Таќырып: Ењбек нарыѓыныњ жалпы сипаттамасы



жүктеу 447,5 Kb.
бет2/3
Дата06.02.2020
өлшемі447,5 Kb.
#28431
1   2   3

Кәсіпорынның түрлері: Кооператив — бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Алайда, біздегі кооперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада дамып отыр. Көпшілік жағдайда кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау ағымы байқалады. Мұндай жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға тиісінше ықпал жасамайды, инновациялық процесті тежейді, құрылымдық қайта құру жұмыстарын қиындатады.


Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстволарға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге де тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Көсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.

Мемлекеттік корпорациялар — кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңіңен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.

Ассоциациялap — шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Кәсіпорын мына түрде жіктеледі

меншікке байланысты;

  • салалық бағыныштылығына қарай;

  • шаруашылық қызметінің сипаты мен түрі бойынша;

  • құқықтық ережелер бойынша.

Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар:

    • өнім өндірудің күрделілігі;

    • кәсіпорын өлшемі;

    • өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;

    • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;

    • орналасқан жері.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта құру, оны техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғырту мен мамандандыруды тереңдету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей байланысты.

Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты — кәсіпорында еңбек келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылардың әлеуметгік-материалдық жағдайын жақсартуды бірінші кезекте шешуді, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің өсуін, жұмыс уақытын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.

Өндірістік процесс

Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен басталады.



Кәсіпорындагы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өндеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар. .[3,59-бет]

Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп аталады. Технологиялық операция — бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын өндіріс процесінің бөлігі.

Көмекші процесс кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды дайындау, қосалқы бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б.).

Қызмет корсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім шығармайтын процесс, оған қатыстылар:

  • тасымалдау;

  • қоймалық операциялар;

  • технологиялық бақылау.

Басқару процесі — өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы орындалуы — көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап етеді.



Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынадай принциптерді басшьшыққа алады:

  • жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру; мамандандыруды тереңдету — еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты, өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;

  • үйлесімділік. Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді;

  • қатар даму — өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген құрылымдарында косарласа орындалуы. Мақсат — еңбек аясын кеңейту;

  • аралас даму принципі - бұйымның өндірістік процестен өту кезендері, яғни шикізатты өндеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-әрекеттерді қамтиды;

  • уздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға болады;

  • ырғақтылықтехнологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен қайталанып отыруы;

  • автоматтандыру принципі - өндіріс процесін әлемдік деңгейде автоматтандыру.

Жеке-дара өндіріс типінің айрықша ерекшеліктері:

  • цехтардың, учаске мен жұмыс орындарының технологиялық жағынан мамандандыру деңгейінің басымдығы және бұлар үшін бұйымдардың үнемі бір түрін өндірудің міндетті еместігі;

  • әмбебап жабдықтарды пайдалану және оларды бір типті топтарға орналастыру;

  • қолмен атқарылатын жұмыстар үлес салмағының көптігі және өндірістік циклдің ұзақтығы;

жұмысшылардың жоғарғы біліктілігі.

Жеке-дара өндіріс типінің өнімдеріне қатыстылар:



  • бірегей станоктар;

  • темірді жұқарту стандары;

  • автоматты реакторлар;

  • қуатты электр машиналары,

  • құрылыс объектілерінің көпшілігі жатады.

Сериялық өндірістер:

  • аз сериялы;

  • орта сериялы;

  • көп сериялы болып бөлінеді.

Сериялық өндіріс типі дүркін-дүркін біркелкі партия (серия) күйінде келіп түсуімен сипатталады, ал жеке-дара өндірісте жұмыс орнына қарай еңбек заттары бір-екі данасы ғана түседі.

Мұның жеке-дара өндірістен ерекшелігі: өнімнің белгілі бір бөлігін дайындау жыл бойына немесе жылдар аралығында қайталанып отырады, ал бұл өнім өндіруді технологиялық мамандандырылған учаскелер бойынша ұйымдастыруға бірден-бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндіріске тән сипат: үнемі қайталанатын бір-екі операцияны орындауға бағдарланып, жұмыс орны мамандандырылады (көп жағдайда Кс=1).

Жаппай өндіріс типінің негізгі белгісі — шығарылуы ұзақ мерзімге көзделінген біртекті өнімді неғұрлым көп өндіру. Сондықтан жаппай өндіріске
жататын кәсіпорындарға шығарылған бұйымдардың номенклатурасын шектеп отыру тән. Өнім өндіру көлемінің ауқымдылығы және жүйе тұрақтылығының
биік деңгейде болуы егжей-тегжейлі орындалған
технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісті арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыру еңбек өнімділігінің қарқынды өсуіне бірден-бір қолайлы жағдай жасайды. .[3,62]

Жаппай өндірісте мамандандыруды терендету өнімнің өзіндік құнын төмендететін өнім сапасын, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі фактор. Мәселен, жеке-дара өндіріс тәсілімен шығарылған автокөліктің өзіндік құны жаппай өндіріс әдісімен шығарылған автокөліктерге қарағанда 20—30 есе жоғары келетіні тәжірибеден белгілі.

Сонымен қатар жаппай және ірі сериялық өндірістерде кемшіліктер де жоқ емес. Солардың қатарынан мыналарды атап көрсетуге болады:


  • өндірістің нақты тұтынушы сұранымына емес, негізінен орташа стандартқа бейімділігі;

  • қолда бар арнайы жабдықтарды қайта құрудағы қиындықтардың техникадағы өзгерістерді қысқа мерзім ішінде атқаруға болмайтындығына байланыстылығы.

Жаппай өндірістің осал жақтарын жою үшін дайын өнімнен комплектелетін материалдарды, бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды стандарттаудың және оларды бір жүйеге келтірудің технологиялық тәсілдерін қолдануға болады.

Кәсіпорындардың типтері және олардың бірігу нысандары

Шағын кәсіпорындардағы жұмысшылардың шектеулі саны:



  • өнеркәсіпте, құрылыста және көлік саласында (автобус, троллейбус парктері) - 100 адам;

  • инновациялық қызметтерде - 60;

  • көтерме саудада — 50;

  • ғылыми техникалық ортада — 60;

  • бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсетуде — 30;

  • басқа да салалар мен қызмет түрлерінде - 50 адам.

Шағын кәсіпкерліктің негізгі артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

  • алғашқы капитал салымдары мен айналым қаржылары тапшы болған жағдайында көптеген кәсіпкерлер үшін тиімді нысан;

  • нарықтық сұраным өзгерістеріне тез бейімделу мүмкіндігі мен икемділігі;

  • жұмыссыздықпен күресудегі орны мен рөлі. Жұмыс орындарын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктің болуы;

  • үстеме шығын шамасының анағүрлым төмендігі;

  • басқару аппаратының ықшамдылығы;

  • жергілікті шикізат қорларын іске жарату, тіпті өндіріс қалдықтарын да іске асыру және басқа мүмкіндіктерді пайдалану.

Кәсіпорындарды сапа көрсеткіштері бойынша саралағанда мына төмендегілерді ескерген жөн:

  • меншік түрі (жеке меншік және мемлекеттік меншік);

  • қызметтерінің мазмұны мен сипаты;

  • өндірілген өнімдердің алуан түрлілігі және көлемі;

  • бәсекеде жеңіп шығудың әдістері мен тәсілдері;

  • әр түрлі одақтар мен бірлестіктерге мүше болу;

  • кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.

Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясының құрылымы.



Санаты

Лауазым аты

Саны

1




Инспекция бастығы

1

2




Инспекция бастығының орынбасары

1

3




Ветеринариялық бөлімнің бастығы – бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы

1

4




Ветеринариялық бөлімнің бас маман – мелекеттік ветеринариялық инспекторы

19

5




Жетекші маман- мелекеттік ветеринариялық инспекторы

9

6




Бас маман- мемлекеттік өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы

2

7




Жетекші маман- мемлекеттік өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы

3

8




Бас маман- мемлекеттік өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

1

9




Бас маман асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі - мемлекеттік инспекторы

1

10




Бас маман- мемлекеттік инженер – испекторы

1

11




Бас маман- мемлекеттік тұқым инспекторы

1

12




Бас маман- есепші

1

13




Бас маман- кадр жөніндегі инспекторы

1

Барлығы:

42

Мақтарал аулданынң 2004 жылы жершілікті бюджеттің орындалуы туралы мәлімет



(мың теңге)

Мазмұны

Бекітелген аудандық бюджет

Анықталған аудандық бюджет

Жылдық қаржыландыру жоспары

Жылдық қаржыландыру жоспары ағамдары

Кассалық орындалғаны

І. ТҮСІМДЕР БАРЛЫҒЫ

3213000

3319298

3337832

3337832

3281004

А). Кірістер барлығы

745659

721004

721004

721004

677657

Оның ішінде: салықтық түсімдер

704847

669937

669937

669937

625561

Салықтық емес түсімдер

12151

15112

15112

15112

15786

Капитал мен операция жасаудан түсетін түсімдер

28661

35955

35955

35955

36310

Б). Трансферттар

2455145

258398

2601932

2601932

2599910

В). Несие қайтарымы

12196

14896

14896

14896

3437



















ІІ. ШЫҒЫТАР МЕН НЕСИЕЛЕУ

3226669

3332967

3351501

3351501

3290598

Шығыстар

3223669

3332967

3351501

3351501

3290598

Жалпы сипатағы мемелекеттік қызмет көрсетулер

96989

102144

102144

102144

100420

Қорғаныс

6516

7016

7016

7016

6824

Қоғамдық тәртіп бәне қауіпсіздік

146353

167349

167349

167349

163178

Білім беру

1915364

2037232

2037232

2037232

2022195

Денсаулық сақтау

815563

771579

771579

771579

736607

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

128655

123713

123713

123713

121520

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

33286

36247

36247

36247

36244

Мәдениет спорт және ақпараттық кеңестік

38698

39832

39832

39832

38968

Ауыз су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау

10792

10892

11242

11242

11125

Кәсіпорын және құрылыс

3700

0

0

0

0

Көлік және байланыс

9162

9040

9040

9040

9040

Басқалар

18591

27923

46007

46007

44475

Несиелендіру

3000

0

0

0

0

ІІІ. Бюджет тапшылығы (артықшылығы)
















IV. Бюджеттік тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты пайдалану)

















ІІ Бөлім.Еңбеккерлердің,қызметкерлердің құрамының есебі.

2.1. Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны және жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар.

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы-бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек

келісім шартында және қызмет нұсқауында берілгендер көлеміне сай еңбеккетлер орындаған жұмысы үшін алады. .[4,354-бет]

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысананы пайдаланылады- келісімді (өнім санына қарй ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).

Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақы-мерзімділік төлем болып табылады.

Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбекерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималыд деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай таиф сеткасы еңбек ақының 21 разрядыңның негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.




Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент(1 раз-рядқа қатынасы)

Тариф сеткасының бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент (1 раз-рядқа қатынасы)

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11


1,0

1,07


1,15

1,24


1,33

1,43


1,54

1,66


1,78

1,91


2,05

12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

2,20

2,37


2,55

2,74


2,95

3,17


3,41

3,67


3,94

4,24


Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік – мамандырылған анықтама (БТМА) және мамандрылған анықтама( МА) бойынша еңбеккерлердің тарифмкациясын жасайды.

Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық-мамандандырылған топтардағы қызметиесінің (лауазымды адамның) алығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік-мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.

Тарифтік-мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады. .[4,359-бет]

Келісімді еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, ткм, килограмм т.б.). кесімді еңбек ақы нысанасы келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді.

Кесімді-сыйлық-бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

Кесімді-прогрессивті еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін уческесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады;

Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытның, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуы белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценкасы) бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгіленеді, ал олар болмаған жағдайда –онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға (расценок) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандарының жетілуі, еңбек төлемінде нақты саралаудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқартады, ал олардың жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімдік-ұжымдылық және мерзімділік-сыйақылық жүйелеріне алмастыру мүмкін.

Мысал. Еңбек ақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақыны есептеудің жолдарын қарастырып көрсетейік.



  1. Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі. Кәсіпорында 200 адам жұмыс

істейді делік, оның 150-і жұмысшы, 50-і қызметкер. Кәсіпорыннынң қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген, өйткені олардың ақтаратын міндеттемесі мен машықтығы (квалификациясы) соған сәйкес келген:
он адам (маман) -9-шы разрядпен;

он бес адам (маман) -11-ші разрядпен;

бес адам (маман) -14-ші разрядпен;

бес адам (маман) -16-шы разрядпен;

үш адам (маман) -19-шы разрядпен;

екі адам (маман) -21-разрядпен жұмыс істеген.


Айлық жалақысын есептеу үшін әртүрлі разрядтар бойынша мына формуланы пайдаланылады:
Айлық Ұйымның 1 разрядқа Тариф коэффицентінің 1разрядқа

Жалақысы = белгіленген х қатынасы (Бірыңғай тарифтік (оклады) мөлшерлемесі сеткасының разрядтарына

сәйкес)

1-ші разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім-шартта 15000 теңге мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның

бес күнін жұмыс күні етіп белгілеген (ағымдағы айда 21 күн жұмыс күні болған). Кәсіпорынның 14-ші разряды бар үш маманы ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген.

Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеп көрейік:

9-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000 х 1,74 х 10=26700 теңге;

11-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000х2,07х15=461250 теңге;

14-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000х2,55х2= 76500 теңге;

14 разряды бар үш маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген, сондықтан оларға нақты істеген күні үшін жалақы есептеген

16-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =(15000x2.55)/21x18x3=98357 теңге;

19-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000x2.95x5=221250 теңге;

21-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000x4.24x2=127200 теңге;

Мерзімді еңбек ақы нысанасы кезінде,

еңбеккерлерге есептелген жалақысының жиыны = 1416707

2. Кесімді-прогрессивтік төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің он жұмыскеріне (еңбеккеріне) келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері – 160 тауар бірлігін сатқан.

Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысын есептейміз.

230 тауар бірлігін сатқан

еңбеккерлердің жалақысы =(100+(230-100)x200)x5=135000 теңге;

190 тауар бірлігін сатқан

еңбеккерлердің жалақысы =(100+(190-100)x200)x3=57000 теңге;

160 тауар бірлігін сатқан

еңбеккерлердің жалақысы =(1000+(160-100)x200)x2=26000 теңге;

Тауар сатумен айналысқан

еңбеккерлердің жалақысыныңжиыны 218000 теңге.


  1. тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында

жұмыс істейтін еңбеккерлерге (100 адам) тікелей кесімді төлем ақысы бойынша әрбір әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 теңгеден жалақы есептеледі. Әзірленген өнім бірлігінің есебі еңбеккер бойынша жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке жалақы есептеген. Ағымдағы айда еңбеккерлер 30000 өнім бірлігін әзірлеген, олардың жалпы жалақысы: 30000/100х850=2 550 000 теңге құраған.

Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысының жиынтығы – 2 550 000 теңге құраған.

4. аккордты төлем жүйесі. Жөндеу цеххында (көмекші өндіріс цехында) жұмыс істейтіндерге аккордты төлем жүйесі бойынша еңбек ақы төленген.

Негізгі өндіріс цехының жалпы жалақысы 30000 теңге құраған, жөндеуді орындауға жұмсалған уақыты 140адам/сағатты болған, оның ішінде: 40 адам/сағаты-екі ағаш ұстасына; 30 адам/сағаты-бес дәнекерлеушіге, 10 адам/ сағаты-үш энергетикке: 50 адам/сағаты – жиырма бес сылақшы-майлаушыға; 10 адам/сағаты – бес слесарьға келкен. Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын жұмсаған деп шартты түрде аламыз.

Атқарған жұмысы үшін еңбеккерлердің жалақысы мынаны құрайды:

Ағаш ұстасы =300 000/140=85 714 теңге (бір жұмысшының

Жалақысы – 42857 теңге (85714/))

Сварщик =300 000/140 x 30=64 286 теңге;

Электрик =300 000/140 x 10=21 429 теңге;

Штукарурщик =300 000/140 x 50=107 142 теңге;

Слессар =300 000/140 x 10=21 429 теңге;

Жөндеу цехының еңбеккерлерінің

жалақысының жиыны = 300 000 теңге.

Кәсіпорында жұмысшы-жөндеуші негізгі өндіріске қызмет көрсеткені үшін негізгі өндіріс еңбеккерлерінің жалақысынан (2 550 000) 12% мөлшерінде еңбек ақы есептелетін болып белгіленген, яғни жанама-кесімді еңбек ақы төлеу нысанын пайдаланған. Демек, жұмысшы-жөндеушінің жалақысы 306 000 теңге (2 550 000 х 12%) құраған. Топ ішінде жалақы нақты істеген уақыты, не машықтығы (квалификациясы) бойынша таралуы мүмкін.

Сонымен, көмекші өндіріс еңбеккерлерінің жалақысы 606 000 теңге (300 000+306 000) құраған.


жүктеу 447,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау