|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е
|
бет | 123/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мек-тептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнын-да; оқу-тәрбие үдерісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқу-шыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс та-буы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу - тәр-бие үдерісіне енгізіліп жатыр. Тәрбие технология-сын басқа педагогикалық технологиялармен (сыни тұрғыда ойлау тех.-нологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. ) өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет.
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысын-да және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралармен өзара байла-ныста іске асады. Яғни, сабақ үдерісінде өтілетін материал гимназис-тердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гим-назистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) арқылы іске асыры-лады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылуының түрінің әр түрлілігіне, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:
сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары;
сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы;
қоршаған ортағаізгілікқарым–қатынасынжәнежекетұлға-ныңадамгершілікқасиеттерінқалыптастыру;
жекетұлғаныңбойындағы құндылықтарды қалыптастыруда руханисезім, адамгершіліксана, ерік, ойлауқабілетінжетілдіру;
жекетұлғаныңішкіқажеттілігібойыншаөзін-өзіжетілдіруді, құзыреттілікті қалыптастыруды қамтиды.
Тәрбиенің түрлері.Қазақстан Республикасының Білім жә-не ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бе-кітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақ-саттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тәрбие жұмысының басым сегіз бағытын ұсынады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеу-ші ретінде критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: жаңа демократия-лық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасты-руға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|