Таңсық Жұрынқызы Лирикадағы туған жермен тұтастық Көкшетау 2004



жүктеу 1,92 Mb.
бет2/5
Дата25.05.2018
өлшемі1,92 Mb.
#17721
1   2   3   4   5

4-бөлім. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез».

30

Абай әндері орындалып, өлеңдері мақамдап оқылады.



1. „Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын".

2. „Көзімнің қарасы".

3. „Адасқанның алды жөн, арты соқпақ".

4. „Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат".

5. „Желсіз түнде жарық ай".

6. „Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да".


5-бөлім. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста».

1-жүргізуші: Ел қамын ойлап, «жүрегі қырық жамау болған» ұлы ойшылдың өмір жолында «моласындай бақсының жалғыз қалып, у ішкен кездері көп болды».

2-жүргізуші: Көшбикеде өткен сайлауда басына тиген соққы, етіне түскен дақ, жанына удай жара салды.

Балаларынан, достарынан айрылған Абай егіліп, еңіреп, бойын жия алмай, көк аспанға тіл қатты:

-... Ей, сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды....

Мен ішпеген у бар ма?...

Жүрегімді көрші міне, жарадан сау жер қалды ма?

Мұнша азап кешкендей не жазық, не айыбым бар?

Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген тынысы ма?-

деп, біраз отырып барып, тағы да бір ауық уланған оймен оянғандай болды....

- ... „Жапан түз, елсіз, жолсыз сары далада жалғыз түп ағаш өсіпті. Айлар, жылдар, не замандар жасапты. Әрбір көктем күніне үмітін

31

артып, шат қуаты жапырағын жарып гүлін атыпты. Талай жылдар өтіпті. Әр жылының гүлдері мен дәндері ұшып, тарап кетіп жатыпты. Сан жапырақ сарғая солып, жоқ болыпты. Бір заман сол айдаладағы жалғыз ағашқа жай түсіпті де жайрапты. Бар бұтақтан, гүл жапырақтан, дән-нәрден айрылып, ажырапты... Қуарып, шошайып қалған жалғыз ғана қу ағаш көк аспанға тіл қатыпты. Не жазып ем, не сұмдық етіп ем? Біттім, міне, тек көк аспан куәм едің сен, сенен ғана сұраймын. Сорымның да куәсі, көгерген, гүл атқан шағымның да куәсі сен едің, кең көк аспан!... Сен ғана бір айтшы... Мен өлейін, бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып әкеткен гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ, нәсіл қалар ма екен?... Шанда біреу санда бір сайда болса да, жас жапырағын көкке созып, гүл жемісін жер жүзіне берер ме екен?! Әлде бір-бір өлкеде, тағы бір замандарда сол гүлдердің бір тобынан саялы бір тоғай, мәуелі бақ өсер ме? Бұтақтарында өнген-өскенді мадақтап құмыр бұлбұл сайрар ма! Саясында жас өмір, жаңа дәурен мекендер ме!» деп, ұлы шабыт, ақындық шабытымен шарықтап, халқынан жауап күтеді. (М.Әуезов).



1-жүргізуші: Абай аға, ол дәндеріңіз өлген жоқ, жойылған жок, мәуелі бақ болды. Нәрін сіздің саф алтындай таза бұлағыңыздан сусындап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Бүгінгі ұрпағыңыз қалың еліңіз қазағыңызды қалай жырлап келгендігін дәлелдеу мақсатында акындарымызға сөз берейік.

(Ақындардың өлеңдерінен үзінді оқылады).

1. М.Жұмабаев, «Алтын хакім Абайға» өлеңі.

2. Қ.Аманжолов, «Абайға айтарым» өлеңі.

3. М.Әлімбаев, «Осындайда аңыз бар ма?» балладасы.

4. Ф.Оңғарсынова, «Абайды іздеу» өлеңі.

5. И.Сапарбаев, «Семей сапарынан» өлеңі.

6. И.Оразбаев, «Ұрпақ сөзі» өлеңі және т.б.


6-бөлім. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ».

(Екі жұп ақындар айтысы ұйымдастырылды.)



7-бөлім. «Өлді деуге сыяма, айтыңдаршы...»

1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

2-жүргізуші:

Өлді деуге сыяма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Абай екі жүргізуші ортасына жақындайды, кешке қатысқандар сахнаның екі жағынан шығады.

Абай: «Дүние - үлкен көл, замана -соққан жел,

алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер,

кезегімен бөлінер, баяғыдай көрінер.

Алдымда күн өзгеше жарық, нұрлы күн. Тап жаңа анадан туып көзімді алғаш ашып

33

көргендей болған нұрлы күн. Иә, елім мендік емес пе?»



Сәлем деңдер, сәлем деңдер «қалың елім қазағым» бауырларыма...

Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні орындалады.

1-жүргізуші: Тас бұлақтың тұнығындай, ана сүтінің жұғымындай, сахараның жазықтығындай ой даналығымен көкірегі ояу жан біткенді өзіне тәу еткен Абайды қадірлеп, тыныс тапқан зиялы азамат, балғын балапандарды сахнаға шақырамыз. Қазағымның панасы, ақыл-ойдың данышпаны, асыл сөздің қазынасы, қазақты әлемге танытқан Абаймен жүздесуімізді жалғастырып, ой өрбітіп, шығармаларынан үзінді оқып, ән салып, тереңіне бойлап еркін сұхбаттастық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметов 3. «Өлең сөздің теориясы», А., 1973ж.

2. Әуезов М. «Әр жылдар ойлары» А., 1959ж.

3. Әлімқұлов Т. «Жұмбақ жан» А., 1972ж.

4. Бердібаев Р. «Абай және ауыз әдебиеті», «Замана сазы» А., 1985ж.

5. Бейсенбаев Мұздыбай «Абай және оның заманы». А., 1988ж.

6. Есімов Ғ. «Хакім Абай» А., 1994ж.

7. Жүбанов А. «Замана бұлбұлдары» А., 1975ж.

34

8. Құнанбаев А. Шығармалар екі томдық, А., 1968ж.



9. Қасқабасов С. «Абай және қазақ фольклоры» А., 1972ж.

10. Машанов А., «Әл-Фараби және Абай» А.,1994ж.

11. Мұқанов С. «Жарқын жұлдыздар» А., 1964ж.

12. Мүсірепов Ғ. «Суреткер парызы» А. ,1970ж.

13. Мұхамедханұлы Қайым «Абай шығармаларының

текстологиясы жайында». А., 1959ж.

14. Нұрқатов А. «Білгенге маржан» А., 1980ж.

«Жалғасқан дәстүр» А., 1982ж.



  1. Нұрғалиев Р. «Телағыс» А., 1986 ж.

  2. Оразалин К. «Абай ауылына саяхат», А.,1976ж.

17. Оразалин К. «Абайдан соң» А., 1972ж.

18. «Абай тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық

конференция тезистері» А., 1995ж.

19. «Абай», «Қазақстан мектебі», «Қазақ тілі мен әдебиеті»

т.б. басылымдар пайдаланылды.

20. «Қазақ әдебиеті», «Егеменді Қазақстан», «Көкшетау

правдасы», «Оқжетпес» газеттері пайдаланылды.

35

С. МҰҚАНОВТЫҢ «БОТАГӨЗ»



РОМАНЫНДАҒЬІ ТАРИХИ ДЕРЕК,

КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
«Қазақ мектебіндегі қазақ әдебиеті пәні -білімдік, тәрбиелік үлкен жүк көтеретін, әр жақты қызметтер атқаратын ең маңызды пәндердің бірі» - деп Білім тұжырымдамасында лайықты баға алған. Жоғарыдағы міндетті іске асыру - ұстаздан білімділікті, тынымсыз ізденісті, бала психологиясында әдеби білім арқылы сезім тебіренісін туғыза алатын психолог болуды да қажет етеді.

Әдебиет - адамтану ғылымы, азаматтық абзал қасиеттерге баулушы, тәрбиелеуші, халықтың мұңы мен арманы, елдігі мен ерлігі, халқының рухани жан байлығының көркем тарихы. Ана тіліміздің бар асыл қасиеті, шырын нәрі де осында.

Әдебиетіміздегі прозаның әлем таныған биігіне көтерілуіне өзіндік қолтаңба қалдырған. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқытудың өзіндік орны бар. Күнделікті өмірде, яғни «Ботагөз» романының такырыбы, идеясы, образдары түсіндіріліп талданады да, оқыту үрдісіне оқушыларға қосымша түсінік, кеңірек ұғым беретін - романның жазылу тарихы, кейіпкерлерінің прототиптері туралы тарихи

36

дерек, қызықты материалдарды да іздестіріп тиімді қолданған абзал. Оқушыға ұсынылатын осындай оқу материалының құндылығы - ой керенаулығынан аластатып, таным белсенділігін қалыптастыруға пәрменді ықпал етеді.


Романның тақырыбы: 1910-1920 жылдардағы тарихи жағдай, әсіресе империалистік соғыс, 1916 жылғы ауыл өмірі, ¥лы Октябрь революциясы, азамат соғысы жан-жақты суреттеледі. Роман үш бөлімнен тұрады; «Түңғиықта», «Таң атарда», «Күн күлімдегенде».

Романның идеясы: 1910-1920 жылдар арасындағы саяси-әлеуметтік өмірде болған оқиғаларды қамтып, XX ғасырдың бас кезіндегі төңкеріс дәуіріндегі тап күресімен халықтық козғалыстың панорамасын таныту.

Романның жазылу тарихы: 1922 жылы С.Мұқанов Орынбор жұмысшы факультетінде оқып жүргенде факультет басшылығының атына: «Сіздерде Сайым деген болыстың баласы жасырынып оқып жүр» деген арыз түсіреді. Тексере келе С.Мұқановпен бірге оқып жүрген Сұлтанғазы Қыдыров окудан шығарылады. Әкесі Сайым Қыдыров патшаға шын берілген, сатқын, аты шулы болыс екен, оны 1916 жылы халық азаптап өлтіріпті.

Сұлтанғазы Қыдыровты оқудан шығару, ісін қарау, айыптау мәселесін зерттеуге С.Мұқанов та

37

кіріседі. Әлеуметтік мәні зор осы жағдай, Сайым тағдырына байланысты өзі естіген оқиға, газет -- журнал беттеріндегі мәліметтер бұрыннан халықтың төңкерістен бұрынғы өмірі хақында туынды жазсам деген ойына негіз болады.



«Жұмбақ жалауды» жазу туралы ой, идея өрби түседі. Бірден 1916 жыл тақырыбына материал жинайды. Ұзақ күндерін кітапханада, архивте өткізіп, көп сарылған күндерінің жемісін жинайды. «Айқап» журналының 1913 жылғы № 4-5 - санынан Сайым болыстың суретін кездестіреді. Онда «21- февральда Петерборда болған мерей тойға барып, құтты болсын айтуға Торғай облысынан сайланған волостной управитель Сайым Мырза Қыдыровтың қазақтың бұрынғы киіміндегі көрінісі», - деп жазыпты. Бұл Қыдыровтың Торғай облысы қазақтарының атынан Романовтар әулетінің патшалық құруына 300 жыл толу салтанатына делегат болып барып келгеннен кейінгі жарияланған суреті еді. Көп ізденістің арқасында 1916 жылдың оқиғасына, Сайым болыстың өзіне байланысты сан алуан материалдар жинақтайды. 1926 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Қостанай уезіндегі адамдарға арнап, олардан жалпы көтеріліс жөнінде, Сайым Қыдыров туралы есте қалғандарын, білетіндерін өзіне жазып жіберуін сұрап, Қостанай облыстық «Ауыл» газетінде С.Мұқанов ашық хат жариялайды. Жан-жақтан

38

хаттар алады, сонымен қатар Ақмола, Жетісу өңірінде болған көтерілістің материалдарын да зерттейді.



1926 жылы Қостанай облыстық партия комитеті Қазақстандағы 1906 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 10 жылдығын атап өту жөніндегі арнайы қаулысына орай «Ауыл» газетінің беттерінде жарық көрген көптеген мақалалар, естеліктер С.Мұқановты қатты толғандырады. Әсіресе, Мырзағали Бошанұлының «1916 жылғы Қарабалық болысындағы оқиға» («Ауыл», 31 -шілде)деген естелігінде Сайым Қыдыровтың қалай өлтірілгендігі туралы айқын куәгердін, нақты деректі мәліметі С.Мұқанов үшін баға жетпес құнды материал еді.

«Жұмбақ жалауды» жазуға 12-13 жыл уақыт кетіпті десек, бұл мерзімде автор шығармашылық іздену, тәжірибе жинақтау, өсу, өмірді жан-жақты терең зерттеу - төңкеріс тақырыбы, теңдігін аңсаған халық тағдырын, арманы мен мүддесін танытуда проза жанрының қалыптасуына игі ықпалын тигізді.

Осы романды жазуда төмендегідей материалдар көзін жинақтаған:

1. Баспасөз материалдары - «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Орталық, аймақтық басылымдар: «Ауыл», «Еңбекші қазақ» газеттері және т.б.

39

2. Архив материалдары, тарихи құжаттар. Болыстық управитель С.Қыдыровтың өлімі туралы іс. А.Иманов көтерілісі туралы материалдар.



3. Жазушының 16-жыл оқиғасына, тікелей Қарабалық көтерілісіне қатысқандардан алған хаттары, Ақмола, Жетісу өлкелерінде болып, көтеріліске қатысқандардан естіген әңгімелері, естеліктері.

4. Автордың өз өмірінің материалдары.

Осыншама сан алуан адам тағдыры мен ұштасқан өмір материалын бір тақырып, бір арнаға тоғыстау, көлемді романның сюжеттік өзегіне автордан үлкен талғам, зор шеберлікті талап етті.

С.Мұқанов «Жұмбақ жалауда» шығарма сюжетін неғұрлым шындық фактіге негіздеп қүрса, «Ботагөз» аталған (1948ж.) романның екінші нұсқасында прозаик шығармашылық еркіндікке барады.

Романда көптеген тарихи оқиғалар өзінің көркемдік бейнелеуін тапқан. XX ғасырдың басындағы қазақ аулының өмір күйі, патшаның орыс шаруаларын қазақ даласына күштеп қоныстандыру саясаты, 1913 жылғы Петербургте Романовтар династиясының патшалық құруының 300 жылдығының тойлануы, Торғай облысы қазақтарының атынан болыстық управитель С.Қыдыровтың құттықтаушы делегат болып

40

қатысуы, 1916 жылғы, 25 - июньдегі патша жарлығы, Торғай қазақтарының көтерілісі, алаш лидерлерінің төңкеріс тұсында ұстаған саясаты, чехославактар бүлігі әсерінен туған контрреволюциялық бас көтерулер, Қазан төңкерісінің қазақ даласындағы жеңісі - бұлар романда көркемдік шешімін тапқан тарихи оқиғалардың негізгілері.



«Ботагөз» романын оқытуда ұстаздың есте сақтайтын, оқушыларға көңіл бөлдіретін мәселе, -романға арқау болған негізгі оқиғалардың көпшілігі тарихи деректерге Қостанай уезіне қатысты Қарабалық болысы, Торғай, Троицк екендігі, бірақ жазушы романда суреттелер оқиғалар орнын өзіне етене таныс географиялық орынға ауыстырған. Бұл - жазушылық дағдыда жиі кездесетін жағдай. Шығармада жазушы түрлі баяндаулар, жер-су, қала аттары, әкімшілік орындары, тіпті патша әкімдерінің аты-жөніне дейін қостанайлық емес, көкшетаулық етіп алады. Мысалы, Итбай өлтірілгеннен кейін тарихи деректердегідей Торғай генерал-губернаторы фон Эферсман емес, Көкшетау уезі қарайтын Омбы далалық генерал- губернаторы Сухомлинов келеді, ал жазалаушы отряд болыс ауылына Троицкіден емес, тура Омбынық өзінен аттанады.

Романдағы бірқыдыру өзекті сюжеттердің арқауы автордың бала кезінде, есейген шағында өз көзімен көріп, куә болған өмір шындығынан

41

алынғандығын Сағитқа қатысты жағдайдан автордың өз басының тіршілігіне жақын ұқсастықты аңғарамыз. Ауылдағы тірлігі, оқу іздеп Омбыға аттануы балалық, жасөспірімдік шақтарының ауыр сәттерін елестетеді. Бұл тұста автор автобиографиялық мәліметтерді тиімді пайдаланған.



Романның сюжеттік желісінде жекелеген көріністерін құраған нақты өмір шындығын жиі кездестіреміз. Романдағы «Покушение» тарауында суреттелетін Итбайдың губернаторды қарсы алуға дайындығы «Өмір мектебінен» бізге жақсы таныс, жазушының ет жақыны, әлдеқайда болыс сайланған Нұртазаның Омбы генерал-губернаторын қарсы алуға даярланған әбігерлі кездерін елестетеді. Бұл жерде де сюжет желісі нақты өмірден алынғандығын көреміз.

Сан алуан өмір материалын, өзі куә болып, басынан өткерген жәйттері көркем туындыдағы әлеуметтік мәселеге сай талғампаздық пен шығарманың сюжеттік желісіне, образдар әрекетіне тиімді кірістіре пайдаланған С. Мұқанов - дәуір суреткері. Өмір шындығын, өнер шындығына нанымды зерделеген зергер.

Өмір шындығын пайдалану деген ұғым - тек сюжетке қатысты ғана емес, адам бейнесін тұлғалауда, даралауға да тікелей қатысты ұғым. Шығарманың айтар идеясына сай кейіпкерлері болмақ. Суреткер өзінің идеясын образдар арқылы

42

білдіреді. Кейіпкер әрекетсіз болмайды. Ол сан алуан әрекет үстінде көрінеді, өз тіршілігінде, заман ауқымының әр саласындағы оқиғаларға ат салысады, белгілі бір идея, мақсат жолында күреседі, жеңіледі, жеңеді.



Драматург Н.Погодиннің пікіріне жүгінсек: "Ойға алған тақырыбыңды жазу үшін ең әуелі сол өз идеяңды жеткізуші адамдардың кімдер болатынын дәл анықтап, нақты білу керек. Өзіме қажетті жандарды тауып алмайынша, жазуға жоқпын» деуінен, болашақ геройына негіз боларлық лайықты, қызықты адамды іздеуі -заңды нәрсе. Мәселе әдеби бейне мен прототип ара қатынасына тіреледі.

«Прообраз немесе прототип дегеніміз -өмірі мен мінезі, қылығы жазушы тудырған көркем, жинақталған образдың, типтің негізінде жатқан шындық өмірдегі адам», «Шындықты шынайыландырудың құралы» (З.Қабдолов).

Романдағы кейіпкерлердің прототиптері жайлы алғашқы пікір айтушылар: Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, М.Қаратаев, тағы басқалармен қатар автордың өзі. Асқардың 5-6 прототипі бар көрінеді. Осыған орай М.Қаратаевтың «Көп ретте Асқар образына Ә.Жанкелдин өмірінің негіз болғаны рас-ақ шығар. Бірақ, көбіне көп негіз болған С.Сейфуллин өмірі екендігіне күмән жоқ. Омбыдағы семинарияда оқу, одан келіп, ауылда мұғалім болу, революциялық көзқарастары үшін

43

түрмеге түсу, әр жерде алашордашылармен қақтығысын, пікір таластыру, ақыры олармен майданда күресу, революцияға, азамат соғысына қатысқан қазақ интеллигенциясының алдыңғы шебінде болу, совет өкіметін өз қолымен орналастыру - мұның бәрі С.Сейфуллин өміріне дәл келетін деректер» деген пікірі нанымды.



1970 жылы республикалық кітапханада өткен оқырмандармен кездесуінде қаламгер «Ботагөз» романындағы кейіпкерлері туралы айта келіп: «Асқар образына негіз болған -С.Сейфуллин ағамыз. Бұл есімді белгілі жағдайларға байланысты көпке дейін айта алмай келдік», - депті. Әдеби кейіпкер – тарихи тұлға емес, өнер туындысы. Асқар бейнесінен Сәкен өмірінің көшірмесін іздеуге болмайды. Алайда көркем бейнені белгілі бір прототиптің дәл көшірмесі деу ағаттық. Оқырманның білгені жөн.

Ал Ботагөздің прототипі бар ма? Автордың берген деректері, нақтылы мәліметтерге жүгінейік. «Бурабайдың шығыс жағында Үлкен Шабақ деген көл бар. Бурабайдағы Штрембергтің ет заводында мал сойып, қызмет істейтін бір семья болған. Семья кұрамында Ботагөз атты қыз, өзі аздап сауатты болса керек, бірнеше ағалары бар екен. Қыздың революцияға, жаңа өмірге ықыласы болыпты, сол үшін ақтар әскері оны алып кетіп, азаптап өлтіреді». («Қазақстан мектебі» журналы, С.Мақпыров).

44

Естіген әңгіме қаламгерге ерекше ой салады. Қыз тұлғасындағы сол кездегі қазақ қыздарында кездесе бермейтін күрескерлік ұнамды сипат жазушыны қызықтырған. Ботагөз қаламгердің идеалына бірсыпыра сай келген де, жазушы осы өмір материалын негізге ала отырып, жаңа өмір үшін, саналы күресуші қазақ қызының образын жасасам деген ой туған.



Романда Ботагөз бейнесін жазу үстінде автор прототиптің жеке басына, отбасы құрамына, өскен ортасына қатысты деректерді шындық күйінде пайдаланады. Туған жері - Бурабай, есімі -Ботагөз, оқыған, үш ағасы бар. Прототиппен тип арасында айырмашылық байқалмайды. Нақты өмірде қыз тағдыры қайғылы аяқталады. Прототиптің бұл дерегін жазушы өзгертіп, кейіпкерлеріне басқаша ғұмыр беріп, саяси іс әрекет иесі, өмірде болуға тиісті күрескер қазақ қызының тұлғасын жасады.

«Ботагөз» романындағы адамдар бейнесін талдау үшін романның түпнұсқасын оқып, талдап, мазмұндық жоспар құрып, соған оқырманын төселдіру- сөз өнерінің қолданылу ерекшелігін түсініп, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем- дағдылар қалыптастырады. Образ жасау үшін қажетті компоненттерді де білген жөн.

Портрет:

- мінездеу, жанама мінездеу;

- монолог, диалог;

45

- әлеуметтік тегі, қоғамдық орта;



- кейіпкер психологиясының әр алуан жақтары, т.б. «Ботагөз» образына күрделі жоспар жасалды. Жоспардан өмір жолындағы қиындықты бауырларымен бірге кешіп, қоғамдык саяси іске белсене араласқан күрескер қыздың бейнесін танимыз.

Кейде Ботагөз образын талдауға арналған сұрақтар да дайындалады. Немесе кейіпкер характерін нақты, дәлме -дәл көрсетуге инсценировка дайындаудың маңызы зор.

Мінездемелік жоспар.

1. Білімге ұмтылған талантты қыз.

2. Пәк, сенгіш.

3. Қажырлы, қайсар.

4. Өмір өзгерісін түсініп, биікке қол созған - Ботагөз.

5. Дұшпанына қатыгез, аяулы жар.

6. Күрескер, совдеп мүшесі.

7. Жансақтауды білмейтін қажырлы қайсар.

8. Қысылтаяңда жол табады.

9. Айлалы, сөзіне берік.

10. Кейінгіге өнеге, тарихи тұлға.

Осындай үлгідегі жоспар бойынша оқушыларды қатыстыра отырып, мәтіннен мысал, дәлел, фактілер келтіріп Ботагөз образын талдауға болады. Немесе арнайы жасалған көрнекілік, тірек плакатын пайдалану. Тірек плакатында Ботагөз

46

образын ашуға қажет суреттермен қоса цитат, романнан үзінді жазылады.



ТІРЕК ПЛАКАТЫ

1. Сүңғақ бойлы, қоңыр киімді, әдемі, қара торы қыз.

2. «Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ». Асқар

- мұғалім.

3. - Жеңгем Айбала өлгелі жатыр.

Жеңгемді көмген күні Итбайдікіне өзім барайын, сен менің бір тілегімді бер !

4. - Жойылсын, патшаның асыранды иттері! Жойылсын, Итбай тұқымы! Жасасын, еңбекші халық бостандығы!

5. Күн көзіндей жарық бар,

Ботагөздің көзінде

Телегей теңіз тарих бар,

Ботагөздің сөзінде. (С.Мұқанов).

Біз сүйенген, пайдаланған плакат оқушылар білімінің нақты болуына, негізгі түсініктерді жалпыдан бөліп алуға, білімді саналы меңгертуге жәрдемдеседі. Төртінші дәйектеме: көпшілік алдында, мінбеде сөйлеген Ботагөздің халық бостандығы үшін күрес жолына түскен күрескерлік бейнесін танытып-ақ тұр.

Адам образын жасауда С.Мұқанов екі түрлі жолды пайдаланған. Бірі - прототипке негізделсе,

47

екіншісі — көптеген адамның басында болатың мінез- құлық, іс-әрекеттерді жинақтау арқылы жасайды. Яғни, жеке тұлғаға тән іс-әрекетті суреттей отырып, сол заманның тарихи кезеңіне лайық қимыл, күрес үстінде шыныққан табанды типтік образ жасайды.



Ботагөзді саяси іс-әрекет иесі, күрескер етіп танытуда Нәзипа Құлжанова, Алма Оразбаева, Сара Есова, Нағима Арықова, тағы басқа да халқымызға есімі танымал күрескер қазақ қыздарының әлеуметтік өмір жолдары зерттеліп, қажетті деректерді пайдаланып, азаттықты аңсаған саналы күрескер Ботагөз бейнесі дүниеге келеді.

«Ботагөз» романында төңкеріс тақырыбы халық өмірімен ұштастырылып, өте нанымды бейнеленеді. Халық және төңкеріс проблемасы жағдайға сай көркемдік шешімін тапқан.

Алайда әдебиет сабағын тарихилық принцип тәсілімен оқытудың әдістемесі арнайы ғылыми зерттеуге зәру.

48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. С.Мұқанов. «Ботагөз ». „Жазушы" А., 1953 ж.

2. Т.Нұртазин. «Жазушы және өмір»„Жазушы"А.,1960 жыл, 220-бет.

3. М.Қаратаев. «Социалистік реализмнің қазақ прозасында

қалыптасуы». „Жазушы"А., 1965 ж.

4. С.Мұқанов. «Өмір мектебі». „Жазушы"А., 1-кітап, 1970ж.348-360-б.

5. З.Қабдолов. «Әдебиет теориясының негіздері» „Мектеп» А., 1972 ж.

6. Ә.Қоңыратбаев. «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»

„Мектеп" А., 1962 ж.

7. Ә.Қоңыратбаев «Әдебиетті оқыту методикасы» „Мектеп"А.,. 1965ж.

8. Орта мектепте көркем шығармаларды оқыту. „Мектеп» А., 1965ж.

9. «Қазақстан мектебі» журналы.

С. Мақпыровтың еңбектері.

10. «Қазақстан мүғалімі" газетінің материалдары пайдаланылды.

49

«КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ БОЙЫНША



САЯХАТ - САБАҚ
«Көкшетау» поэмасына арналған бірініші сабақта поэманың тақырыбы, идеясы ашылып, композициялық құрылысына жоспар жасалды. Фигураның бір түрі - шендестіру еске түсірілді.

Көкшетау туралы қосымша материал жинақтау, үзінді жаттау, сабақтан алған әсерлерінің негізінде шығармашылық жұмыспен шұғылдану тапсырылады.

«Көкшетау» поэмасы бойынша оқушылардың бірінші сабақта алған білімдерін сыныптан тыс жұмыспен байланыстырып, екінші сағатын саяхат - сабақ етіп өткізіп жүрміз.

Саяхат - сабақта оқушылардың өз өлкесіне, туған жеріне, оның сұлу табиғатына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық,

эстетикалық, экологиялық тәрбие беру көзделеді. Оқушыларға сабақтан алған әсерлердің негізінде көңілге түйгендерінен шығарма жазып, Көкше көріністерінен суреттер салатыны ескертіледі.

Саяхат- сабақта мына мәселелерге көңіл бөлінеді:

1. «Көкшетау» поэмасының жазылу тарихы.

2. Сабакты Көкшені зерттеген П.Л.Драверт пен Н.Д.Беклемишевтің

ғылыми еңбектерімен байланыстыру.

3. Гранит тастары мен қия жартастарының әр

50

алуан мүсінге айналу құпиясын ашу.



4. Жер аттарына байланысты туған аңыздармен таныстыру.

5. Санаторий, сауықтыру орындары туралы мәлімет беру.

6. Көкше табиғаты, көлдері, есімдігі, жануарлар дүниесі, климаты.

7. Көкшенің ақын - әншілері.

8. Шортан - ¥лы Отан соғысы жылдарында.

9. Көкшем - өнер, ғылым дастаны.

10. Табиғатты қорғау.

11. Көкшені жырлаған ақын- әншілер.

12. Көкшетау - мерекелі, берекелі ел мекені.
Саяхат-сабақта мұғалім сөзі басты рөл атқарады. Сондықтан сабақтағы әңгіме-баяндауды, мүмкіндігінше, қалпын бұзбай бергенді жөн көрдік.

Өр Көкше, ер Көкше, сал Көкше, сері Көкшені қашаннан қазақ баласы бір көруге құмар-- ақ. Бұл ынтық ықылас бал-бұл жанған бала жасымыздан-ақ жүрегімізде әлди әнімен кірген. Біржан салдың сұлу әні бесігімізді тербетсе, Ақан серінің нәзік әні ана сүтіндей нәр берді. Аспандағы аққуға әнін қосқан Үкілі Ыбырайдың атақты «Гәккуі» арманымызға қанат бітірсе, Р.Елебаевтың «Жас қазағы» жүрегімізге жігер құйған. Елімнің елдігін, бауырларымның ерлігін танытқан Көкшені поэзия тілінде тыңдайықшы:

51

Көкше деп атанған елімнен айналдым,



Жұпар боп желпіген желімнен айналдым.

Аққуға үн қосқан әніңнен айналдым,

Шоқаным шомылған көліңнен айналдым.
Көгілдір мұнарлы нұрыңнан айналдым,

Құлагер аунаған қырыңнан айналдым.

Көкше деп шырқаған Біржаным, Ақаным,

Сендердің өлмейтін жырыңнан айналдым.


Ғашықтар сырындай нуыңнан айналдым,

Жөргегім жуылған суыңнан айналдым.

Көкшенің төбесін күнге бір жеткізіп,

Куйбышев көтерген туыңнан айналдым.


Армандай мұнартқан тауыңнан айналдым,

Атымнан түсірген аулыңнан айналдым.

Қазақтың қаһарман Жүлдызды Батыры,

Мәліктей өлмейтін бауырымнан айналдым.


Оқжетпес сияқты шыңыңнан айналдым,

Теңіздей тасыған тыңыңнан айналдым.

Даламды түлеткен, кеудемді гүл еткен,

Жеңімпаз қызыңнан, ұлыңнан айналдым.


(Е.Ибраһимнің өлең жолдары оқылып, мазмұнына лайық суреттер көрсетіледі).

Міне, осындай өрендер туған Көкшені теледидардан көріп, кітаптан оқып, қаншама

52

тамсана, тамашалай тыңдағанмен, бар сұлулықты жеткізеалмай, айта алмай отырғандай боламыз. Сан мәртебе көріп жүрсек те, жаңа көріп тұрғандай ыстық ықыласымыз арта түседі. Сол ғаламат сүлулықты өз көзімізбен көрейік.



Бүгінгі саяхат-сабағымызды «Светлый» пансионатынан бастаймыз. «Светлый» пансионаты Бурабай өңіріндегі ең көркем Шучье көлінің жағасына орналасқан. Бұрын «Светлый» демалыс үйі деп аталыпты. Ертеректе осы «Светлый» санаторийінде 1950-1956 жылдары дәрігер-жазушы Зейін Жүнісбекұлы Шашкин құлак-көмей, мұрын ауруларын емдейтін дәрігер болып қызмет атқарған. Өкпе ауруларын рентген сәулесімен емдеуді Қазақстан медицина тарихында алғашқылардың бірі болып қолданады. 1956 жылы Алматыға келіп, жазушылық қызметке бет бұрады. Көп жылғы еңбегінің нәтижесінде «Доктор Дарханов» романы дүниеге келеді. «Доктор Дархановтағы» Нияз Бәзілүлы Дархановтың өмірдегі прототипі - 3. Шашкиннің өзі еді.

Көгілдір өлкенің саф ауасы, мөлдір көлі, жасыл орман желегі - жанға сая, дертке дауа. Бурабай курортты аймағында он санаторий мен профилакторий, он үш демалыс үйі, туристік база, қысқа мерзімді демалыс базалары, бірқатар пионер лагерлері жүмыс істейді. Барлық сауықтыру орындарында жыл сайын 53 мыңнан

53

астам адам тынығып, денсаулығын жақсартып қайтады.



Бурабайды зерттеуші Н.Д.Беклемишев Бурабай курортының ауа-райы ылғалды, жауын-шашынды болуына қарай көл санының 70-ке жететінін айтады. Бірақ ол Көкшетау қаласының оңтүстік-батыс, терістік жағындағы көлдерді есепке алмайды.

И.Я.Словцов 1878 жылы Көкшетау дуанының жерін толық аралап шығып, тарихи географиялық очерк жазғанда көлдердің санын жүзден асырады. Демек, Сәкеннің «Сексен көл Көкшетаудың саясында» деп жырлауында еш жаңсактық жоқ. Көкше бауырындағы ең сұлу көлдер: Бурабай, Шортан, Қотыркөл, Аққу көлі, Шабақ, Майбалық т.б. Бұл көлдерді қалың тоғай мен таулар, бұйра қыраттар қоршап тұр. Көл төңірегіндегі орман-тоғайдың, өзен суларының күтімінің кемуі келешекте бүгінгі Арал тағдырындай өкінішке ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да Бурабай төңірегінің табиғат байлығын қалпында сақтап дамыту - үлкендердің ғана емес, жас жеткіншектердің де аса жауапты міндеттерінің бірі.

Міне, Шортан көлі. Ертеректе шортан балығының көп болуына байланысты «Шортан» көлі деп аталғанына толық сипаттама бере кетемін. Соңғы кезде бұл балықтың түрі сиреп кеткен. «Шортан» көлінің ең терең жері - 25 метр,

54

орташа тереңдігі - 14,6 метр. Қала тұрғындары көлді ауыз суға пайдаланады.



Бұдан кейін «Шучье» санаторийіне тоқталып, оның басты сауықтыру орнына айналғаны әңгімеленеді.

1939 жылы «Шортан» көлінің оңтүстік жағынан Қарағанды кеншілерінің демалыс үйі, қазіргі „Шучье" санаторийі салынды. Санаторий жыл бойы жұмыс істейді. Қыста бір мерзімде 326 адам, жазда 520 адам қабылдайды. Демалушылар 1974 жылы бой көтерген жеті қабатты үйде орналасады. Мұнда соңғы жылдары буын, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдістері қолданыла бастады. «Шучье» санаторийінің және «Светлый» пансионатының ұжымы «Ең қонақжай сауықтыру орны» деген атақты жеңіп алу үшін күресуде. Сонымен қатар «Шучье» санаторийі республика бойынша сауыктыру мекемелері кадрларын даярлаудың және олардың кәсіби шеберлігін арттырудың орталық базасына айналды.

Көкшетау - Абылай ханның мекені. Абылай 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай рет шабуыл жасап, елді қырғынға, күйзеліске ұшыратты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманында жоңғар қалмақтарына қарсы күресте қазақтың басын біріктірген Абылайды үш жүздің басшылары 1777 жылы - ақ

55

киізге көтеріп хан еткен. Бірақ Екатерина II оны тек Орта жүздің ханы етіп 1778 жылдың 24 -мамырында тағайындайды. Абылай хан өлгеннен кейін 1782 жылы Ш.Уәлихановтың атасы Уәлі аға сұлтандыққа ие болды. Россия патшасының отаршылдық саясатына бас ұрған Уәлінің екі қыстауы болған: бірі - қою қарағайлы шок қайыңды айна көлді Сырымбетті Уәлінің өзі мекендеген, кейін Айғаным, баласы Шыңғыс, оның баласы Шоқан тұрақты мекенге айналдырған. Екіншісі - Уәлінің үлкен ұлы Абайылда мекендеген Бурабай түбіндегі - Қызылағаш.



Көкше десек,

«Сұлулықтын, кербездіктің іңкәрі,

Қанаттының, шабыттының сұңкары».

С.Сейфуллиннің бейнесі елестейді. 1923-1927 жылдары ақын Көкшеде болып, сұлу табиғатын тамашалайды, елдің, жердің тарихын, ауыз әдебиетін, әнші-ақындар өмірін мұкият зерттейді. ¥зақ жылдық еңбектің нәтижесінде 1928 жылы «Көкшетау» поэмасы дүниеге келді.

Саяхат-сабақ барысындағы бірінші аялдама.
Талай сыр ертегіні ел айтады,

Ызыңдап таудан соққан жел айтады.

Сырласып, сыбырласып жапырақтар,

Күндіз-түні күңіренген көл айтады, -

дегендей «Жас батыр» аңызын еске түсіреміз.

56

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Қырғын бір ұрыста екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, көлді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді, өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:



- Қолдарыңа түскен бір жауынгерге қүн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе берем. Ол -өзімнің өмірім, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

Ол не? - дейді, досын кұтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы, екі көзіңді ойып аламын.

Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді. Жігіт сыннан толқусыз өтеді. Тұтқыннан босаған досының иығынан құшақтаған қалпында күлімдеп, екі аяғын маңғаздана басып өтеді. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

«Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе--бет ұрыста жеңу қиынға соғар», - деп түйеді де

57

бірден өз әскерлеріне шегінуге бұйрық бергең екен.



Ел аузында «Жеке батыр» туралы тағы бір аңыз бар. Енді сол аңызды тыңдап көрейікші:

Есімі есте қалмаған ертеде алып туған ел қорғаны батыр болыпты. Таудай тұлғасына -күші, күшіне ерлігі тең! Қасына серік алып, қол ертпейді. Елдің шетінде, таудың бетінде жалғыз жүреді. Өздігінен барып ешкімге ұрынбайды, өз елінің шетіне ешкімге аяқ бастырмайды. Сол үшін батырды халық аса қадір тұтып, «Жеке батыр» атайды.

Қазақ елінің ерлігіне қызықпаған, көз алартып, айналадан аңдымаған жау аз ба тегі? Жылдардың жылында күннің батысынан қара құрттай қаптаған жау көрінеді. Олар Жеке батырдың жайын тым жақсы білетін-ді. Бұл жолы бұны қайтсе де өлтірмекші болады. Солармен бұрынғысынша жалғыз алысады. Жеке батырдың тұла бойында жарадан сау жер қалмайды. Оны байлауға мұршасы келмей, қатты қансырайды. Тәулік бойы нәр татпай, кірпік те ілмей, тыным-тыныс көрмеген батыр әбден қалжырайды. Үйқы –дұшпан қысады. Жаудың бірі өлсе, жүзі бар. Қару сілтеуге әлі келмей жаны қысылған Жеке батыр ақырғы күшін жинап, күндей күркіреп, айғай салады: «Өткізбеймін еліме!... тау боп жатам жолыңа!» - дейді де, екі таудың арасындағы кең асу аңғарға көлденең түсіп, сұлап жатып қалады.

58

Бойында тамшы қан қалмай, әл-дәрмені құрыған әрі ұйқы қажытқан батыр сол бойында көзі жұмылып қалғып кетеді. Содан кейін оянбайды. Жауды өткізбей, елін аман сақтап қалады. Өзі де тауға айналып, мәңгілік ұйқыға кетеді. Сондықтан да батыр біткен өлмесін деп, табиғаттың өзі-ақ ескерткіш жасапты. Жеке батыр ескерткішін көрсетіп:



Болыпты баяғыда Жеке батыр,

Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.

Бір күні қарауылда қалғып кетіп,

Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Сол батыр осы күні бір үлкен тау,

Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау.

«Үйықтаған батыр» дейді таудың атын,

Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.

Батырдың 40-қа таяу келген жасы,

Денесі биік жота, таудай басы.

Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,

Киюлі баста жатыр дулығасы.

Қараңыздар, нар тұлғалы батырымыз

Көкшенің саф ауасымен тыныстап үйықтап жатыр.


Ұшар биігі 826 метрге тең Жеке батыр туралы айтылар аңыз осындай!
жүктеу 1,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау