Уланудың механизмі мен патогенезі
Қазіргі уақытта жүйке импульстары жіберілетін жолдары тұралы қандай теория бар және олардың маңызы қандай?
ФОЗ – ң әсер ету механиздері қандай?
ФОЗ – мен зақымданғандағы тиіпті синдромдар.
Психотикалық, мускарин тәрізді, экстрапирамидті, никотин тәрізді, ас-фиксиялық.
а) Психотикалық симптом қалай білінеді және оның пайда болу меха-низмі:
Көңіл-күйінің түсүі, мазасыздану, абыржу, қорқу, тез қозушылық, қор-шаған ортаны айырмау, адекватты емес реакциялар, көңіл-күйінің тұрақсыз-дығы, галлюцинация, бас ауруы, ұйқының бұзылуы.
Бас мидың үлкен жартышары қызметінің бұзылу механизмі мен олар-дың ми қыртысымен қарым-қатынастары.
б) Мускарин тәрізді симптомдар және олардың пайда болу механизмі.
Миоз (көз қарашығының тарылуы), маңдай қуысына дейін жайылып көздің ауырсынуы, көздің жасаурауы, көздің өткірлігінің төмендеуі, брон-хорея, бронхоспазм, эспираторлық ентікпе, цианоз, брадикардия, қан қысымы-ның азаюы, лоқсу, құсу, іштің қатты қысылып ауруы, іштің өтуі, зәр шығыуы-ның жиілігі, тершеңдіктің көрінуі.
ФОЗ-мен уыттану патогенезінде, тыныс алу қызметінің бұзылуы басты орын алады. ФОЗ-мен уыттану кезіндегі бронхоспазмның пайда болуы – мус-карин тәрізді әсерінің белгісі болып саналады (бронх және көмей-бұлшық-еттерінің жиырылуынан).
Пайда болу механизмы: вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатика-лық бөлім қызметінің күшеюі, ол УЗ-дың парасимпатикалық ганглия, бездер және бұлшықеттердің холинэргикалық және М-холинреактивті құрлысына түскендігінен болады.
в) Никотин тәрізді симптом және олардың пайда болу механизмі.
Миофибриляция, еттің әлсіздігі, фаскуляция (тартылыс), клоникотони-калық құрысқақ, қан қысымының жоғарлануы, тахикардия, шошу, диплопия, өлімнен қорқу, ойланбаған қылық.
Қаңқа-бұлшықетінің жүйке-бұлшықеттік ұштарына холинэргикалық жә-не холинореактивті саласына әсер ету механизмі.
Бастапқы дамуында жүйке-бұлшықеттің ұштарында жүйке импульсы-ның өтуі жылдамдатылып, деполяризациялы курарлық тиімділікке ауысады.
г) Экстапирамидалық симптомдары: тремор, бұлшықеттің сіреспелуі, тонико-клоникалық және хориоидтік тырысу. Бұл механизм-экстапирами-далық жүйесінің және жеке түйіннің қызметінің толық бұзылуы, ол тонико-клоникалық түрде өтеді.
ФОЗ-мен ауыр дәрежеде уланғанда байқалатын тырысулар, ол бас миы мен жұлынның зақымдануын айтады.
д) Асфиксиялық симптомдар: ауа жетіспеушілік сезімі, эспираторлық еңтігу, кезеңді тыныс алу, тыныс алу «ауаны қауып» тұрған сияқты, әлсіз дем алу, цианоз.
Бронхоспазм, бронхорея механизмы, тыныс алу жолының көбікті сіле-меймен толуы, тырысу, тыныс алу орталығының қызметінің бұзылуы, тыныс алу бұлшықетінде қурарлы әсердің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |