Теориялық білімімізді басшылыққа ала отырып, эксперименттер жүргізуге көштік.
Біріншіден біз проблема етіп алып отырған жоғары сынып оқушыларының мазасыздану мәселесіне көз жеткізу үшін психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтауды жөн көрдік.
Оқушылардың даму ерекшеліктерін анықтау - тұлғалық қасиетері үшін, ерекше маңызды, бұл қасиеттер көптеген субьектінің мінез-құлқын шарттандырады. Әсіресе сессия кезеңінде студенттерде мазасыздану процесі басым болады.
Мазасыздану деңгейінің анықтамасы тұлғаның ерекше іс-әрекет табиғи және міндетті белсенділігі. Әр адамның өзіндік белсенділігі, ниеті, үрей деңгейі бұл қажетті мазасыздық деп саналады. Ситуативті және реактивті үрейді күй ретінде субьективтің бастан кешірген эмоцияларымен қысым, мазасыздық, бойкүйездік, самарқаулықпен сипатталынады. Бұл күй стрестік ситуацияға эмоционалды реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі мен динамикасының әртүрлілігіне байланысты болуы мүмкін. Тұлға жоғары мазасыздық категорияларына тиісті, өзінің бағалауына, кең деңгейдегі өмір сүру әрекетіндегі диапазондардағы қауіптерді қабылдауға бейім, қысыммен көңіл аударып, мазасыздық күйімен айқындалады. Егер психологиялық тесте зерттелуші тұлғалық мазасыздықтың жоғары көрсеткішін көрсетсе, мұның негізінде әртүрлі ситуацияларда мазасыздық күйі бар компетенттілігін бағалайды. Көптеген белгілі әдістемелерде мазасыздықты өлшеу, тұлғалық мазасыздықты болмаса, мазасыздық күйін арнайы реакцияларда бағалайды. Мазасыздықтың айырмашылығын өлшейтін, тұлғалық қасиетін, күйін анықтайтын Ч. Д. Спилбергер ұсынған әдістеме. Орыс тіліне оның шкаласын бейімдеген Ю. Ханин. Спилбергтің өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ пікір, 20 оның ситуативті мазасыздықты бағалауға, 20-тұлғалық мазасыздыққа арналған.
Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Әр сұраққа интенсив дәрежесіне орай төрт жауап мүмкіндігі бар.
Тейлор пікіртерімі (Қорқыныш қалпы және күйзеліске деген ыңғай анықталынады)
1978 жылы Тейлор ұсынған. Мұнда негізгі екі компоненттерді анықтайды. Физиологиялық реакциялар мен қорқыныш күйін анықтайды. Адам өзінің күйінің бағалауы арқылы өзіндік бақылау және өзіндік тәрбие жүргізеді. Тұлғаның қорқынышына тұрақты сипаттама беріліп, субьектінің үрейленген бейнесі және жекелей тенденцияларды қабылдай кең мағынада, ситуациялық жағдайда белгілі реакцияларына жауап береді. Тұлғалық қорқынышын бейімділік белсенділігі қабылдауда белгілі стимулдарға бағаланған арнайы ситуациялардағы өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау т.т. болады. Жалпы сұрақ саны-60.
Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.
Сауалнама сұрақтарына жауап ,,Иә,, деп жауап қайтаратын сұрақ нөмірлерінің астын белгілеу.
Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест
Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест. Негізін салушылар Майер Фридман және Розенман. Тұлғаның қауіптілік көрсеткішін анықтайды. Тип А - қалыпты жағдайда қорқыныш қалыптасқан. Олар бір істен екінші іске асығып ауысады, қауіптенушілігі басым, басқа адамдарға сенімсіз. Жеке ерекшеліктеріне байланысты сипаттама беріледі. Жалпы сұрақ саны 16.
Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру керек.
Стьюдент әдісі.
Стьюдент әдісі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады. Стьюдент әдісінде сандық шамалармен жұмыс істелінеді. Тәуелсіз таңдау тобы көрсеткіші-бұл әртүрлі екі топтан алынған мәліметтер. Тәуелді таңдау тобы мәліметтері – бұл бір ғана топтың эксперименталды әсерге дейінгі және кейінгі көрсеткіштері. Стьюдент әдісі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің ортаңғы мәндерінің арасында айырмашылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі гипотезаны анықтауға бағытталған. Тәуелсіз таңдау тобы үшін орта мәннің айырмашылығын есептелді. (Қосымша Е).
Жоғары сынып оқушылары арасында сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары, коррекциялау (қайта түзету), диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу), психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау) және т.б. педагогикалық-психологиялық сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері жөнінде зерттеулер жоқтың қасы. Осы орайда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, адами-құндылық қасиетерін, педагог-психолог қызметі оқушыларға қажеттілігін анықтауда сауалнамалар, тестік жұмыстар жүргізіліп алғашқы кезеңі анықталды. (1 кесте).
1 кесте Алғашқы кезең, 2006-2007 оқу жылы (% есебімен)
№
|
Білімдік-тәрбиелік
|
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтары
|
Р/н
|
Көрсеткіші
|
Гимназия оқушылары
|
81 мектеп оқушылары
|
1-деңгей
|
2-деңгей
|
3-деңгей
|
Гимназия оқушылар
|
о81 мектеп қушылары
|
1-деңгей
|
2-деңгей
|
3-деңгей
|
|
Жоғары
|
55
|
190
|
42,7
|
23,3
|
34
|
73
|
85
|
44,4
|
28,3
|
27,23
|
|
Орта
|
55
|
190
|
42
|
34
|
24
|
73
|
85
|
40,6
|
32,9
|
26,5
|
|
Төмен
|
55
|
190
|
41,9
|
26,2
|
31,9
|
73
|
85
|
43
|
29,7
|
72,7
|
|
Жалпы
|
55
|
190
|
42
|
27
|
31
|
73
|
85
|
41
|
28
|
30
|
Осындай мәселелерді ескере келе, жоғары сынып оқушылары мен студенттердің теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге байланысты.
Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін тану керек. Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен ерекшелігі оқушының үнемі “жаңа дүниеге енуімен”, әрбір жаңа әрекет компонентттерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты,- деп қарастырды зерттеуші Д.Эльконин [150,Б. 26]. Бұл оқушылардың психикасының тез дамып жетілуіне, оның рухани дүниесінің, іскерлік-дағдыларының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мектепте жүргізілетін оқыту процесінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылыми түсініктерді ұғынып, оқулық көлеміндегі мағлұматтарды меңгереді. Әр оқушының сана-сезіміне, танымдық қабілетіне байланысты болады. Бірақ сол түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, түсінігі қалыптасады және танымы, сана-сезімі дамиды. Бұл сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі.
Адам әрекетінің субъективтілігі оның ішкі қажеттерімен, эмоцияларымен, түрткілерімен, танымдық қызығушылық бірлігінен көрінеді. Бұлар білім алуға ұмтылысын, белсенділігінің деңгейін танытады. Оқушы әрекетінің орындау табандылығы оған итермелейтін түрткілер мазмұны мен қызығушылықтар сипатына байланысты. Себебі түрткі түпкі мақсатқа жетудің жолдарын саралауға көмектеседі, осы жолда кездесетін қандай қиындықтарды да жеңуге ұмтылдырады [151,Б.26].
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
1. Тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
2. Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
3. Мектеппен отбасының байланысын жасау;
Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазір оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, биімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі.
Сынып жетекшісі өзінің сыныппен жүргізетін жұмысын алдын ала ойластырады. Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын жасау үшін талап ететін қатаң құсқаулар қойылмайды, жоспар бүгінгі таңда жүргізілген жұмысқа алдын ала бағдар сыныпта атқарылатын істің бағдары ретінде де қарастырылады. Жоспар да істелетін жұмыстардың айқын мақсаты, нақты шаралары белгіленуі қажет. Жоспар бір тоқсанға немесе жарты жылға арнап жазылады. Оның кіріспесінде сынып сипаттамасы, оқушылардың жалпы саны, білім деңгейі, үлгерімі, тәртібі бейнеленеді. Сыныптағы бас тәрбиеші ретінде сыныпта сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың сабақтарының сапалы өтуіне, дұрыс тәрбие алуына, ата-аналарының бала өмірінің дұрыс ұйымдастыруына басшылық бағдар жасауды сынып жетекшісі ұйымдастырып отырады.
Жастық шақтағы өмірлік жолды тану, меңгеру, сабақтан тыс жұмыстар арқылы білімін жетілдіру проблемасы зерттеудің негізгі міндеттері. Осы орайдан біз жоғары сыныптан студенттік кезеңге өту кезеңіндегі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік:
1. Жастық шақтағы өзіндік сана-сезімнің ерекшеліктерін үйрену;
2. Сабақтан тыс уақытын өткізу ерекшеліктерін ашып көрсету;
3. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау, студенттердің кәсіби бағыттылығына байланысты жастық шақтағы болашақ өмірлік жолының көрінісінің және өзіндік сана-сезімінің ерекшеліктерінің арасындағы өзара байланыстылықты үйрету;
4. Жоғарғы сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының деңгейін анықтау;
5. Бірінші курс студенттерінің танымдық қызығушылықтарын анықтап, салыстыру;
6. Танымдық қызығушылығын арттыруда сабақтан, аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу;
7. Жүргізілген жұмыстардан кейін нәтижесін көрсету.
Мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықта педагогикалық диагностиканың ролі зор. Дәлірек айтқанда онда мына мәселелерге зейін аударылуға тиіс. Мектепте жүргізілген тәрбие жұмыстарын университет көлемінде ұштастыра білсек қана біз білімі терең, танымдық қызығушылығы кең, адами қасиеті мол ұрпақ дайындай аламыз.
Сабақ арасында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, шаршаған кездерде бойларын сергіту мақсатында ойындар ұйымдастыруға болады. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.
Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомлинскийдің [155,Б.76] сөзімен айтар болсақ “Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ” және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С.Макаренко [44,Б. 52] ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, - деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Танымдық ойындар – тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі.
Сыныптағы атмосфераны және сынып құрылымын анықтау үшін әртүрлі анкеталық сұраунамалар, тренниктер және түрлі методикаларды қолдану арқылы білуге болады.
Мысалы №138 М. Базарбаев атындағы гимназияның 8 «Б» сыныпбына педагогикалық-психологиялық сипаттама беріп отырмыз.
Сыныптағы бақылау нәтижесінде сыныпта өте жағымды атмосфера бар екендігі көрініс тапты. Оқушылар бір-бірімен өте тату, ұлдар мен қыздар арасында бір-біріне деген қарама-қайшылықтары жоқ. Оқушылар өте ұйымдасқан, қажетті уақытта бір-біріне көмекке келеді. Сынып лидері сөзсіз Талипов С. Сонымен қатар басқа да ұлдар өте белсенді. Олар: Жорабаев Н. Ксупов О. Қызаибеков Н. Ақтайлақов Е.
Ал қыздарға келетін болсақ өте белсенді Кәдірбекова Г.
Сынып оқушылары кіші топтарға бөлінбейді, көп жағдайда бірге жүреді. Қыздар мен ұлдар деп бөліп алатын болсақ сыныпта жалпы лидерлер ұлдар.
Сынып жетекшісі жоғары білімді, оқушылар арасында өте беделді. Оқушылар сыйлайды, қойған талаптарына қарсылық көрсетпейді. Сыныпта әр түрлі қызықты шаралар ұйымдастыра алады және де сыныпта жағымды аура тудыра біледі.
Оқушылардың білімге деген құштарлығы өте жоғары. Жаңашылдықтарға ұмтылады. Өз беттерінше іздене алады, бірақ тәртіп жағы төмендеу. Қызықсыз сабақ үстінде шулап кетеді. Жалпы сынып үлгерімі жоғары. Мектеп бойынша ешқандай тәртіп бұзушылықтары жоқ. Бірақ сыныпта тәіртібі қиын деген оқушы бар Қалиев Руслан.
Сынып оқушылары сабақтан тыс әр түрлі қызығушылықтарына байланысты секция, кружоктарға қатысады. Мектепте өз сыныптарын жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Мектептің әр түрлі қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.
Жалпы алғанда психологиялық әдістемелерге сүйенетін болсақ сынытағы эмоционалды көңіл—күйі жағымды. Білім деңгейлері өз жастарына сай емес жоғары . Тек қана бір жайт оқушылардың зейінінің шоғырлануы өте төмен. Әсіресе, Молдабекова Ақбота мен Декелбаева Санияның зейінінің шоғырлануы өте төмен. Ал ес процесіне келетін болсақ ол орташадан жоғары. Сыныптың темпераменті әр бала мінез-құлқына қарай әр түрлі, көпшілігінде «экстраверт – флегматик» болып шықты. Сынып оқушыларында тұлғалық үрей деңгейі жоғары, мүмкін ол олардың қазіргі тұрақты емес кезең , яғни жас өспірімдік кезеңге байланысты болуынан шығар деген көзқарас туындайды. Проективті әдістеме мен өзіндік бағалау әдістемелерінің нәтижесі бойынша оқушылардың өзіндік бағалауы адекватты, ешқандай ауытқулар көрініс таппайды . Сыныптың ойлау деңгейі және интеллектісі жалпы алғанда сақталған, ауытқулар көрініс таппайды.
Қорытындылай келе сынып атмосферасы, бір-бірімен қарым-қатынасы, білім жетістігі, қоғамдық өмірдегі орны, таным процестері қанағаттанарлықтай дәрежеде.
Сонымен бірге педагог – психологтар сыныптағы басқа оқушыларға қарағанда өзгеше көрінетін оқушыларды жеке алып зерттеу жұмыстарын жүргізіп бақылауға алып отырады. (Қосымша А).
Мектеп оқушылары өздерін бағалай білуі үшін өзін-өзі тану тренингін өткіздік.
«Өзін-өзі тану» тренингі
Мақсаты: Танысу қатысушылардың қандай қажеттілікпен келгенін анықтау. Өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік туғызу.
Құрал-жабдықтар: Ақ парақ адам санына байланысты бір данадан, магнитофон, әуен.
Ұйымдастырылуы: Қатысушыларды дөңгелек шеңбер тәрізді қалыпта отырғызу. (өз қалауыңызда болады).
Жаттықтырушы: Сәлемдесу, жаңа күн, осы күні өзін тануға шынайы жұмыс деңгейінде бір-біріне кедергі келтірмеуге, ортада біреу сөйлейді ұстанымы бойынша (артық сұрау, қалжыңдасу, қатты күлу және т.б.) өтіледі. Бүгінгі күні жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну.
А) екі алақанын ашып, жаттықтырушыларға көрсету.
Бұл белгі: «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын»
Б) Екі алақанын өзіне қаратса, «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайын емеспін» - белгісін білдіреді.
В) егер де бір алақанын ашық, екінші алақанын өзіне қаратса, бұл белгі: «мен дайынмын жаттығуға, бірақ көңіл-күйім онша емес».
Ескерту: Жаттықтырушы сізге, бұл вербалды емес диалог орнына қандай қатынас жасауға, жол табуға іздністі қажет етеді.
Жаттығу №1. «Бүгінгі тренингтен не күтеді», танысу.
Мақсаты: өзін таныстыру жеке бойында ерекшеленіп тұратын, қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызады. Есте сақтау қабілетін, зейінділігін анықтау.
Өтілуі: әр қатысушы өз есімінін бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айту.
Мысалы: Айжан – «А» әрпі бірінші әріп. (соған байланысты қасиет: ашық, ақкөңіл, ақжарқын, ақылды, арманшыл) талдан өз ішінен тек, біреуін өзінің бойында аңғаруға болатынын ғана есімімен қоса айту керек. Мен, Айжан ақ көңіл қызбын. Келесі білімгерлер Серік, алдыңғы қатысушына қосып, «Айжан ақ көңіл қыз, ал мен Серік сенімді жігітпін», келесі келетін қатысушы Айжан ақкөңіл қыз. Серік сенімді жігіт, ал мен Мақсат, мейірімді қызбын т.б. осылай жалғасын табады, алғашқы Айжан соңынан бәрін қосып, қайталап шығуы керек. Ескерту: әр қатысушы белсенді, эмоциялды оймен аяқтауын назарда ұстау, түзету дер кезінде қысқа түрде жүргізіліп отыруы қажет.
Жаттығу №2. «Бірақта» сөйлемін аяқтау.
Мақсаты: жылдамдыққа әкелдіру, ұшқыр ойға мүмкіндік беру, мысалы: «мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»,
Менің бойым аласа, бірақ та...
Мен ұялшақпын, бірақ та...
Мен білімгермін, бірақ та...
Мен өлең айта алмаймын, бірақ та...
Мен шаршадым, бірақ та...
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та...
Жаттығу№3.
Тапсырманы талап бойынша орындау:
Мақсаты: Екі бірдей адам жоқ, адамдардың жеке ерекшелігіне көңіл білдіру. Құрал-жабдықтар: ақ парақ алдын ала таратылған.
Қатыстырушы: парақты екіге бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышынан кішкене жыртып тастау. Парақты ары қарай бүктеу, тағы оң жақ жоғарғы бұрышынан жырту.
Ескерту: бәріне парақты аштырып қарату, бір-біріне көрсету, ерекше екендіктеріне, бір-біріне ұқсамайтындықтарына аса назар аударту.
Жаттығу №4. «Құқық пен парыз»
Мақсаты: Өзіндегі жаңа бояуды түсіну, өз сана сезімін, жауапкершілігін ала отырып, құқықтың қатынасын білдіру.
Жаттықтырушы: тік тұру, екі қол екі жақта алақан, көз жұмылу. Әр алаңнан сарғыш зат біреуінде парыз сезіміңіз, - жауапкершілігіңіз. Екіншісі- құқық нормалары. Өзіңіз, көзіңіз жұмулы іштей бағалап, өзіңізден сұраңыз қалай қатынасасыз. Сезініңіз, уақыт бар, шынайы тазалауға көңіл бөліңіз, тек өзіңіз үшін керек бұл.
Жаттығу №5. «Ішкі әлем мәні».
Мақсаты: Ішкі әлем мәніне жекелік көз қарасы ішкі әлемін көрсететін сурет салу. Ол табиғат түстер гаммасы, заттар түрлі, оның көлемі, кеңістігі т.б. өзі қағуға түсіру.
Жаттықтырушы: ол неге ұқсайды? Себебі неде? әңгіме шағын жүргізу.
Жаттығу №6. Сөйлемді аяқта.
Мақсаты: Ішкі әлем мүмкіндіктеріне көңіл білдіру.
мен су құятын стаканмын, - (сусын қондыруға асығамын)
мен әдемі гүлмін, (хан иісті, әлем маған қызығады)
мен өлеңмін (жүректерді тербейтін)
мен шөппін,
мен желмін,
мен сезіммін,
мен қызық кітаппын,
мен теңгемін,
мен жасыл жапырақпын,
кесте (қалыптастырушы кезең % есебімен)
№
|
Кезеңдер
|
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтары
|
Гимназия оқушылары
|
81 мектеп оқушылары
|
Сұрақ саны
|
Дұрыс жауап
|
Жар. дұрыс жауап
|
Дұрыс емес жауап
|
Гимназия оқушылары
|
81 мектеп оқушылары
|
Сұрақ саны
|
Дұрыс жауап
|
Жар дұр. жау
|
Дұр.емес.жау.
|
1
|
Бастапқы кезең
|
1190
|
75
|
13
|
40
|
33
|
27
|
70
|
65
|
113
|
44
|
29
|
327
|
2
|
Дамыту кезеңі
|
1190
|
75
|
13
|
45
|
35
|
20
|
70
|
65
|
113
|
45
|
37
|
220
|
3
|
Қалыптас
тыру кезеңі
|
1190
|
75
|
13
|
58
|
28
|
14
|
70
|
65
|
113
|
38
|
39
|
223
|
Зерттеу жұмысының нәтижесін кесте бойынша және графикалық тұрғыда көрсеткенді жөн көрдік. Эксперименттік және бақылаушы топтардың нәтижесі төмендегі 4 суретте көрсетілген
(4 сурет)
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтар
|
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізген педагог-психологтың қызметінің нәтижесі
|
|
Жоғарғы деңгей
|
2
|
Орта деңгей
|
3
|
Төмен деңгей
|
4
|
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды қалыптастыруға арналған еңбектер мен зерттеулерді саралай, талдай келе сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жүргізудің мүмкіндіктері қалыптастырылды.
Зерттеу жұмысының бағдарламасы және сол бойынша жасалған әдістеме оқушылардың бойындағы рухани –адамгершілік, кәсіби қызығушылық, мәдени қарым -қатынасты дамытуға ықпал еткені байқалады.
Ғылыми –зерттеу жұмысы негізінде тәжірибелік –эксперименттік жұмыстар барысында жоғары сынып оқушыларына педагог-психологтың қызметінің қажеттілігі ауадай екендігін байқатты, себебі жастық шаққа өту кезеңінде еліктеушілік, кәсіп таңдау, достық, махаббат, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі мәселелерінің ызғарына түспей, тез өзіндік шешім қабыдауға бейімдеу мақсатында педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерді жүзеге асыруда олардың білім мен тәрбие даңгейінің (алғашқы, дамыту, бекіту кезеңдері) 44 –тен 53- ке өскенін байқадық.
Мектеп пен университет көлемінде жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында оқушылардың танымдық-қызығушылықтарын қалыптастыруда педагогикалық ой-пікірді жүзеге асыруда олардың білімі мен тәрбие деңгейінің (алғашқы, дамыту, бекіту кезеңдері) 44-тен 53-ке өскенін анықтадық.
Екінші тарау бойынша тұжырым
Бір қатар халықаралық статистикалық деректерге сәйкес, белгілі бір кезеңде біздің қоғам анағұрлым білімді деп саналды. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, оқушылардың білім алуда ерекше зиялылығы байқалады (зиялылық белсенділіктің әлеуметтік белсенділіктен артық тұруы, вербализм т.б.). Бірақ осындағы қарама-қайшылық мынада, қоғамның интеллектуалдық қорын иеленуші ретіндегі интеллекті мен интеллигенция біздің қоғамымыздағы әлеументті құндылық болған жоқ. Осының салдарынан тұлғада, әсіресе өзін-өзі тануға, өзін-өзі бейлеуге бейім жас шағында интеллект туралы жеке және әлеуметтік құндылық ретінде түсінік болмайды, сондықтан да өз ойлауын саналы түрде жетілдіруге, өзінің интеллектуалдық жұмысын белгілі бір түрде ұйымдастыруға талпыныс жоқ.
Зерттеулер көрсеткендей, студенттер өз көзқарастары тұрғысынан ақылдық маңызды сапасы ретінде рефлексияны атайды. Алайда сауалнамаға ауыл интеллектінің қалаған қасиеттері мен оларды барының ( жоғы немесе дамытуды талап ететін) арасындағы айырмашылықты көрсетуді талап етуде соқушылардың бұл айырмашылықтарды жіктеп бере алмағандары белгілі болды.
Олардың өздерінің интеллектісін қаншалықты қолданатынын айта алмайды және т.б. немесе олардың санасында өзін-өзі танудың мұндай жобасы жоқ. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олардың ата-аналары тарапынан баға алса, интеллектуалдық қабілетінің тез дамитыны белгілі болды, бірақ ата-аналар мектептік жүйе бойынша бағалау (балдық) жүйесін бағытқа алады да, жеткіншекке оның интеллектісінің күшті және әлсіз жақтарын түсінуіне мәнді критериийлерді ұсынбайды. Оқушылардың басқа адам туралы ойлауы саласындағы әлеуметтік-ойлауы ерекшеліктерінде едәуір ақаулар байқалды.
Өз кезеңінде С.Л. Рубинштейн (әлемге, басқаларға, өзіне қатысты), А. Бандура (басқалардың өзіне қарым-қатынасын кіргізетін –атрибутивтік жобалау, жеке сеезіну құрылымында өзгелердің өзіне қатынасын күту), ал, Ж. Пиаже (интеллектідегі операцияның қайтымдылығын басқаның көзқарасы тұрғысынан келу қабілеті ретінде қараған) ұсынған түсінік құрылымына сәйкес үш компонентті біліп қарауға болады (басқаларға, өзіне қатынасы және басқалардың өзіне қатынасын күту- атрибутмвтік жобалау). Эмпирикалық деректер жастардың (соның ішінде болашақтағы төменгі сынып мұғалімдерінде, педагогикалық жоғары оқу орнының студентерінде) санасында көбінесе атрибутивтік жобалаудың жоқтығын көрсетеді. Бұл жобалаудың тұлға санасында болмауы оны басқа адамды қабылдайтын ерекше “органын” –оның іс-әрекеті, оған деген қарым-қатынасы, оның жеке басы туралы болжам жасау мүмкіндігінен айрылады, осының салдарынан басқа адаммен қарым-қатынасты проблемасыз, эмперикалық, стихиялы, теоретикалық және интеллектуалдық бастамалардан айрылған жоспарға айналдырады.
Осы және басқа көптеген сананың ерекшеліктері және оның (тапшылығы) типологиялық түрде көрінді де жекелеген типтерде бірдей деңгейде көрінді, бірақ біртіндей алғанда олар өз кезегінде жекелік және әлеуметтік-психологиялық дамуға кедергі болған әлеуметтік интеллектінің шектеулігін көрсетеді. Диагностикалық зерттеуде бір мезгілде мұндай әдістерді қолдану олардың психология-педагогикалық яғни тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуын ынталандыратын әдіс ретіндегі әлеуетті мүмкіндіктерін айқындады. Осылайша, бірнеше тип қатарында жүргізілген типологиялық зерттеулер нәтижелері жөнінен және әдістемелік қоймасы жөнін де жоғары оқу орнында психологиялық қызметінде қолдану үшін мүмкіндіктері бар. Жүргізілген зерттеулерді талқыласақ оқу әрекетінің субъектісі ретінде студенттердің осы іс-әрекеттердің барлық түрлері мен нысандарын ойдағыдай орындауға шамалары әбден жеткілікті. Бірақ та, студенттердің бәрі бірдей бұл мүмкіндіктерін сарқа пайдаланбайды. Мысалы, Арнайы зерттеулер осыған байланысты төмендегідей келеңсіз жағдайларды көрсетіп отыр: Оқушылардың басым көпшілігі дәрістерді жөнді тыңдап, сапалы жазып ала алмайды. Дәрісті пайдаланғанда одан конспекті жасаулары да сапасыз. Оқушының бойына кәсіби жауапкершіліктерді арттыру арқылы ғана өзінің білім деңгейінің сапасын көтере алады деп тұжырымдаймыз.
Сондай-ақ курстық жұмысты орындау бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Жұмысты алдымен оқулықтарды,одан кейін монографиялық әдебиеттерді талдаудан бастайды. Тақырыпты ашу үшін білімді жеткілікті және де тақырыпқа қатысты мәселелерді білуді қажет етеді. Мысалы, құқықтан жасалатын курстық жұмысқа экономикалық мәселелер қатысты болса, керсінше экономикадан (тіпті техникадан) жазылатын курстық жұмысқа құқықтан қатысты мәселелерді тереңдей білуді қажет етеді. Әдеби деректерді қарастырумен бірге тәжірибелік материалдарды да қарастыру керек және де бұл материалдарды курыстық жұмыстың, белгілі бір бөлімінде пайдалану үшін де қажет. Бұл жұмыстың бәрін студент, өзінің ғылыми жетекшісінен кеңес ала отырып өз бетімен жасайды. Жоғарыда аталған студенттің өзіндік жұмыстарды орындауы арқылы оның психологиялық ерекшеліктерінің дамуына да септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |