3.4.1 Керамзитті қиыршықтас өндірісі бойынша цехтың жүк ағынын есептеу
Керамзитті қиыршықтас үшін қолданылатын шикізат:
Саз - 95%,
Су - 4%,
химиялық қоспалар (лигносульфанаттар) - 1%.
Діріл әдісімен керамзитті қиыршықтасты өндіру үшін – табиғи жағдайдағы үйінді тығыздығы 1500 кг/м3 болатын және зиянды қоспалары жоқ, құрамы бойынша біртекті құрғақ сазды шикізатты қолданамыз.
Түйіршікті шар тәрізді формаларын алу үшін түйіршіктендіру сатысында 4% су қосамыз.
Ұнтақ тәрізді материалды жақсы біріктіру үшін арнайы химиялық қоспа – үйінді тығыздығы 700кг/м3 тең лигносульфанатты 1% мөлшерде енгіземіз.
Қабынған материалды сұрыптау атанақ елегінде жүзеге асырылады, мұнда керамзит келесі фракцияларға жіктеледі: 5-10, 10-20, 20-40.
Көлемдік үйінді салмағына байланысты 500 маркалы қиыршықтас алынады. Үйінді тығыздығы 500 кг/м3 болатын шығарылатын керамзитті қиыршықтас жоғары беріктілігімен сипатталады және күштік-арматуралы конструкцияларға арналған жоғары қабынған керамзитбетонды дайындау үшін қолданылады.
Цех жұмысы үзілісті апта бойынша үш ауысым негізінде жұмыс жасайды.
Цехтың массасы бойынша өнімділігі: тәулігіне -50 т қиыршықтас немесе сағатына - 2,08 т немесе жылына -11360,96 т.
Көлемі бойынша: 100 м3/тәул. немесе 4,16 м3/сағ, немесе 22721,92 м3/жыл.
1) Елеу кезіндегі шығындар 1% құрайды. Сәйкесінше ұсақтауға келесілер келіп түсуі керек:
Пж=Өж*Ш% (3)
мұндағы, Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
Өж – жылдық өнімділік;
Ш% - шығын пайызы
(4)
мұндағы, Пс – ұсақтау кезіндегі шығындар, сағатына, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
В3р жылдық уақытының есептік қоры.
Жылына: Пж=11360,96•1,01=11474,57т.
Сағатына:
2) Сұрыптауға керамзитті қиыршықтасты тасымалдау кезінде 1% жоғалады
Келесілер келіп түсуі керек:
Жылына: Пж=11474,57•1,01=11589,32т.
Сағатына: Пс=2,10•1,01=2,12т
3)Үйлестірілген қондырғыда-1% жоғалады; Саздың қалдық ылғалдылығы есебінен – 15% жоғалады. Түйіршіктендіру кезінде қосылған судың есебінен шығындар – 4%. Осылайша қосынды шығындар мынадай болады:
Пж=11589,32•1,2=13769,48т
Пс=2,12•1,2=2,52т
4) Табақшалы грануляторға келіп түскендегі шығындар- 1%;
Пж=13769,48•1,01=13907,17т
Пс=2,52•1,01=2,545т
5) Табақшалы грануляторға 3 дозаланған және жекелеп дайындалған берілген қатынастағы компоненттер келіп түседі. Грануляторға келіп түсетін әрбір материалдың мөлшері мынаны құрауы тиіс:
(5)
мұндағы, Гж – саздың 1 жылдық мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - саз үлесі, пайыз.
Гс=Пж*% (6)
мұндағы, Гс – саздың 1 сағаттағы мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - саз үлесі, пайыз.
(7)
мұндағы, Вж – судың 1 жылдық мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - су үлесі, пайыз.
Вс=Пж*% (8)
мұндағы, Вс – судың 1 сағаттағы мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - су үлесі, пайыз.
Дж=Пж*% (9)
мұндағы, Дж – қоспаның 1 жылдық мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - қоспа үлесі, пайыз.
Дс=Пж*% (10)
мұндағы, Дс – қоспаның 1 сағаттық мөлшері, тонна;
Пж – ұсақтау кезіндегі шығындар, жылына, тонна;
% - қоспа үлесі, пайыз.
5,6,7,8,9,10-шы формулаларға сәйкес төмендегі шешімдерді шығарамыз.
Саз - 95% т
Гс=2,545·0,95=2,42т
Су - 4% т
Вс =2,545·0,04=0,10т
қоспа (лигносульфанаттар)-1% Дж=13907,17·0.01=139,07т
Дс=2,545·0,01=0,025т
6) ұсақтау кезінде I % материалдар жоғалады, сәйкесінше ұсақтауға келіп түсуі керек:
Гж=13211,81•1,01=13343,93т
Гс=2,545•1,01=2,57т
7) Тасымалдау кезінде 0,5% жоғалады. Сәйкесінше, ұсақтағыш алдында бункерге келіп түседі:
Гж=13343,93•1,005=13410,65т
Гс=2,57•1,005=2,58т
8) Ылғалдылығы 20% сазды және қалдық ылғалдылығы 15% сазды кептіру кезінде түтіндік газдармен әкетілу есебінен 5% және 0,5% жоғалады, барлық шығындар 5,5% құрайды. Сол себепті кептіру барабанына келесідей саз мөлшері келіп түсуі тиіс:
Гж=13410,65•1,055=14148,23т
Гс=2,58•1,055=2,72т
9) Ұсақталған материалды тасымалдау кезінде 0,5% жоғалады, сәйкесінше келіп түседі:
Гж=14148,24•1,005=14218,98т
Гс=2,72•1,005=2,73т
10) Сазды материалды ұсақтау кезінде 1% жоғалады, сәйкесінше уатқышқа келіп түседі:
Гж=14218,98•1,01=14361,17т
Гс=2,73•1,01=2,75т
11) Қоймадан тасымалдау кезінде 0,5% жоғалады, сәйкесінше қоймадан келіп түсуі керек:
Гж=14361,17•1,005=14432,98т
Қондырғыны таңдау кезінде жекелеген жағдайларда материалдар шығынын (м3/сағ) білу керек, сондықтан материалдар шығынының (т/сағ) алынған мәндерін – әрбір нәтижені осы материалдың үйінді тығыздығына бөлу арқылы м3/сағ түрінде өрнектеу абзал.
Саз =1500 кг/м3=1,5 т/м3;
Керамзит =500 кг/м3 =0,5т/м3;
Қоспа (лигносульфанаттар) =0,7 т/м3;
Су =1000 кг/м3=1,0 т/м3.
11360,96 т/жыл (22721,92 м3/жыл) мәндерінде керамзитті алу үшін қажет етіледі:
Массасы сы бойынша: саздар–13211,81 т/жыл;
Көлемі бойынша: саздар –8807,87 м3/жыл;
су –556,29 т/жыл;
су –556,29 м3/жыл;
қоспалар –139,07 т/жыл;
қоспалар -198,67 м3/жыл;
Есептер бойынша мәліметтер мен шыққан қорытындылар кесте 2-де жинақталған.
Кесте 2
Достарыңызбен бөлісу: |