Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



жүктеу 374,13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/25
Дата08.05.2020
өлшемі374,13 Kb.
#30240
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1 СРСП



Тақырып 1. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық  

және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары 

 

 

1.  Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  –  тәуелсіздік  үшін 

күрестің алғышарттары 

2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар 

3.  Ресейдегі  ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  және  оның 

Қазақстанға тигізген ықпалы 

 

1.  Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  –  тәуелсіздік  үшін 

күрестің алғышарттары. 

XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  өлкесінің  әлеуметтік-

экономикалық  өмірінде  болған  өзгерістер  ескі  қалалардың  өсуімен,  жаңа  қалалардың 

пайда  болуымен,  әсіресе  олардың  ірі  әкімшілік  орталықтарына  айналып  қана  қоймай, 

оларды  мекендеген  халықтың  шаруашылығында  және  мәдени,  қоғамдық  өмірінде  үлкен 

роль атқаруымен сипатталды.  

XX  ғасырдың  басында-ақ  Қазақстан  көп  ұлтты  елге  айналды  да,  ғасыр  басында 

Қазақстанның  негізгі  территориясы  алты  облысқа  бөлінді:  Сырдария  мен  Жетісу 

облыстары  Түркістан  генерал-губернаторлығына  (орталығы  –Ташкент  қаласы),  ал 

Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай  облыстары  –Дала  генерал-губернаторлығының  құрамына 

кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау 

Закаспий облысына қаратылды. 

Осы  кезеңде  Ресей  империясының  ішкі  губернияларынан  көші-қон  ағынының 

дамуы  нәтижесінде  қазақстан  халқының  тез  өскендігі  де  аңғарылды.  Оған  дәлел:  Ресей 

империясының Бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-

1917жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% 

көбейген.  Ал,  өлкенің  демографиялық  деректерінің  табиғи  өсу  деңгейіне  салыстырмалы 

талдау  жасасақ,  мынадай  цифрларды  аңғаруға  болады.  Өлкенің  сол  кездегі  негізгі  алты 

облысында  1897-1906  жылдарда  жалпы  алғанда  бір  мың  адамға  халықтың  табиғи  өсімі 

11,3%  ,  ал  1907-1916  жылдарда  –  15,3%  ;  Ақмола  облысы  бойынша  орыстар  мен 

украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33,0%1917 жылғы 55,7%дейін өскенде, осы екі 

онжылдық  ішінде  халықтың  табиғи  өсімі  38,9%болған.  Ал  қазақтары  басым  облыстарда 

табиғи өсімнің едәуір  төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда  -25,7%, Сырдарияда -25,6%, 

Оралда  -20%,  Семейде-15,6%.Сөйтіп,  Қазақстанның  жергілікті  халқының  үлес 

салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украин және басқа ұлт өкілдерінің 

империяның  ішкі  аймақтарынан  жаппай  қоныс  аударуының  қатты  әсер  еткендігі 

байқалды. 

Ал жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке 

халқының 87% -ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, 

дүнгендер, мордвалар және басқа ұлт өкілдері қоныстанды.  

Ерекше  назар  аударатын  тағы  бір  жайт  –ол  өлке  тұрғындарының  90%-нан 

астамының  ауылдық  жерлерде  қоныстануы  еді.  Олардың  негізгі  кәсібі  ежелден  келе 

жатқан  мал  шаруашылығы  болатын.  Сонымен  қатар,  XX  ғасырдың  басында  егіншілік 

халықтың  көп  бөлігінің  негізгі  кәсібіне  айналды.  Қоныс  аударған  орыс  шаруаларынан 

басқа,  егіншілікпен  жергілікті  қазақтар  да  айналысты.  1897  жылғы санақ  бойынша,  өлке 

халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған. 

XX ғасырдың басындағы Ресей капитализмінің отары ретінде революцияға дейінгі 

Қазақстанда  негізінен  өнеркәсіптің  екі  саласы,  жергілікті  жерде  шикізатттар  саласы 

дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылық, 

көбінесе  мал  өнімдерін  ұқсату  жөніндегі  өнеркәсіп.  Тау-кен  өнеркәсібі  кенді  Алтайда 




және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен көмір кен орындары игеріле 

бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. 

XX  ғасырдың  басында  жалпы  кен  өнеркәсібінің  кәсіпорындары,  алғашқы  кезекте 

мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік қоғамдарының қолына 

көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың бірі – 1904 жылы Лондонда бұрын 

Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, XIX ғасырдың екінші жартысында өлкедегі 

мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын 

пайдалану  мақсатымен  құрылған  «Спасск  мыс  балқыту  зауытымен  қоса  Спасск-

Воскресенск  мыс  кенішін  және  Успенск  мыс  кенішін,  Саран  және  Қарағанды  тас  көмір 

кен орындарын, екі  темір  кенішін сатып алды. Қоғам  аралас құрамды-ағылшын-француз 

қоғамы  болды  және  Франция  президенті  М.Ф.Карноның  ұлы,  француз  капиталисі  Клод 

Эрнест Жан Карноның байланыстары мен ықпалы арқасында құрылған еді. 

1906  жылы  кәсіпкер  Рязановтың  мұрагерлерінен  сатып  алынған  Жезқазған  мыс 

рудалары кеніштерін пайдалану үшін Лондонда тағы да «Атбасар мыс кен орындарының 

акционерлік қоғамы» құрылды. Қоғам Жезқазғанға Ескөл алқабындағы темір кенішін, 18 

әк  шығаратын  карьерді  және  Байқоңыр  алқабындағы  4  таскөмір  кенішін  пайдалану 

құқығын сатып алды. Қоғам 1913 жылы Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын сала 

бастады,  ол  Қазақ  революциясына  дейін  салынып  бітпеген  күйінде  қалды.  1911  жылға 

қарай  бұл  қоғамакцияларының  40%-ы  «Спасск  мыс  рудалары  акционерлік  қоғамының» 

қолына түсті. Ол 1913 жылы оны толық сіңіріп алып, кәсіпорындарымен қоса Жезқазған 

кеніші Спасск компаниясының меншігіне көшті. 

1914  жылы  Риддер  мен  Екібастұз Ресейдің  кеніштері  мен  зауыттарын  қол  астына 

қаратқан  «Орыс-азия  корпорациясының»  концессиясына  көшті.1914  жылы  Риддер  және 

басқа  кеніштердің,  Екібастұз  ауданында  мырыш  зауытының  құрылысы  басталып,  1916 

жылы  Екібастұз  көмір  және  Риддер  концентраттары  базасында  қорғасын  зауыты  салына 

бастады.1915-16  жылдарда  Риддерден  Өскеменге  қорғасын-мырыш  концентраттарын 

тасуға арналған Риддер темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен 

Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолымен Екібастұз 

зауыттарына жеткізілді. 

Қарағанды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту зауытының отын 

базасы  болды.  Қарағанды  көмірін  Спасск  зауытына  дейін  тасымалдау  үшін  1906-1907 

жылдарда тар табанды темір жол салынды. Бұл көмір өндіру мен тасуды көбейтуге едәуір 

ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам өсті. 

Қоңыр  көмір  кен  орындары  да  игерілді.  1913  жылы  Жезқазған  мыс  кеніштерінен 

120  шақырым  жерде  Байқоңыр  кен  орны  барланды,  ол  салына  бастаған  Қарсақбай  мыс 

балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді.  

Қазақстанда  мыс  өндіру  негізінен  Спасск  зауытында  жүзеге  асырылды,  ол  Нілді 

алқабындағы Успенск кенішінің базасында жұмыс істеді. 1904 жылдан 1917 жылға дейін 

бұл кеніштің бай кені түгелдей қазып алынды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң 

Спасск зауыты мыс балқытуды қысқартты, ал 1916 жылы өз жұмысын тоқтатты. 

Тұз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс жерлерге 

сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кәсіпшіліктері, 

өлкенің  солтүстік-батысындағы  Коряков,  Поволжье,  Карабаш  тұз  кәсіпшіліктері 

жұмысшылар  саны  көп,  әрі  ірі  капиталистік  кәсіпорындарға  айналды.  Ең  ірілері  Ішкі 

Ордадағы  (Бөкей  хандығы)  Басқұншақ  және  Семей  облысының  Павлодар  уезіндегі 

Коряков кәсіпшіліктері болды.  

Орал-Жем  мұнай  ауданы  да  ағылшын  капиталының  қолында  болып  шықты.  Ол 

мұнда өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де, үлес қосып қатысып, 

орыс компаниялары арқылы да енген болаты. 1911 жылы 2 сәуірде Доссор кәсіпшілігінде 

қуатты  мұнай  бұрқағы  атқылады,  мұның  өзі  Жемде  ірі  көлемді  мұнай  өндіруді  бастап 

берді.  



Патша  өкіметінің  бірқатар  акзиздік  жеңілдіктер  беруі,  арзан  жұмыс  күші,  күшті 

бәсекелестердің  болмауы  арқасында  мұнай  өндіру  шетел  компаниялары  үшін  өте  тиімді 

болды, олар қанаудың жыртқыштық әдістері жағдайында зор пайда келтірді. 

Сонымен  Қазақстанның  кен  өнеркәсібі  жергілікті  капитал  негізінде  өсіп  шыққан 

жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік 

өлкеден  тыс  жерлерге  әкетілді,  ал  пайда  XX  ғасырдың  басынан  бастап  шетелге  кетіп 

жатты.  Осының  бәрі  кен  өнеркәсібінің  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  өсуіне 

ықпалын күрт кемітті. 

Қазақстанның  кен-зауыт  өнеркәсібіне  қарағанда  ауыл  шаруашылық  шикізатын 

ұқсату  жөніндегі  өнеркәсіп  жергілікті  қажеттермен  тығыз  байланысты  болды  және 

өлкенің  әлеуметтік-экономикалық  өміріне  белгілі  бір  ықпал  жасады.  Өңдеуші 

өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топқа бөлуге болады: 

1.  Ресейдің  еуропалық  бөлігіне  және  шет  елге  шығару  үшін  мал  шаруашылығы 

шикізатын  алғашқы  өңдеу  жөніндегі  кәсіпорындар:  бұған  жүн  жуатын,  мал  майын 

қорытатын, ішек-қарын тазартатын және басқа кәсіпорындар жатты. 

2.  Ауыл  шаруашылық  өнімін  оны  жергілікті  жерде  тұтыну  үшін  ұқсату  жөніндегі 

кәсіпорындар:  бұлар  былғары,  май  шайқайтын,  спирт-арақ  зауыттары,  темекі 

фабрикалады. 

Жетісу,  Ақмола  және  Семей  облыстарында  пайда  болған  біршама  ірі  жүн  жуу 

орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Қазақ губерниялары мен басқа да губерниялардың 

мәуіті  фабрикалары  иелерінің  қолында  болды.  Шикізатта  соларға  тасылды.  Москваның 

«Стукен  және  К

сауда  үйі»  Семей  облысының  жүн  рыногында  шексіз  монополияны 



иеленді.  Жүн  негізінен  әскери  ведомство  үшін  дайындалды  және  оған  сұраныс  бірінші 

дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  мықты  артты.  Ал  Қазақстанда  Верныйға  жақын  жерде 

Қарғалы  кентінде  бір  ғана  шұға  фабрикасы  салынды.  Фабрика  «Шахворостовтың  сауда 

үйі»  серіктестігінің  иелігінде  болды  және  қой  мен  түйе  жүнінен  солдаттарға  арналған 

сұрғылт шинель шұғасын өндірді. 

 Қазақстанныңметрополия  орталық  аудандарының  капиталистік  өнеркәсібінің 

шикізат  көзіне,  сондай-ақ  өнім  өткізу  рыногына  айналуына  темір  жолдар  маңызды  рөл 

атқарды,  олар  бір  мезгілде  Ресейдің  артта  қалған  отар  аудандарына,  ең  алдымен  Орта 

Азия  мен  Сібірге  Ресей  капитализмінің  ену  құралы  және  нәтижесі  де  болды.  Шын 

мәнінде,  Орта  Азия  мен  Қазақстанды  Ресейдің  экономикалық  игеруі  осы  аумақтардың 

терең түкпіріне темір жолдар салудан басталды. 

 Қазақстанда  дамыған  қатынас  жолдарының  болмауы  өлкенің  өндіргіш  күштерін 

дамытуда үлкен қиындықтар туғызды, оның жекелеген аудандары арасында да, Орталық 

Ресеймен  де  экономикалық  және  сауда  байланыстарының  кеңеюі  мен  нығаюын  тежеді, 

Қазақстанның  орыс  капитализмін  шикізатпен  ұдайы  қамтамасыз  етіп  отыруын  және 

фабрикалық  бұйымдарының  тұтынушысына  айналуын  кешіктірді.  Темір  жолдар 

салынғанға  дейін  сауда  заттарын  тасудың  негізгі  құралы  мейлінше  өнімсіз  және  қымбат 

тұратын көлік түрі – түйе керуендері болды. Жүк болмашы мөлшерде тасылды және көп 

уақыт алды. Кей керуендер Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік аудандарынан Орынборға 

немесе Орскіге дейін 90-100 күн жүретін еді. 

Темір  жолдар  салу  Қазақстанға  (және  Сібірге)  «кіретін»  магистральдардан 

басталды.  1874-76  жылдарда  Торғай  облысы  мен  Орынборды  Орталық  Ресеймен 

байланыстырған  Орынбор  темір  жолы  (Самара-Орынбор)  салынды.  Кез  келген  жол 

сияқты,  ол  да  Қазақстанның  өзіне  жақын  жатқан  аудандарын  Ресейдің  өнеркәсіптік 

облыстарымен  тікелей  сауда  қатынастарына  тартуға,  қоныс  аударушылардың  ағылып 

келуіне  себепші  болды.  1891-93  жылдарда  Рязань-Козлов  темір  жолының  акционерлік 

қоғамы  Покровская  Слобода-Орал  жолын,  1897  жылы  Урбах-Астрахань  жолын  салды. 

Бірінші жол тұйық жол болған еді, ал екінші жол Орал облысының батыс жағының біраз 

жерін ғана кесіп өтті. 




 1893-1895  жж.  салынған  Сібір  темір  жолының  Қазақстан  шекарасының  178 

шақырымын басып өтті.Қазақстан аумағында темір жол желілері XIX ғасырдың аяғы -XX 

ғасырдың  басынан  ірі  Сібір  темір  жолының  салынуына  байланысты  тартыла 

бастайды.Сібір  магистралі  құрылысының  бірінші  Батыс  Сібір  учаскесі  Ақмола 

облысының  Петропавл  және  Омбы  уездерінің  жерімен  178  шақырым  бойы  өтіп,  Челябі-

Қорған  бағыты  бойынша  Петропавл-Омбы  арқылы  Обь  өзеніне  дейін  жетіп,  әрі  қарай 

Шығысқа қарай бағыт алды. 


жүктеу 374,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау