Тақырып: Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары xv—xviii ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі XVII ғасырдағы мемлекет нышандары Билер институты. Құрылтай «Жеті Жарғы» Меншік қатынастары


XVII ғасырдағы мемлекет нышандары



жүктеу 21,62 Kb.
бет2/6
Дата21.01.2022
өлшемі21,62 Kb.
#34151
1   2   3   4   5   6
f5ffb83a8bddc60 (1)

2. XVII ғасырдағы мемлекет нышандары

XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекеттікке тән қандай нышандар болды? Қазак хандығы бұл кезде шығысында — Алтай таулары, батысында Жайық өзені, солтүстігінде — Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың батыс етегі аралығындагы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын. Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді. Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті — рулық қауым болды, Рулық қауым — тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты.

Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұкымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хан ел билеуші сүлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды.

Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.

Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық билікті мойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты арқылы жеткен. Ал олардың шешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді, ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған. Халықта «Тура биде туған жоқ» деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.

Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондай-ақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған.

Орыс тарихшысы А.Левшин қазақ мемлекеттігінің осы кезеңі туралы: Ол (яғни, Тәуке хан) өзінің ақыл-парасатымен және әділдігімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті… және жалпыға ортақ заң беріп, сол бойынша төрелік жасады, сөйтіп күшке емес, ақылға, тәжірибеге және айлаға сүйенді. Әрбір Жүздің ерекшелігін ескере отырып басқару және бақылап отыру үшін оған бағынышты үш би сайланды:

Ұлы жүзде — Төле,


Орта жүзде — Қазыбек,
Кіші жүзде — Әйтеке билер.

 


жүктеу 21,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау