Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің



жүктеу 1,11 Mb.
бет3/5
Дата27.01.2018
өлшемі1,11 Mb.
#7964
1   2   3   4   5

1.3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің

педагогикалық қызметі. Білім беруді ақпараттандыру
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары мектеп пәндерінің 25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7 %).

Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен әлдеқайда артта қалуда.

Қазақстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Ресейде - 59). Сонымен қатар 2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңелді, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15-ті құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та – 4.

Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға Қазақстан мектептерінің 44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерінің 80 %-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52%-ы Интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген \25\.

Кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бір компьютерге тиісінше 31 және 25 оқушыдан келеді. Интернет желісіне кәсіптік мектептердің (лицейлердің) 39%-ы және колледждердің 51%-ы қосылған.

Сурет-4


Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны % облыстар бөлінісінде

Жоғары білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.



Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын енгізген, кейбірінде аталған технология эксперименттік режимде іске асырылуда \11\.

Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (7-кесте).
7-кесте

Білім беруді қаржыландыру (млн. теңге)




2000

2001

2002

2003

2004

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

2975

3322

3880

4553

5742

Жалпы орта білім беру

60007

67224

81744

98906

124979

Кәсіптік бастауыш білім беру

2693

3018

3910

5299

6540

Кәсіптік орта білім беру

2662

2528

2989

3495

5001

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

8120

9344

11783

12763

15506

Басқа да бағдарламалар

4959

17640

14671

24505

33547

Жиынтығы

81416

103076

118977

149521

191315

ІЖӨ-ге %

3,1

3,1

3,2

3,4

3,8

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өсті.



Білім беру сапасын бағалау. Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) енгізілуде.

Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың объективті құралы бола алмайды.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, объективті мониторинг жоқ. Білім беру сапасын басқару компоненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды. \4\

Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистика жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұнды әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Білім беру жүйесінде қалыптасқан ахуалдың негізгі себептері:

білім беру сапасын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етпейтін рәсімдердің басымдығы;

білім беру жүйесінің жаңадан еніп жатқан жайларға ден қоймауы, білім беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескірген қағидаттарына бейілділігі;

педагог кадрларды даярлау деңгейінің төмендігі, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз еңбегінің материалдық жағынан нашар ынталандырылуы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткіліксіз қаржыландырылуы;

оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдістемелік әдебиеттердің қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуі;

білім беру қызметтерінің нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми негізделген ұзақ мерзімді болжамының болмауы;

сабақтас мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінің тетігін жасау және іске асыру кезінде әдіснамалық қағидаттардың үйлесімсіздігі;

кәсіптік оқытуды және мамандар даярлауды ұйымдастыру процесіне жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестерді тарту тетіктерінің болмауы;

білім беру саласындағы құралдардың, әдістердің және бағалау қызметі технологияларының жеткіліксіз әзірленуі;

педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің нашар дамуы;

білім беруді басқару жүйесін қамтитын бірыңғай ақпараттық білім беру инфрақұрылымының болмауы \22\.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ “Білім” бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Алайда мұның өзі білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет етеді.




    1. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.



Бірінші кезең (2005-2007 жылдар). Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан қорғалмаған әрі тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады.

Кәсіпорындарға жеңілдікпен салық салу, ауылдық мектептерде көп функциялы білім беру ұйымы ретінде “мектеп – балабақша” кешендерін құру мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірленетін, сондай-ақ “Мектепке дейiнгi балалық шақ” республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылатын болады.

Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді \15\.

Арнаулы бiлiм беру жүйесiнде:

мүмкiндiктері шектеулi балаларды қамту кеңейтіледі;

арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және кеңейтіледі;

мүмкiндiктері шектеулi балаларды есепке алудың бiрыңғай нысаны жасалатын болады;

мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейінгі және кәсiптiк даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді.

Қосымша бiлiм беру жүйесiнде:

кәмелеттік жасқа толмағандардың сабақтан бос уақытта іспен шұғылдануы артады;

оқушылардың қызығушылықтарына қарай бірлестіктерге қатысуы артады;

жат мінез-құлықты балалардың саны азаяды.

Орта білім беруде:

12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады;

“Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады;

сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады;

оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім-білікті және дағдыны енжар “алушы” рөлі білім беру процесінің белсенді субъектісіне өзгереді;

мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады;

аудандық білім бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгізілетін болады.

Жыл сайын 54 мың педагог, оның ішінде 31 мыңы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады.

Ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауыл мектептерін салу жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен қалалық жерлерде қосымша 2005 жылы 7 мектеп, 2006 жылы 8 мектеп және 2007 жылы 11 мектеп салу жүзеге асырылатын болады \23\.

Көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналып 2005-2007 жылдары екі мектеп-интернат салынады, бұл 500 мұқтаж баланы оқытумен қамтуға мүмкіндік береді.

2005 жылы - 780, 2006 жылы - 880, 2007 жылы - 970 білім беру объектісін жөндеу көзделеді.

2010 жылға дейін 6238 білім беру ұйымы лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етілетін болады, бұл оқушылардың тіл дайындығын жақсартуға ықпал ететін болады.

Түзеу білім беру ұйымдары мүгедек балаларды оқыту үшін арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Мектептен тыс ұйымдардың желісін ұлғайту балаларды қосымша бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс бос уақытында іспен шұғылдану проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің санын азайтуға көмектеседі \6\.

Кәсіптік білім беруде:

кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады;

еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік білім берудің қол жетімділігі мен беделі өседі (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыратын мектеп бітірушілердің үлесі кемінде 30%-ды құрайды);

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі шағын және орта бизнес субъектілерімен байланысы нығаяды, әлеуметтік серіктестік субъектілерінің ынтымақтастығының тиімділігі артады;

жұмыс берушiлер мен МЖБС-ның қазiргi талаптарына сәйкес келетiн жаңа оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиет, оқыту құралдары жасалады;

кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен үйлестіру қамтамасыз етіледі;

бiлiм беру процесiнде АКТ-ны қолдану кеңейеді;

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатынасына дейін жеткізіледі;

жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау (мақсатты келісімшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда), кәсіптік жолын өзі таңдауына, оның ішінде жеке ісін ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесі жасалады;

техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады;

жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарының кәсіптік даярлығын бағалауды, оларға біліктілікті беру және қуаттаудың тәуелсіз жүйесі құрылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде Қазақстанның Болон процесiне қосылуына жағдай жасалатын болады.

Жоғары оқу орындарының кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын біліктілік талаптарын көтеру нәтижесінде азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі \14\.

Жыл сайын жоғары оқу орындары үшін саны 100-ге жететін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады (әрі оның 30 %-ға жуығы мемлекеттік тілде), 300–ден астам шетелдік оқу әдебиеттері, оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының пәндері және Ph.D докторлық бағдарламалары бойынша сатып алынады. Оқу әдебиеті неғұрлым басыңқы, ең алдымен техникалық, технологиялық, аграрлық, ветеринарлық және педагогикалық мамандықтарға бөлінетін болады.

Аспирантураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең-кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне (бакалавриат – магистратура - докторантура) толығымен көшу жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен қабылдау 2500-ден астам адамды құрайтын болады, Ph.D докторантурасына – 100 адам. Аккредиттелген докторлық бағдарламалары бар жетекші шетелдiк жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынаста Ph.D докторларын даярлау жөніндегі 5 жоғары оқу орнының базасында орталықтар құрылатын болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.

Мыналар:

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары жаңартылады, пәндік білімнің іргелілігі, кең бейінділігі, оларды меңгеру мен қолданудың шығармашылық деңгейі қамтамасыз етіледі;

студенттердің белсенді өзіндік жұмысы, оқыту бағытын жеке таңдауы, оқитындардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы үшін жағдай қамтамасыз етіледі;

сапа менеджменті жүйесі енгізіледі, жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жағдай жасалады;

жұмыс берушілердің және басқа да әлеуметтік серіктестердің жоғары білім беру проблемаларын шешуге, оның ішінде қазіргі заманғы біліктілік талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуге, мамандар даярлауға тапсырысты түзуге, студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз етіледі;

неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында студенттер контингентін қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;

білім беру гранттарының санын ұлғайту және студенттерді оқытуды кредиттеудің жаңа моделін жасау арқылы жоғары білімге қол жеткізу деңгейі арттырылады;

сабақтастықты күшейту, үздіксіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру және ғылыми компоненттерін, магистратураның және Ph.D докторан-тураның білім беру бағдарламаларын оңтайлы ұштастыру арқылы жоғары білікті ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың тиімділігі артады, сапасы жақсарады, мерзімі қысқаратын болады, олар жастардың ғылымға келуіне жағдай жасайды;

жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға қойылатын лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу талаптарына, оның ішінде Ph.D дәрежесiне ие кадрлардың болуы мiндеттi саналатын бөлiгіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi \23\.

Ғылыми ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа қызметшiлері лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi;

ғылым кандидаттары мен докторларының дәстүрлi дипломдарының және Ph.D дипломдарының қатар танылуына кепілдік беретін тетiк жасалады;

таңдаулы (элита) жоғары оқу орындарын дамыту үшін жағдай жасалады.

Жетекші университеттердің базасында жоғары оқу орнының оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары жұмыс жасайтын болады. Осы орталықтарда біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 10,3 мыңнан астам педагог қамтылады.

Бағдарламаның орындалуы нәтижесiнде бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасының негiздерi қаланатын болады, ол:

бiлiм берудi дамытуды ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiнің негiздерiн қалыптастыруға;

бiрыңғай көлік ортасы негiзiнде бiлiм беру объектiлері мен процестерiн тиiмдi басқару үшiн салалық ақпараттық жүйе құруға;

ауыл мектептерiн қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарында аталған мекемелердің жалпы бiлiм беру ресурстарына қол жеткізуін ұйымдастыру, жоғары бiлiктi педагог кадрларды ұтымды пайдалану, әрбiр бiлiм беру ұйымы үшiн жаңа АКТ саласында мамандарды даярлау арқылы бiлiм беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыруға;

2005 жылдың соңына дейін республика мектептерiнің 75%-ын Интернетке қосуға;

2007 жылы мектептердегi компьютерлер санын 35 оқушыға 1 компьютер арақатынасына дейін жеткізуге;

қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеуге және оқу процесiне енгізуге, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негiзгi пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыруға және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыруға;

республиканың жоғары оқу орындары мен өңірлерінде бiлiм берудiң ақпараттық ресурстар орталықтарын құруға;

барлық деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушыларын әдiстемелiк қолдау жүйесiн құруға, жаңа АКТ саласында педагог, әкiмшiлiк және инженер-техник кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүргізуге;

қашықтан оқыту технологиялары мен АКТ-ны қоса алғанда, ашық бiлiм беру саласында стандарттау жөнінде нормативтiк құжаттар базасын құруға мүмкiндiк бередi \14\.

Бiлiм беру статистикасын жетiлдiру статистикалық деректерге, білім беру сапасы туралы ақпаратқа негізделген Қазақстан Республикасында бiлiм беру мониторингiнiң жаңа жүйесiн құруға ықпал етеді.

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы бағалауға, бiлiм беру сапасы мониторингiнiң ұлттық жүйесiн әзiрлеуге мүмкіндік береді. Бiлiм беру сапасын сыртқы және iшкі бағалаудың объективті құралдары жасалып, бiлiм беру ұйымдарын кезең-кезеңімен дәрежелеу енгiзiлетiн болады. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім беру жүйесінің тиімділігі туралы нақтылы ақпарат алуға, білім беруді дамыту стратегиясын жоспарлауға, жергілікті атқарушы органдардың, білімді басқару жергілікті органдарының оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыруға, білім беру процесіне қатысушыларды үздіксіз оқытуға негізделуін қамтамасыз етуге, жағымсыз нәтижелерді болдырмау жөнінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әрбiр оқу жылының нәтижелері бойынша бiлiм берудiң жай-күйі туралы ұлттық баяндама жарияланатын болады.

Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Сертификаттау, сапа менеджментi және консалтинг орталығы, Республикалық бiлiктiлiктi беру және қуаттау орталығы өз қызметтерiн бастайды.



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау