Тақырыбы: «Менің Қазақстаным» САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: - Ұйымдастыру кезеңі.
- Грамматикалық тақырып.
- Лексикалық тақырып.
- Сөздік жұмысы.
- Тапсырмалармен жұмыс.
- 1-тапсырма.
- 2-тапсырма.
- 3-тапсырма.
- 4-тапсырма.
- Бекіту.
- Үйге тапсырма беру. Бағалау.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ - Білімділік. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сапалы білім беру, сөздік қорларының сапасын көтеру. Буын түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Үндестік заңының сақталуын игеру. Практикалық жұмысқа көп мән беріп, тілдесімге жетелеу.
- Дамытушылық. Қойылған сұраққа және сызба бойынша жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
- Тәрбиелік. Отанын сүюге, өз Отанының рәміздерін білуге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыластарын ояту.
- қатаң+қатаң
- (б, в, г, д) бас+тық
- шелек+і – шелегім
- кітап+ы – кітабым
- тарақ+ы – тарағым
- ұяң+ұяң, үнді
- (б, в, г, д әріптен басқа)
- ауыл+ға
БУЫН ТҮРЛЕРІ - ашық
- А + БА
- а-та, те-ре-зе
- Ереже: Сөздің айтылуына бөлшектенетін бір толқынды буын деп атайды.
- Буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу.
Сөздік жұмысы - 1. Жаңа сөздермен танысайық, аударайық.
- 2. Сөздерді дұрыс айтайық, сауатты жазайық:
- а) мұғалім мәнерлеп оқиды;
- ә) сендер дауыстап қайталайсыңдар;
- б) тізбектеп оқисыңдар.
ЖАҢА СӨЗДЕР - Отан – Родина
- елтаңба – герб
- мемлекет – государство
- әнұран – гимн
- ту – знамя, флаг
- астана – столица
Балалар! - Балалар!
- Сендер үш топқа бөлініп,
- берілген сөздермен
- сөйлемдер құрастырыңдар.
- IІІ топ: әнұран, астана (елорда).
1-тапсырма: Қазақстанның рәміздерін біліп ал. - Рәміздерді ата.
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Ту неге көгілдір түспен боялған?
- Ол көгілдір ашық аспанды білдіреді.
- Туда нелер бейнеленген?
- Алтын күн, дала қыраны, ою-өрнек бейнеленген.
- Олар неге сары түспен боялған?
- Қазақстан - астықтың Отаны. Біздің еліміз нанға бай.
- Елтаңбада нелер бейнеленген?
- Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпар, бесбұрышты жұлдыз бейнеленген.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, аудар. - Қазақстан
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанның өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласы. Астана –жас қала. Қазақстан – үлкен мемлекет.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан.
- Наша Родина – Казахстан.
3-тапсырма. - Сызба бойынша сұрақтарға жауап бер
- Нұрсұлтан
- Әбішұлы
- Назарбаев
4-тапсырма. - Сөйлеп үйрен.
- Менің Отаным - Қазақстан.
- Сенің Отаның - Қазақстан.
- Сіздің Отаныңыз - Қазақстан.
- Оның Отаны - Қазақстан.
V. Бекіту. - Тірек сызба бойынша
- жаңа сөздерді пайдаланып,
- 1-2 сөйлем құрастырындар.
VI. Үйге тапсырма беру. Бағалау. - 1) Жаңа сөздерді жаттау.
- 2) Ережені жаттау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы 4 маусым айында бекітілді
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Ш. Ниязбеков
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ - Алтын күн аспаны,
- Алтын дән даласы,
- Ерліктің дастаны
- Еліме қарашы!
- Ежелден ер деген,
- Даңқымыз шықты ғой.
- Намысын бермеген,
- Қазағым мықты ғой!
- Қайырмасы:
- Менің елім, менің елім,
- Гүлің болып егілемін,
- Жырың болып төгілемін, елім!
- Туған жерім менің
- - Қазақстаным!
- Ұрпаққа жол ашқан,
- Кең байтақ жерім бар.
- Бірлігі жарасқан,
- Тәуелсіз елім бар.
- Қарсы алған уақытты,
- Мәңгілік досындай.
- Біздің ел бақытты,
- Біздің ел осындай!
- Қайырмасы:
- Менің елім, менің елім,
- Гүлің болып егілемін,
- Жырың болып төгілемін, елім!
- Туған жерім менің
- - Қазақстаным!
- Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
- Әні: Шәмші Қалдаяқов
1. Қазақстан қандай мемлекет? - 1. Қазақстан қандай мемлекет?
- 2. Қазақстанның президенті кім?
- 3. Қазақстанның астанасы қай қала?
- 4. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?
- 5. Астана қандай қала?
- 6. Сен Астанада болдың ба?
Достарыңызбен бөлісу: |