Бақылау сұрақтары: Әлеуметтік институттардың типологиясы. Әлеуметтік институттың құрылымы. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның институттары.
Тақырып:Отбасы және қазіргі заман
Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары.Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.
Басты терминдер: отбасы, отбасы формалары, отбасы саясаты, отбасы модернизациясы, отбасының нуклеаризациясы.
Көптеген әлеуметтанушылар көптеген елдердегі неке институты айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды деп санайды. Неке институтына қатысты болатын статистикалық мәліметтер ажырасушылықтың жиі болуының жоғарылауын, некеге тұрудың жас ерекшелігінің жоғарылауын, ешқашан да некеге тұрмаған адамдардың санының ұлғаюын және де тіркелінбеген некелер санының өсуін де көрсетеді. Әлеуметтанушылар отбасы өзгеріс үстіндегі жағдайларға бейімделуі туралы, ал отбасы икемді әлеуметтік институт болып табылатыны туралы айтады.
Отбасы – нақтылы әлеуметтік нормалармен, санкциялармен, мінез-құлық үлгілерімен, құқықтар мен міндеттермен, жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы реттеуші қарым-қатынастармен сипатталатын әлеуметтік институт. Кіші топ – мүшелері тұрмыстың ортақшылығымен, жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысты болатын некеге немесе қандық туыстыққа негізделген топ [1, 315 б.].
Неке – бір-біріне және балаларына қатыстылығы бойынша құқықтарды да, міндеттерді де туындататын, ерлер мен әйелдердің жанұялық одағы [1, 33 б.].
С.А.Кравченконың сөздігінде отбасының мынадай түсініктемелері беріледі. 1) некеге немесе қандық туыстыққа негізделген балаларды тәрбиелеуге қабылдайтын бастапқы әлеуметтік топ; 2) жұбайлар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын әлеуметтік институт; 3) жұбайлық, ата-аналық статусы бар әлеуметтік жүйе [2, 374 б.].
Қазіргі заманғы әлеуметтанушы – Э.Гидденс бұданда көлемді анықтама береді: Отбасы- бұл тікелей туыстық қарым-қатынастармен байланысты болатын адамдардың тобы, оның мүшелері балалар үшін қамқорлық жасау бойынша өзіне (міндеттемелерді) қабылдайды. Туыстық (туыстық дәнекерлік) – бұл некенің бекітілуі кезінде пайда болатын, болмаса адамдардың (әкелер, шешелер, балалар, әжелер, аталар және с.с.) арасындағы туыстық байланыстардың салдары болып табылатын қарым-қатынастар. Некені қоғам тарапынан мойындау мен қолдау алған, екі ересек адамның сексуальдық одағы ретінде анықтауға болады [3, 363 б.].
Отбасылар құралы, мұрагерлік типтері, өмір сүру орны және билікті бөліп алу қағидасы бойынша ерекшеленеді.
Отбасылар құрамы бойынша нуклеарлық, көлемді және патриархальдық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |