305
үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу
мақсаттарының нақты көрсетілуі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу үдерісін барынша тиімді
ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде
қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамта-масыз ету,
мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы
ақпаратты беріп отыру
ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты
оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың
өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі
жиынтық бағалаудан тұрады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін
педагогтар мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті,
жыл бойы
сұрақтар туындады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;
- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде
біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;
- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға
дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз
етеді;
- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының маз-мұны
негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара
байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды баға-лаудың
нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйым-дастыру үшін
пайдаланылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың
дағдыларының даму
дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін
айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын
түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығу-
шылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде
білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі
нығайту,
зерттеу,
шығармашылық
іс-әрекеттерге
қатысу
үшін
пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде білім алушылардың білімді
меңгеруі мен дағдылары қалыптасуы деңгейін анықтау үшін қызмет
атқарады, білім беру үдерісін түзетуге мүмкіндік береді,
мұға-ліммен кері
байланысты жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Қалыптас-тырушы бағалауды
өткізер алдында білім алушыларды оқыту мақсат-тары және бағалау
критерийлерімен таныстыру маңызды. Тапсырманы орындау кезінде неге
306
назар аудару қажет екенін білім алушыларға түсінікті болу үшін бағалау
критерийлерінің мағынасын түсіндіру қажет.
Оқыту үдерісінде білім алушының қойылған оқыту мақсаттарын
түсінгендігін растау ретінде басқа да оқу міндеттері
қойылып және тиімді
сыныптық пікірталас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің тұ-рақты түрде
кері байланыс жасауы білім алушыларды алға қарай жыл-жуға, жақсы
нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.
Ойлау дағдылары деңгейін дәл бағалай білу критериалды баға-лаудың
маңызды аспектісі болып табылады. Кестеде оқу бағдарлама-сына енгізілген
ойлау дағдыларының деңгейлері және қалыптасты-рушы және жиынтық
бағалау барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: