|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е(5-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері). 96 беттен әкелу керек
|
бет | 80/226 | Дата | 19.06.2023 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #43014 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е(5-сурет. Педагогика әдіснамасының даму кезеңдері). 96 беттен әкелу керек.
Педагогиканы әдіснамалау үдерісінің бірінші кезеңі 1960 жыл-дардың соңы мен 1970 жылдардың басындапәндік зерттеу аймағын аша түсу, педагогикалық әдіснаманың құрылымы мен қызметтерін айқындау, педагогика мен философияның өзара байланысының тиімді әдістерін анықтаумен сипатталады.
Педагогикадағы әдіснамалық дәстүрдің қалыптасу үдерісінің екінші кезеңі 1980-1990 жылдар педагогикалық зерттеулердің әдісна-малық мәселелерінің кеңею үдерісі ретінде оның түрлі бағыттарда да-муымен сипатталады.
Педагогиканың әдіснамалық дәстүрлер генезисін талдау, оның бүкіл кезеңде де екі бағыт бойынша дамып отырғанын көрсетеді, олар кейде біріне бірі қарама-қайшы болып та келген: философиялық-педагогикалық (М.А. Данилов және т.б.) педагогикалық шынайылық-тың философиялық рефлексия түріне бағытталуы (тұжырымдамалық кеңістік пен уақыт, оқыту, тәрбиелеу және дамыту динамикасы; педа-гогиканың пәндік емес аймағында жатқан бұл үдерістердің интегралды негіздерін іздеу; әдіснамалық мәселені адамзат тұрмысының тұтас мазмұнында қарастыру және т.б.) және іс-әрекеттік-педагогикалық(В.В. Краевский) педагогика нысандарының мәндік құрамы мен ғы-лыми-танымдық, тәжірибелік және педагогикалық іс-әрекет байланыс-тарын ашу.
Әдіснамалық талдаудың аталған түрлерін педагогикаға біріктіру үрдісі Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский және басқа да авторлардың еңбегінде сипатталды, олар зерттеу нысанының онтологиясын жүйелі-лік тұғырмен және іс-әрекет теориясымен синтездеу жолымен алуға талпынды. Дәл осы әдіснамалық мақсат ХХ асырдың 90-жылдары педагогика үшін өзекті болып табылды.
Үшінші кезеңде (ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы) педагогика ғылымы мен тәжірибесін дамыту үдерісін талдауда ғалым-дар әдіснамалық сипаттағы мәселелерге қайта көңіл бөле бастады. Бұл бірнеше себептерге байланысты:
«жаңа педагогика», «тәуекел педагогикасы» және «жазалаусыз педагогика» қалыптасуының әдіснамалық негіздерін табу және мәнін ашу қажеттілігі;
ғылыми ізденісте қолданылып жүрген ғылымда пайда болған жаңа тұғырлар, ұстанымдар мен әдістердің эвристикалық әлеуетін нақ-тылауға талпыну және ХХ ғасырдың соңында педагогикалық тәжі-рибеде пайда болған білім беру инновациясы барысында педагогика-лық шындықтың қайта құрылу жолдарын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|