Тарау. Құрылыс материалдарының топтамасы және қасиеттері Құрылыс материалдарының топтамасы



жүктеу 0,59 Mb.
бет9/22
Дата04.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#31487
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
1 -ші тарау

Аязға төзімділік-құрылыс материалдарының су мен теріс температуаның біріккен әсеріне қатынасын сипаттайтын маңызды физикалық қасиеттерінің бірі.

Аязға төзімділік деп материалдың суға қаныққан күйде мұздап қату мен ерудің бірнеше рет қайталануы кезінде беріктігінің кемуі мен қираудың белгілерінсіз төтеп бере алу қабілетін айтады.

Материалдың кеуектеріндегі судың мұздап қату кезінде материалдың қирауы мына себептерге байланысты болады: өсіп келе жатырған мұз кристаллдарының қысымы; судың көлемінің мұздап қату кезінде 9 % шамасында артуы (су тығыздығы 1 г/см3, мұз тығыздығы 0,917 г/см3 ).

Пайдалану кезінде материалдың сумен қанығуы мына себептерге байланысты: капиллярлық сорылу (гидротехникалық құрылымдарда, іргетастарда материалдың сумен жанасуы кезінде); гигроскопиялық ылғалдың конденсациялануы (қабырғалық конструкциялар материалдары).

Материалдың барлық кеуектері мен капиллярлары толық суға толған кезде (85...90 % - тен кем емес) қирау бір рет мұздап қатудан болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда құрылыс материалдары үшін мұндай сумен қанығу байқалмайды.

Материалдың аязға төзімділігі материал үлгісінің беріктігін көп өзгертпей қабылдай алатын мұздап қату мен еру циклдарының санымен өлшенеді.

Аязға төзімділікті бағалау әртүрлі материалдар үшін айырмашылықтары бар МСТ әдістемелерімен орындалады.

Материалдың аязға төзімділігі бойынша маркасы стандарттық әдіспен мұздатып қатыру және еріту циклдарының санымен анықталады. Осыдан кейін ауыр бетоннан жасалған үлгінің сумен қаныққан күйдегі сығылуға беріктік шегі белгілі цикл санынан кейін бастапқы құрғақ күйдегі беріктік шегінің кемінде 95% ( ) сақтауы тиіс; көптеген басқа материалдар үшін ол көрсеткіш 85 %-тен кем болмауы керек; құрылыстық ерітінділер үшін 75 %-тен жоғары.

Аязға төзімділік бойынша материалдың маркасы F әрпімен белгіленеді. Мысалы, бетонның аязға төзімділік бойынша маркалары: F25, F35, F50, F100, F150, F200, F300, F400, F500, F700, F1000; керамикалық және силикатты кірпіштің аязға төзімділік бойынша маркалары: F15, F25, F35 және F50.

Материалдың аязға төзімділігі оның құрылымына тәуелді болады: кеуектілік шамасы неғұрлым төмен болса аязға төзімділік соғұрлым жоғары және керісінше. Алайда бұл тәуелділік материалдың барлық кеуектерінің суға толмауына байланысты өте күрделі: кеуектердің сипаты-қатынасатын немесе тұйық кеуектер. Кеуектілігі жоғары, бірақ кеуектері тұйық сипатты материалдардың (шыныкөбік, ұялы бетондар – жалпы кеуектілігі 70%-ке дейін, бірақ сфера пішінді кеуектер үлесі басым) аязға төзімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болады. Ауыр бетонның кеуектілігі салыстырмалы түрде аз болғанымен кеуектері капиллярлы сипатта; материалдың өлшемі 0,1мкм микрокеуектеріндегі байланысқан су мұздап қатпайды, сондықтан мұндай кеуектер аязға төзімділікке әсер етпейді. Ең қауіптісі өзара қатынасты диаметрі 200мкм-ден жоғары капиллярлар.

Материалдың бүліну дәрежесі оның суға қанығу дәрежесіне, яғни материалдың құрылымы мен пайдалану шартына байланысты.

Қоршау конструкциялар үшін қолданылатын материалдарда суға қанығу дәрежесі төмен, ал «резервтік» кеуектілігі жоғары. Сондықтан оларға аязға төзімділік бойынша қойылатын талаптар тұрақты сумен жанасатын конструкцияларға қойылатын талаптардан төмен болады. Мысалы, керамикалық кірпіш үшін максимальді аязға төзімділік маркасы F50, ал гидротехникалық құрылыста, судың айнымалы деңгейінде қолданылатын ауыр бетонның аязға төзімділік бойынша маркасы F300...F500.

Құрылыс материалдарының судың әсеріне тұрақтылығын арттыру мақсатында әр түрлі технологиялық шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы:

-шикізат құрамына қосымша компонент енгізіледі, сол арқылы материалдың фазалық құрамы өзгеріп, ерігіштігі төмен құраушылар пайда болады (мысалы, гипстік қоспалардан гипсті-цементті-пуццоланды қоспаларға көшу);

-материал құрылымының тығыздығын арттыру (капиллярлық кеуектілікті төмендету), яғни су сіңіруді азайтып, суға төзімділікті арттыру.

Көп тараған әдістердің бірі кеуек және капиллярлардың ішкі және бұйымның сыртқы беттерінің жұғымдылығын кеміту – құрылыс материалдарын гидрофобтау. Гидрофобтау капиллярлық соруды, су сіңіруді, сорбциялық ылғалдануды кемітіп, материалдың суға төзімділігін арттырады.

Көлемдік гидрофобтау материалды дайындау кезінде қоспалардың азғана мөлшерін шикізатқа қосу арқылы орындалады. Қоспалар қосу бұйымдар дайындау технологиясын күрделендірмейді, олардың басым көпшілігі суда еритін сұйықтар немесе суға араласатын эмульсиялар.

Бұйымның беткі қабатына ерітінді немесе эмульсия сіңіру сыртқы беттің жұғымды болмауын және материалдың сыртқы қабатындағы кеуектер мен капиллярлардың гидрофобтануын қамтамасыз етеді. Материалдың сыртқы қабатын қабықша түзетін заттармен қанықтыру су сіңіруді төмендетеді.

Гидрофобтау бұйымның пайдалану қасиеттерін, мысалы ауа және бу өткізгіштігін, нашарлатпауы керек.

Суға төзімділікті арттыратын барлық шаралар (ерекше гидрофобтау) бір мезгілде аязға төзімділікті арттырады.

Аязға төзімділікті арттырудың тиімді және салыстырмалы қарапайым әдісі қоспаларды пайдалану. Материалда резервтік кеуектілік тудыратын қоспалар бетон қоспасына ауа ендіруші қоспалар болып табылады.

Құрылымның тығыздығын арттырушы қоспалар мыналар болуы мүмкін:

-капиллярлық кеуектердің көлемін кішірейтушілер (бетон қоспасын пластифициялаушы қоспалар және суперпластификаторлар, су мөлшерін азайтушылар);

–капиллярлық кеуектердің көлемін азайтушылар;

–кеуектерді толтырушылар (капиллярлардың қимасын кішірейтіп, судың өтуін төмендететін ұсақ минералды ұнтақтар - кольматациялаушылар).
Енді жылу физикалық қасиеттерді қарастырамыз.


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау