|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
|
Ф 15-38/1-2-007
|
|
Шешім
Ғылыми кеңес
беттің беті
|
СМЖ «Институтты басқару»
ҮК БҮ 01-2011
Баспа 1.Дана №1
|
Жоба
«Арнайы педагогика» кафедрасында инклюзивті білім беру үрдісін жаңғырту жолдарын» тексеру жұмысы бойынша
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ШЕШІМІ
28 наурыз, 2017 жыл Тараз қаласы
Ғылыми кеңесте комиссия төрайымы Л.Н.Ибраимованың анықтамасын тыңдап, талқылай отырып, «Арнайы педагогика» кафедрасында инклюзивті білім беру үрдісін жаңғырту жолдары» бойынша мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.
5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша инклюзивті білім беру үрдісін жаңғырту жолдары қарастыру кафедра, факультет кеңесінде күн тәртібіне қойылып қарастырылған.
«Арнайы педагогика» кафедрасында инклюзивті білім беру жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізіледі:
инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі;
инклюзивті білім беру бағытында «Дефектолог» мамандарға арналған элективті пәндер пәндердің оқу-әдістемелік кешендері жасалған;
факультет, кафедра деңгейінде инклюзивті білім беру үрдісін жаңғырту жолдарына сай ашық сабақтар ұйымдастырылған.
Ғылыми кеңес «Арнайы педагогика» кафедрасында инклюзивті білім беру үрдісін жаңғырту жолдарын» тексеру жұмыстары бойынша төмендегідей жетістіктерді анықтады:
1. 5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша жыл сайын білім беру мекемелерінің сұранысын қабылдау, оны қанағаттандыру жұмыстары жүріп отырады;
2. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша шетел және отандық ЖОО оқыту, тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асып келеді;
3. Облыс, қала деңгейінде арнайы мекемелермен тығыз байланыс орнатылып, бірігіп конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікір-талас алмасулар ұйымдастырылып отырылады.
Төмендегідей кемшіліктер анықталды:
1. Кафедрада мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда тәжірибелі арнайы маманданған кадрлар тапшы;
2. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға қажетті арнайы құралдар тапшы;
3. Инклюзивті білім беруге арналған арнайы оқу-әдістемелік құралдар толықтыруды қажет етеді.
Жоғарыда көрсетіген мәліметтер негізінде Ғылыми кеңес қаулы етеді:
Комиссия төрайымы Л.Н.Ибраимованың анықтамасы назарға алынсын.
2. Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің деканы З.С.Тоқбергеноваға, кафедра меңгерушісі А.М.Қалматаеваға:
2.1 Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған психологиялық-педагогикалық қолдау Орталығын ашу қолға алынсын - 01.09.2017 ж. дейін;
2.2 «Сурдопедагогика» және «Тифлопедагогика» бағыты бойынша мамандық ашу қарастырылсын – 01.09.2017 ж. дейін;
2.3. Кафедраның кадрлар әлеуетін көтеру жұмыстары жандандырылсын - тұрақты;
3. Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент директоры А.К.Мажибаевқа:
3.1. Инклюзивті білім беруге арналған арнайы оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жолға қойылсын – тұрақты;
4. Институттың академиялық хаттар және ғылыми инновациялық даму департаментінің директоры Л.С.Илимхановаға:
4.1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағытында әлеуметтік жоба жасау қолға алынсын – 01.10.2017 ж. дейін;
5. Қаулының орындалуын қадағалау оқу-әдістемелік жөніндегі проректор С.Алимбаеваға жүктелсін.
Ғылыми кеңес төрайымы Д.Қожамжарова
Ғалым хатшы Н.Асылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |