В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылык агымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:
- кірістер;
- шығындар (немесе «төлемдер»);
- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);
- нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топтастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.
Егер болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықгың бірінші белгісі, ол -соңгы көрсеткіштің теріс болуы.
Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» түсу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмен-детеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәтижесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып келеді.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі Батыс елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.
Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған,сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табьіс-тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржыльіқ болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді
4-сұрақ. Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылыгы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дәлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.
Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады.
Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:
Достарыңызбен бөлісу: |