|
Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕОқытудың белгі-контекстік технологиясы
|
бет | 221/226 | Дата | 05.04.2023 | өлшемі | 0,69 Mb. | | #42018 | түрі | Оқулық |
| Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. ЕОқытудың белгі-контекстік технологиясы. «Контекст» сөзі латын тілінен аударғанда «contextus» – өрілу, бірігу деген мағы-наны білдіреді. А.А.Вербицкийдің белгі-контестік оқытутехнологиясы кәсіби білім беру саласына арналған және оқыту үдерісінде білім алу-шының болашақ кәсіби іс-әрекеті контекстінде қарастырумен негіз-деледі. Технологияның басты идеясы - оқыту үдерісінде ғылыми теория мен кәсіптік саланы (өндірісті) кіріктіру. Яғни, жоғары оқу орын-дарында білім алушылар тек пән мазмұндарын меңгерумен емес, соған қоса алған білімдерін кәсіби салада пайдалану дағдыларын қалып-тастыра алулары керек. Демек, білім болашақ кәсіби іс-әрекет контекс-тінде (кәсіби іс-әрекет моделі, белгісі арқылы) берілуі керек.
Технологияда білім алушының үш түрлі іс-әрекеті ажыра-тылып қарастырылады:
Академиялық типтегі оқу іс-әрекеті (лекция, семинар, өздік және лабораториялық жұмыстар, т.б.);
Квазикәсіби іс-әрекет (кәсіпті меңзейтін іскерлік ойындар, сабақтың кәсіби іс-әрекетке жақындатылған ойын формалары, т.б.);
Оқу-кәсіби іс-әрекет (ғылыми-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика, дипломдық жұмыс, т.б.).
Осы іс-әрекет түрлерінің өзара кіріктіріле атқарылуы конекстік оқыту технологиясының мәнін ашады. Контекстік оқыту білім беру саласындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылатын теориялық білімдердің шынайы кәсіби іс-әрекет талаптарына сәйкессіздігін жоюға бағытталған.
Бұл технологияны қолданудың негізгі принциптері:
теория мен практиканың байланысын модельдеу;
бірлескен іс-әрекет түрлерін модельдеу;
тұлғаның белсенділігін қалыптастыру;
проблемалық жағдаяттарды шешу;
оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету;
Іскерлік ойын – казір кәсіби (болашақ кәсіпті елестету) іс-әрекеттің жетекші формасы болып табылады. Іскерлік ойын арқылы білім алушы өзінің болашақ кәсібімен жанама түрде тереңірек таны-сады, ондағы қызметтерін іс-жүзінде орындап көруге тырысады. Мы-салы, педагогтық кәсіпті жақсы меңгеру үшін, болашақ ұстаздар ара-сында іскерлік ойындар ұйымдастыру арқылы олардың бойында сөйлеу шеберлігін, шығармашылық, ұйымдастырушылық, конструк-тивтік, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар іскерлік ойындарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптарды ескеру қажет:
Іскерлік ойын бір тарауды пысықтау үшін, оның логикалық аяқталуын көрсету үшін қоланылады;
Ойынның ұйымдастырылуы барынша шынайы кәсіби іс-әрекет моделіне сәйкес болуы керек;
Еркін шығармашылық және ізденіс ахуалының қамтамасыз етілуі қажет;
Қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау талап етіледі;
Іскерлік ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны, жүргізу ережелерінің нақты белгіленуі;
Ойында көрсетілген кәсіби мәселенің мүмкін болатын бір-неше шешімдерінің анықталуы;
Ойынды жүргізуге қажетті жабдықтардың болуы.
Контекстік оқыту технологиясы жоғарғы сынып оқушыларының арасында, кәсіпке бейімдеу барысында қолдану өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|