялы 
телефон, медицинадағы ультрадыбыстық диагностикалық аппараттар, 
лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.
) көптеген ізденуші ғалымдардың 
шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анық.
Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, 
сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, 
ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген 
сенімділігі сияқты тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Людвиг Фейербахтың: 
«
Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады
»-деген 
сөздері тұлғаның дамуының ішкі фак-торларының маңыздылығын меңзейді. 
Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады, сондықтан 
мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн.
«Шығармашылық» 
ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, 
педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашылық ойлау, 
шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, 
шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.


38 
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты 
шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады: 
-

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау