Керамзитті қиыршықтас - балқыған беті және ішінде кеуектері бар дөңгелек формалы бөлшектер. Керамзитті негізінен, керамзитті қиыршықтас түрінде алады. Оның дәндері дөңгелек формаға ие. Ал құрылымы кеуекті және ұяшықты болады. Оның бетінде аса тығыз қабаттары бар. Керамзитті қиыршықтастың түсі, әдетте, қоңыр болады, сынған кезде – қара түске ие. Оны айналмалы пештерде жеңіл балқитын саздарды күйдіру кезінде кебіндіру жолымен алады. Дәндер өлшемі 5-40 мм болатын мұндай қиыршықтас суыққа төзімді, отқа төзімді келеді, суды сіңірмейді және цемент үшін зиянды қоспалардан тұрмайды. Керамзитті қиыршықтасы жеңіл бетонды конструкцияларды дайындау барысында толтырғыш ретінде пайдаланады [1].
Достарыңызбен бөлісу: |