Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 0,69 Mb.
бет22/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#42018
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   226
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?

  2. Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?

  3. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады?

  4. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз?

  5. Педагогикалық іс-әрекет стильдері қалай сипатталады?



3-тақырып. ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢКӘСІБИ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ



    1. Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері.Адам мен қоғамның өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше мағынаны иеленеді. Тұлғаның негізгі міндеттерінің бірі–қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеріп, қоғамдық қатынастар жүйесіне еркін ене алуы. Аталған міндетті шешу барысында тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынас нәтижелері арқылы әлеуметтік ортада өзін-өзі таныта алады. Осыдан жеке тұлғаның негізгі сипаты болып табылатын оның әлеуметтік мәні айқындала түспек.

Психологиялық-педагогиялықәдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Г. Ананьев т.б. ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалар берілген. Тұлға мәселесін зерттеуде Б.Г.Ананьев «іс-әрекет субъектісі» деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымдарын байланыстырып тұр. Субъектілік адамды оның психикалық дамудың ең жоғары сатысы болып табылатын санасы арқылы басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан, субъект дегеніміз іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға– қоғамдық қатынастардың субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен белсенділігі.
Сонымен қатар, тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі де бола алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді, тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға-қоғамдық өмірдегі күрделі, көпжақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға–қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық қатынастар жүйесі мен еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға–индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Адам жеке тұлға ретінде өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қасиеттері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:

  • әр адам жеке тұлға бола алады.

  • жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты тұлға ұғымы қолданылмайды.

  • жеке тұлға – тарихи дамудың нәтижесі.

  • тұлғалық қасиеттері арқылы адам басқа адамдардан ерекшеленеді.

  • жеке тұлға - іс-әрекет объектісі және субъектісі.

Жеке тұлғаның өзіндік белгілеріне оның: саналылығы, жауапкершілігі,жеке «Мен» жүйесінің болуы, белсенділігі (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы); бағыттылығы (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі); адамиқадір-қасиеттері, әлеуметтік топтармен, ұжымдармен өзара әрекеттестігі жатады.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы-әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы, өзіне деген қатынасы арқылы.
Белгілі психолог К.К. Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялыққұрылымын анықтаған. Оның пайымдауынша, жеке тұлғаның құрылымында туа біткен (биологиялық, тұқымқуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрылымы 4 сатыға немесе төменнен жоғарыға қарай қарастырылатын иерархиялық деңгейлерге жіктелген:

  • төменгі 4-ші деңгей - тұлғаның биологиялық құрылымы, оған адамның темпераменті, физиологиялық, жас және жыныстық ерекшеліктері жатады, бұл құрылымда ешқандай әлеуметтік қасиеттері ескерілмейді;

  • 3-ші құрылымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық үдерістердің жеке (сезім, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік, эмоция) ерекшеліктері жатады;

  • 2-ші тәжірибелік деңгейгеоқыту үрдісі арқылы қалыптасқан тұлғаның білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады;

  • 1-ші жоғарғы, тәрбие арқылы қалыптасатын деңгейге тұлғаның дүниетанымы, сенімі, идеялары, көзқарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағдары, моральдық принциптері сияқты әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, қазіргі білім беру саласында негізгі басымдық жеке тұлғаға бағдарланутұғырынаберіледі.




    1. жүктеу 0,69 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау