Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқытудағы құзіреттілік тәсіл



жүктеу 0,96 Mb.
бет159/226
Дата19.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#43014
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әре-кет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Құзыреттілік тәсілінің басты міндеті білім алушылардың баста-машылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады. Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Құзыреттілік тәсілі білім алушылардың білім, білік дағдыларын кешенді түрде меңгертуді жобалайды.
Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері - оқытудың нәтижесі.
Түйінді құзыреттіліктер: ақпараттық, коммуникативтік және өзіндік менеджмент. Бұлар жайлы осы бөлімнің бірінші тақырыбында толық мазмұндалған.


7.6.12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім беру бағдарламасын оқушыларымыз 11 жыл меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді.
Білім реформалары әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар.
Бейіндік (міндетті) оқу бағдарламалары шығармашылық (те-реңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім берудің басты мақсаты – әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қам-тамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамы-туға, өзін-өзі іске асыруға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерін үйлестіре білетін көп мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады, олар: жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу пәнді деңгейі, оқу материалының деңгейі.Жалпы орта білім беру тәжірибесінде оқу жоспа-рының бірнеше түрі орындалады: базистік, типтік, жұмыстық. Базистік оқу жоспары бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, мемлекеттік стандарттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол типтікжәнежұмыстық оқу жоспарының негізі жәнемектепті қаржыландырудың
басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспары базистікжоспар негізінде жасалады. Жалпы орта білім беретін мектептің
оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып құрылады. Мектептің оқу жоспарының 2 түрі болады.

  • мектептің өз оқу жоспары, ол ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.

  • Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынадыда,жылсайынмектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бе-кітіледі.

Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары сабақтастық ұстанымдарын жүзеге асыру болып табылады. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын фак-торлар:1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүм-кіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру. Оқушыларды жоғары мектеп жүйесіндегі білім алуға даярлау арқылы жалпы орта білім алу фор-маларын маңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру және бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып арнайы ұйымдас-тырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы тиіс.2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау. Бірінші сыныпта оқушылар апта-сына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушы-лары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала (66%) әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүше-лерінің, көз, асқорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппаратта-рының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды. 3-фактор.Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмен-дету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажетті-ліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдар-ды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде немесе кол-ледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың ең-бек нарығына, өз кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Енде-ше 12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек на-рығына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.4-фактор. Оқу сапасын арттыру. 12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы ор-та білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стан-дарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогика-лық жаңашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жү-зеге асады. 5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
Еуропа кеңесі декларациясына (1992 ж.) сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс-тәжірибе ретіндегі әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесіне ҚР-ның өтуі бә-секелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттес-таттарымыздың танылуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ха-лықаралық ынтымақтастың кеңеюіне, қазақстандық мектеп түлекте-рінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасындағы және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі білім беретін орта мектеп үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі, толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерін шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қызметі бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негізі мен оқушылар таңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады.

жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау