Тарифтік-біліктілік анықтамалығы (21-шығарылым)



жүктеу 0,56 Mb.
бет2/4
Дата29.12.2019
өлшемі0,56 Mb.
#25403
1   2   3   4

5) электрорадиоэлементтерді тұжырымдары – қол құрал - саймандары мен құрылғыларының көмегімен тазарту;

6) электрорадиоэлементтердің, маңдайшалардың, сымдардың тұжырымдар – дәнекерлегішпен немесе тиглада қалайылау;

7) 2- және 3- сымды штепсельге арналған байланыс жинағы – шығарылымды кесу, майсыздау, қалайылау, жинақтау және дәнекерлеу;

8) түрлі диаметрлі лаглинядан жасалған созылымдар - дайындау;

9) түрлі диаметрлі көп қабатты созылымдар – сынабекітпе мен айырғышқа бұрымдалған болат арқаннан дайындау;

10) экрандалған шырмауы бар сымдар, кабельдер және баулар – изоляторларды алу және өңдеу;

11) латунды тор – өлшемдері бойынша дайындау;

12) болат және мыс арқан – арқанға метал бұйымдарды бекіту, арқанды тігу, ұштамаларды дәнекерлеу және қалайылау;

13) болат арқан – тұтасқан жерлерінде мыс сыммен шырмау;

14) айырғыш түтіктер – лектрорадиотетіктерге кигізу және оларды қолмен шығару;

15) айырғыш түтіктер, сымдар,кабельдер – дайындамаларға өлшемі бойынша кесу, таңбалау;

16) түрлі диаметрлі лаглинядан жасалған жаңғақты айырғыштары бар тізбектер – шырмауларды сала отырып, беске дейін және одан жоғары айырғышқа бекітілген антенналық арқаннан дайындау.

Параграф 2. Радиотакелаж бен электрорадиоэлементтерді

дайындаушы, 3-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтарда, жартылай автоматтарда және автоматты желілерді радиотакелаждар мен электрорадиоэлементтерді дайындау бойынша түрлі жұмыстарды орындау;

техникалық құрылғыларды дайындау және микромодульді орындауда электрорадиоэлементтердің тұжырымдамаларын қалыптау, кесу, қалайылау процесін жүргізу;

жұмыс және бақылау-өлшеу құрал-саймандарының күрделі құралдарын пайдалана отырып, аса күрделі экрандалған кабельдерді, бауларды өңдеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды және жұмыс процесі кезінде оның негізгі түйіндерін жөндеу.

39. Білуге тиіс:

электрорадиоэлементтерді дайындаудың техникалық;

технологиялық талаптарын және рұқсат етілетін ауытқуларын, электрорадиоэлементтерді дайындау процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтар мен бақылау-өлшеу құрал-саймандарының жұмыс принципі мен қолданылу ережелерін, электро- және радиотехника негіздерін.

40. Жұмыс үлгілері:

1) микросхемалардың тұжырымдамалары – жартылай автоматта сымды дәнекерді пресстеу;

2) микромодульдер, дроссельдер, транзисторлар, диодтар, матрицалар, микросхемалар – тұжырымдамаларды қалыптау, қалайылау және кесу.

4. Ленталы өзекшелерді дайындаушы


Параграф 1. Ленталы өзекшелерді дайындаушы, 2-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:

өзекшелерді күйдіруге және пісіруге дайындау, оларды салмағы және ауқымдылығы бойынша сұрыптау;

бір мезгілде айыру қабатын салып өзекшелерді орау, нүктелік пісіру аппаратында ленталардың соңдарын пісіру, оларды салмағы бойынша тықсыру және шаблон бойынша тексеру;

айыру материалдарымен магнит сымдардың барлық түрлерін орау;

шығыршықты қайшылармен ленталарды қию, арнайы құрылғыларда лентадан мұртшаларын алу;

лентаны майсыздау;

термостаттарда өзекшелерді кептіру.

42. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың қызметі мен жұмыс принципін;

анағұрлым көп таралған әмбебеап және арнайы құралдар мен бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының қызметі мен қолданылу шарттарын;

техникалық шарттарға сәйкес өзекшелерді тексеру әдістерін, өзекшелерді айыру тәсілдері және қолданылатын материалдарды, суспензияны әзірлеудің рецептурасы мен технологиялық процесін;

өңделетін материалдардың негізгі механикалық және электрорадиотехникалық қасиеттерін, электро- және радиотехника негіздерін.

43. Жұмыс үлгілері:

1) айыру ленталары – кесу;

2) магнитті ленталар – роликті қайшылармен қию, майсыздау;

3) металл ленталар – мұртшаларын алу және орауға дайындау, ультрадыбыстық майсыздау;

4) магнитті өткізгіштер – лакожібекпен немесе лакоматамен орау;

5) тік бұрышты және басқа түрлі өзекшелерге арналған пластиналар пакеті - өлшем бойынша өру;

6) пластиналар - тік бұрышты және басқа түрлі өзекшелерге арналған жинақ;

7) өзекшелер – күйдіруге дайындау;

8) броньді және өзек типтес трансформаторларға арналған өрілген ленталық өзекшелер – орау және суспензияны жағу;

9) О– бейнелі және тік бұрышты күш трансформаторларына арналған өзекшелер– орау және нүктелік күйдіру.

Параграф 2. Ленталық өзекшелерді дайындаушы, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі диаметрлі аз партиялы өзекшелерді қалыңдығы әртүрлі ленталармен орау;

айыру қабатының қалыңдығын есептеу өндірісі;

өзекшелердің магнитті қасиеттерін анықтау;

өзекше мен оның трансформациясының кедергісін есептеу және өлшеу;

жабдықты жөндеу.

45. Білуге тиіс:

ленталық өзекшелерге қойылатын техникалық және технологиялық талаптар;

ленталық өзекшелерді дайындау кезінде қолданылатын технологиялық жабдық пен электро аспаптарының құрылымы және пайдалану ережелері;

электро- және радиотехника негіздерін.

46. Жұмыс үлгілері:

1) магнит өткізгіштер – орау;

2) магнит өткізгіштер – ысқылау және техникалық шарттар бойынша параметрлерін тексеру;

3) оралған ленталы өзекшелер – электрлік параметрлер бойынша тықсыру, кедергіні өлшеу және тарту.

Параграф 4. Ленталық өзекшелерді дайындаушы, 4-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

сызбалар мен нобайлар бойынша өзекшелердің тәжірибелі және эксперименталды үлгілерін орау;

магнит өткізгіштердің тәжірибелі үлгілерін дайындау;

тороидальды және кесетін тік бұрышты өзекшелердің магнитті қасиеттерін тексеру және оларды жинақтау;

өзекшелерді тексеруге арналған өлшеу аспаптарының сызбасын құрастыру;

тәжірибелі және эксперименталды үлгілерге арналған өзекшелерді орау режимін іріктей отырып, электрофорезді қондырғыларды баптау;

тік бұрышты өзекшелерді кесу, калибрлеу және ысқылау;

лента қалыңдығынан орам сандары мен орам сандарынан кедергілерді тәуелділік кестелері бойынша анықтау;

электрөлшеу аспаптарымен ленталық және тік бұрышты өзекшелердің барлық типтерін өлшеу.

48. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымын, жөндеу тәсілдерін, күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандар мен аспаптардарың құрылымын;

қызметі мен қолданылу шарттарын, ленталы өзекшелерге нормалилерді;

өзекшелердің тәжірибелі және эксперименталды үлгілерін тексерудің приципті сызбасын;

вакуумды және жалынды пештерде термоөңдеу ережелерін;

электр- және радиотехника, металл жүргізу негіздерін.

49. Жұмыс үлгілері:

1) магнит өткізгіштер (тәжірибелі үлгілер) – техникалық шарттар бойынша параметрлерді калибрлеу, ысқылау және тексеру;

2) тороидальді өзекшелер – тәжірибелі үлгілерді орау және тексеру.

5. Радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды бақылаушы
Параграф 1. Радиоэлектронды аппаратуралар

мен аспаптарды бақылаушы, 3-разряд


50. Жұмыс сипаттамасы:

сызбалар, кестелер және радиоэлектронды аппаратуралардың техникалық тораптары, элементтері, блоктар және аспаптары, байланыс және күрделілігі орташа ЭЕМ аппаратуралары бойынша бақылау және қабылдау; техникалық шарттар мен дәлдікке тексеретін арнайы кестелер бойынша есептеу-шешу механизмдері мен аспаптарының блоктарын тексеру;

техникалық шарттарға сәйкес түйіндерді, элементтерді, аспаптарды, механизмдерді, катушкаларды, трансформаторлар мен контурлы катушкаларды сынақ жүргізуге дейін және кейін электрлік тексеру

51. Білуге тиіс:

радиоэлектронды аппаратуралар, өткізгіш байланыс және ЭЕМ аппаратураларының бұйымдарына бақылау жүргізген кезде жинақтау және жөндеу жұмыстарының негізгі түрлерін, қабылданатын бұйымдардың құрылымы мен қызметін;

бұйымдарды қабылдау үшін қабылдаудың, нормалилердің және рұқсатнама жүйесінің техникалық шарттарын, радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды механикалық және электрлік реттеуді тексерудің әдістері мен тәсілдерін;

радиоэлектронды аппаратуралар, байланыс және ЭЕМ аппаратураларын құрастыру және жинақтау әдістерін;

қабылданатын бұйымдардың жиілік тұрақтандырылуын тексеру әдістерін және тұрақтандыру қондырғылардың жұмыс принципін;

қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарды тағайындауды және қолдану қағидаларын, электр- және радиотехника негіздерін.

52. Жұмыс үлгілері:

1) тасымалды радиостанциялар мен радиоқабылдағыштарға арналған антенналар – дайындау сапасын бақылау;

2) теледидарлар, радиоэлектронды аппаратуралар және байланыс құралдары аппаратураларының блоктары – техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау;

3) ВЧ блоктары, түйіндері – жинақтауды бақылау;

4) гетеродинді толқын өлшегіштер – бақылау және тексеру;

5) тұжырымдамалы конустар,маңдайшалар, жинақтау өткізгіштері – қалайылау сапасын және сыртқы түрін қадағалау;

6) фильтрлі түзеткіштер, кварцты фильтрлер – құрастыру және жинақтауды бақылау;

7) динамикалық дыбыс үдеткішінің бастиегі - құрастыруды бақылау.

8) диодтар, транзистрлар, конденсаторлар, резисторлар, микросұлбалар – сыртқы түрін және электр өлшемдерін бақылау;

9) теледидарлардағы дискриминаторлар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

10) тегеуріндер, жоғары жиілікті ажырағыштар, индикаторлар катушкалары, резисторлар, конденсаторлар, трансформаторлар – құрастыру мен жинақтауды бақылау;

11) бумалар, кабельдер – дайындау сапасын бақылау;

12) сызбалы күрделікабельдер – дайындау сапасын бақылау;

13) теледидарлар мен радиоқабылдағыштардағы ілеспе дыбыстар каскадтары – техникалық шарттарға сәйкес бақылау және қабылдау;

14) реле катушкалары, трансформаторлар катушкалары, ферритті сырықтарға индуктивтілік катушкалары – орау сапасын бақылау;

15) ферритті сақиналар – сырқы түрін көзбен шолып бақылау;

16) қалааралық коммутатор – кілттерді механикалық реттеуді бақылау;

17) гермитизделген контурлар мен фильтрлер – герметиктілікке тексеру;

18) магнитті өткізгіштер – магниттік сипаттамаларды амперметр бойынша және осцилографта тексері;

19) магнитофондар – электрлік параметрлерді (сериялық өндіріс) бақылау;

20) аз қуатты қысқа толқынды таратушылар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

21) 3 және 4 классты таратушылар – құрастыру, жинақтауды бақылау;

22) галетті ауыстырып қосқыштар, диапозонды ауыстырып қосқыштар – құрастыруды бақылау;

23) АТКС тектес автоматты телефон станцияларының алынбайтын платалары – құрастыруды және жинақтауды бақылау;

24) баспа платалары – дайындау кезінде тезнологиялық тәртіптерді бақылау, баспа сұлбасының барлық өлшемдерін тексеру;

25) баспа платалары – микроскоптың астында металдандырылған бетті тексеру;

26) микро сұлбалары бар платалар – жинақтауды бақылау;

27) түрлі-түсті теледидардың баспа платалары – құрастыру сапасын және жинақтауды салуды бақылау;

28) байланыс құралдары аппаратуралары күшейткіштерінің платалары – құрастыруды бақылау;

29) дабыл аспаптары – құрастыруды және жинатауды бақылау;

30) 3 және 4 классты супергетеродинді қабылдағаштар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

31) күрделілігі орташа реле - механикалық және электрлік реттеуді бақылау;

32) күрделі емес реостаттар және потенциометрлер – жинақтауды бақылау;

33) өзекшелер – сыртқы түрі бойынша қабылдау;

34) ЭЕМ аппаратурасы мен өткізгіш байланыс аппаратураларының блоктық конструкцияларының тіректері – құрастыруды бақылау;

35) түрлі-түсті теледидар тораптары мен блоктары – құрастыру сапасын бақылау;

36) баспа түйіндері – сызбаға сәйкес бақылау.

Параграф 2. Радиоэлектронды аппаратуралар

мен аспаптарды бақылаушы, 4-разряд


53. Жұмыс сипаттамасы:

радиоэлектронды аппаратуралар, өткізгіш байланыс пен ЭЕМ аппаратураларының қабылдау тапсыру және дыбыс жазу құрылғыларының күрделі блоктарының сызбалар, сұлбалар және техникалық шарттар бойынша бақылау, сынау және қабылдау.

54. Білуге тиіс:

радиоэлектронды аппаратуралар, өткізгіш байланыстар мен ЭЕМ аппаратураларының қабылданатын бұйымдарының құрылымын және тексеру тәсілдерін;

күрделі тетіктер мен түйіндерді қабылдаудың техникалық шарттары мен Мемлекеттік стандарттарын (бұдан әрі - Мем.стандарт), қызмет көрсетілетін учаскеде жарамсыздарды жіктеу және оны алдын алу;

радиоэлектронды аппаратуралар, өткізгіш байланыстар аппаратураларын, электромеханикалық аспаптар мен ЭЕМ аппаратураларының құрастыру, жинақтау;

реттеу және сынау жұмыстарын тексеру әдістерін;

бақылау-өлшеу аспаптарын баптау ережелерін;

электр- және радиотехника негіздерін.

55. Жұмыс үлгілері:

1) аккумуляторлық зарядтау-қуаттандыру құрылғыларының аппаратуралары – сызбаны құрастыруды және реттеуді бақылау;

2) өлшеу аппаратуралары – құрастыру, жинақтау, реттеуді бақылау;

3) байланыс құралдары аппаратурасы – электрлік параметрлерді бақылау;

4) магнитті барабандар – құрастыруды бақылау және жинақтауды электрлік тексеру;

5) арнайы бұйымдардың блоктары – бақылау және қабылдау;

6) түрлі-түсті теледидарлардың блоктары – құрастыру, жинақтау және электрлік параметрлердің сапасын бақылау;

7) алыс байланыс аппаратураларының түзеткіштері мен тұрақтандырушылары - электрлік параметрлерді бақылау;

8) түзеткіштерден қоректенетін 2 диапазонды кварцты стационарлы генераторлар – электрлік параметрлерді бақылау, техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

9) санау және жазу магнитті бастиектері – бақылау;

10) жоғары жиілікті бөлгіштер – құрастыру, жинақтауды бақылау, сұлбаларды реттеу;

11) интегралды сұлбалар, кідіріс желілері мен миксерлі потенциометрлер – электрлік параметрлерді бақылау;

12) сызбалы күрделі өткізгіш сымдар – бақылау және қабылдау;

13) магнитофондар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау (аз сериялы дара өндірісте);

14) «Консул» типтес жазу машиналары, ФС-1501 фотоесептегіштері, перфораторлар – ауқымды өлшемдерді, жасақталуды, сыртқы көрініс құрастырылуы, құжаттаманы бақылау;

15) көбейткіш механизмдер – құрастыру, жинақтау және реттеуді бақылау және шешімнің дәлдік жұмыстарын тексеру;

16) арнайы бұйымдардыі панельдері – құрастыру, жинақтауды бақылау, электрлік параметрлер бойынша және ұяшықтардың өзара алмасуын қамтуды тексеру;

17) 2 диапазонды қысқа толқынды таратқыштар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

18) кварцты тұрақтандырғыштары бар таратқыштар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

19) кодты ауыстырып қосқыштар – құрастыру, жинақтау және реттеуді бақылау;

20) 2 классты бар толқынды супергетеродинді қабылдағыштар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

21) бақылау және басқару пульттары – құрастыру, жинақтауды бақылау, электрлік параметрлер бойынша тексеру;

22) күрделі реле – электрлік параметрлерді бақылау;

23) аңду жүйелері – күшеткішті баптауды тексеру.;

24) түрлі жүйедегі автоматтандырылған телеффондық стансасы (бұдан әрі - АТС) стативтері – электрлік және механикалық параметрлерді бақылау;

25) өткізгіш байланыс аппаратураларының тіректері, ЭЕМ тіректері – бақылау;

26) синхронизациялау сызбалары – электрлік параметрлерді бақылау;

27) 1 және 2 классты теледидарлар – электрлік параметрлерді бақылау және техникалық шарттарға сәйкес қабылдау;

28) ТЭЗдер – құрастыру, жинақтауды және стендте жұмысқа қабілеттілікті бақылау;

29) есептеу техникасының есте сақтау құрылғыларының элементтері – құрастыру, жинақтауды бақылау;

30) күрделі бумаларға арналған шаблондар – техникалық шарттарға сәйкестілігін бақылау.

Параграф 3. Радиоэлектронды аппаратуралар

мен аспаптарды бақылаушы, 5-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

аса күрделі аспаптарды, қабылдау тапсыру құрылғылары мен жүйелері, ЭЕМ блоктары мен құрылғылары, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық аспаптар, радиоэлектронды аппаратуралар мен өткізгіш байланыс аппаратураларын құрастыру сызбалары, кинематикалық принципті сызбалар, кестелер, нұсқаулар мен техникалық шарттар бойынша бақылау, сынау, қабылдау және тапсыру.

57. Білуге тиіс:

аса күрделі, нақты және жауапты бұйымдарды қабылдауға техникалық шарттар мен Мем.стандарттарды, аса күрделі радиоэлектронды құрылғылар мен аппаратураларды тексерудің механикалық;

электрлік және кешенді тексеру әдістері мен тәсілдерін, аса күрделі есептеу шешу;

электромеханикалық, электромагниттік және акустикалық аспаптар, құрылғылардың конструкциясы мен қимыл принципін;

дайындаудың технологиялық процесін, аса күрделі қабылдау тапсыру, теледидарлық құрылғылардың;

өткізгіш байланыс аппаратурасының станциялар кешенінің қимыл принципін және оларға қойылатын талаптарды, бұйымдарды бақылау процесі кезінде қолданылатын түрлі күрделі және нақты бақылау өлшеу аспаптарының құрылымы мен қимыл принципін және оларды қолдану ережелерін;

радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарға сынау жүргізудің техникалық шарттары мен нұсқауларын, электр- және радиотехниканегіздерін.

58. Жұмыс үлгілері:

1) акселерометрлер - қабылдау және бақылау;

2) антенналар – антеннаның таратқышпен жұмысының үйлесімділігін бақылау;

3) баспа платаларындағы блоктар – құрастыру, жинақтау және электрлік параметрлердің сапасын бақылау;

4) радиотелеметрикалық аппаратураның блоктары - техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау;

5) датчиктер – бақылау және қабылдау;

6) гироскопикалық маятниктер – тербеліс амплитудасының реттелуін бақылау;

7) кез келген диапазоны бар саны кемінде үш каскадты таратқыштар – техникалық талаптарға сәйкес бақылау және қабылдау;

8) микросхемалардағы платалар – техникалық талаптарға сәйкес жинақтауды бақылау;

9) электрлі үйлестіргіштерді түрлендіруші – техникалық талаптарға сәйкес бақылау және қабылдау;

10) есептеу шешу, электронды, түзеткіш және бағдарламалық аспаптар – бақылау және қабылдау;

11) 1 классты бар толқынды акустикалық және супергетеродинді таратқыштар – техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау және қабылдау;

12) гирокомпасты және есептеу-шешу аңду жүйелері – бақылау, қабылдау және тапсырыс берушіге тапсыру;

13) радиолокациялық станциялар – электрлік параметрлер бойынша бақылау және техникалық талаптарға сәйкестігін қабылдау;

14) ЭЕМ және өткізгіш байланыс аппаратураларының тіректері – құрастыру, жинақтауды бақылау және қабылдау;

15) түрлі-түсті теледидарлар – техникалы талаптарға сәйкес түс параметрлерін бақылау;

16) ТЭЗдер – электрлік параметрлерді бақылау, тапсыру;

17) кварцты, дроссельді, конденсаторлы фильтрлер – бақылау және қабылдау;

18) автоматика және гидростабилизациялардың құрылғыларына арналған есептеу техникасының электромашиналары – бақылау және қабылдау;

19) МППға арнайы ұяшықтар – сызбаға сәйкес бақылау, электрлік параметрлерді бақылау, тапсырыс берушіге тапсыру.

Параграф 4. Радиоэлектронды аппаратуралар

мен аспаптарды бақылаушы, 6-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:

қабылдау-тапсыру радиоқұрылғылары, автоматтық телефонды станциялар жүйелері, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық аспаптар, ЭЕМ, радиоэлектронды аппаратуралар мен кез келген күрделілікті өткізгіш байланыс аппаратураларын бақылау, қабылдау және толық сынау;

аппаратураның кез келген блоктары мен түйіндерінің тәжірибелі және эксперименталды үлгілерін бақылау және қабылдау.

60. Білуге тиіс:

кез келген күрделілікті аппаратураның конструкциясын, дәлдікке тексеру тәсілдерін, есептеу-шешу, электромеханикалық, электромагниттік, акустикалық, гироскопикалық аспаптар;

қабылдау таратқыш құрылғылардың аса күрделі үлгілерінің қимыл принципін және бақылу әдістерін, күрделілігі түрлі құрастыру, жинақтау, сынау;

радиоаппаратуралар мен өткізгіш байланыс аппаратураларының техникалық шарттары мен нұсқаулықтарын.

61. Орташа арнайы білім талап етіледі.

62. Жұмыс үлгілері:

1) ерекше нақты және жауапты микроқұрастырулардағы радиоэлектронды аппаратура – бақылау, сынау, тапсыру;

2) көпканалды телефондаудың аса күрделі станцияларының, радиолокациялық, гидроакустикалық станциялардың стационарлы (тәжірибелі) аппаратуралары – бақылау, сынау, тапсыру;

3) аса күрделі телеграфты аппараттар техникалық талаптарға сәйкес бақылау, тапсырыс берушіге тапсыру;

4) координатты гироскопикалық аспаптардың жинақтары – бақылау, сынау;

5) гироскопикалық прецизионды аспаптар мен жүйелер – бақылау, сынау;

6) жоғары классты бар толқынды супергетеродинді радиоқабылдағыштар мен радиолдар тәжірибелі үлгілерді бақылау, қабылдау және толық сынау;

7) радиолокациялық радиостанциялар - техникалық шарттарға сәйкес әрекеттегі антенналармен жұмыс қабілеттілігін, кешенді реттеуді тексеру және тапсырыс берушіге тапсыру;

8) интегралды сызбалар – электрлік параметрлерді бақылау;

9) аса күрделі телефон станциялары – механикалық және электрлік реттеуді бақылау, техникалық шарттарға сәйкес сынау және тапсыру. қабылдау және бақылау;

10) 1 және 3 классты түсті теледидарлар – электрлі праметрлерді, тәжірибелі эксперименталды үлгілерді бақылау.

6. Лаглинші


Параграф 1. Лаглинші, 2-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:

жіптер айлағын оралған жіпке бөлу;

түрлі диаметрлі лаглиняларды өру үшін бірнеше кергіштерде бір уақытта жіптерді орамдардан катушкаға қайта орау;

арнайы құралда жіптерді катушкадан домалату челноктарына бірқалыпты қайта орау;

жіптерді айлақтардан катушкаға бір уақытта балауыздап орау;

түрлі станоктарда бір уақытта 2-3 жұмыс түрлерін орындаумен түрлі диаметрлі лаглиняларды дайындау;

жіптердің үзілулерін жоятын станокта челноктарды салып өру, жүкшелерді реттеу және домалату челноктарын реттеу;

лаглиняларды айлақтарға түйіндер мен жіптерден тазартып, бақылау есептегіштері бойынша тексеріп орау.

64. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың қимыл принципі мен құрылымын және оны басқару қағидаларын, анағұрлым таралған әмбебап және арнайы құралдарын;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарының қызметі мен пайдалану шарттарын;

катушкалар мен челноктарды орау кезіндегі жұмыс әдістемелерін, қолданылатын материалдардың атауы мен и таңбалануын;

электр – және радиотехника негіздерін.

7. Радиоэлектр аппаратурасы мен аспаптардың жинақтаушысы


Параграф 1. Радиоэлектр аппаратурасы

мен аспаптардың жинақтаушысы, 2-разряд


65. Жұмыс сипаттамасы:

өндірістің барлық түрлерінде қарапайым түйіндерді, блоктарды, құралдарды, радиоқұрылғыларды, басу платаларын, радиоэлектронды аппаратуралардың панельдері мен фильтрларының секцияларын, алыс және қарапайым жинақтау сызбалары мен сызулары бойынша сымдар мен қосылыстарды толық бітеумен аппаратураны жинақтау, тазалау, герметизациялау, желімнің, шайырдың көмегімен бекіту;

желімге, шайырға орнатылған жеке радиоэлементтерді бөлшектеу;

қарапайым жинақтау сызбасы бойынша өткізгіштердің ұштарын дәнекерлеу және өңдей отырып, экрандалған және жоғары жиілікті кабель төсеу;

шаблондар бойынша жұмсақ және икемді сымдарды салу;

жеке сымдар мен маңдайшаларды экрандау және айыру;

жіп және металл құрсауларды бастыру;

электррадиоэлементтерді дәнекерлеуге дайындау;

ұштарын тазарта және қалайылай отырып жинақтау сымдарын кесу;

орау әдісімен жинақтау өндірісі;

өндірістік жинақтауды полярлыққа, үзілуге, қысқа тұйықталуға және электр өлшеу аспаптарын қолдана отырып, қосу дұрыстығына сынау және тексеру;


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау