Тақырыбы: Компьютердің даму тарихы
Cыныбы: 6
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
«Қисынды ойлай білейік»
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
VII. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабақта отырайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
М: Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
О: Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
М: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
О: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
М: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін есімізге түсірейік.
Ақпарат
Сан
Видео
Мәтін
Дыбыс
Графика
Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Ленталық ақпарат тасушылар. Ол өте жұқа магнитті лентадан тұратын тасушылар. Оларға кассеталар (аудиокассета, видеокассета т. б.) жатады. Көлемі бірнеше мегабайттан бірнеше гегабайтқа дейін болады.
2. Дисктік тасушылар. Оларға айтып тұрғандай CD/DVD/Bleu - ray сияқты тасымалдаушылар жатады. Олардың көлемі бірнеше гегабайт болады.
3. Қатты магниттік диск. Оған дискеталар жатады. Олардың көлемі бірнеше мегабайт қана болады.
4. Қатқыл магниттік диск [HDD] [Hard disk drive]. Бұл көлемі және құрылымы жағынан ең күрделі тасымалдаушы. Оған қатқыл дискілер жатады. Олардың көлемі өте үлкен бірнеше гигабайттан бірнеше террабайтқа дейін болады.
5. Флеш - жад [FDD] [Flash Disk Drive]. Бұл өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы. Көлемі де бірнеше гегабайт болады. Бұлардың SD, MicroSD түрлері бар.
Ақпаратты жазу
Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:
• Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;
• Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;
• Файлдың атын теру;
• Сақтау батырмасын басу.
Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl + O пернелері) орындау керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту
а) «Қисынды ойлай білейік»
б) «Оқыған жетер мұратқа» шағын тест
1. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
D) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз
С) Tab пернесін басамыз
D) Бос орын пернесін басамыз
3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
D) Құру
4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
D) Құру
5. Ctrl + O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру
1. Ақпарат тасуыштарға нелер жатады?
/дискета, флешка, диск т. б./
2. Ленталық ақпарат тасушыларға нелер жатады?
/Кассеталар (аудиокассета, видеокассета)/
3. Өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы
/Флеш - жад/
V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
М: Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.
О: Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;
Жиі - жиі көзге арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек;
Экранды қолмен ұстамау керек;
Копьютердің жанына артық зат қоймау керек;
Сыныпқа мұғалім кіргенде тұрып амандасу міндетті емес.
А деңгейі
1. Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.
2. Сурет салыңдар.
3. Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.
4. Осы файл үшін Жарлық құрыңдар.
5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып іске қосыңдар.
VI. Үйге тапсырма
§13. Ақпаратты іздеу, жазу. Ақпаратты тасымалдаушылар.
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау
Сау болыңыздар!
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ақпаратты іздеу және жазу. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Өткізген: Балтамуратов А.
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |