Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады:
2 экономикалық – өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану
процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу.
Табиғи қоғамдастықтар түрлердің, соның ішінде адамзаттың атамзаманнан бері үйренісіп қалған
өмір сүріп отырған ұрпақтың алдында кезек күттірмейтін, тығыз шешілуге тиіс мәселелер тұр. Олардың ішіндегі
ең бастысы биосферадағы энергия мен заттардың айналымын сақтау, өзінің шаруашылық істерін өмір сүру
дәстүрлерін осы мақсатқа бағындыру. Сонымен бірге бізді қоршап тұрған ортаны жаппай әртүрлі табиғатқа жат
заттармен, соның ішінде адам ағзасының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне кесірін тигізетін заттармен ластау
біздің денсаулығымызға болашақ ұрпақтың жай күйіне қауіп төндіреді.
Жер бетіне жақын атмосфералық қабаттың химиялық жағдайын табиғи процесстерге байланысты бағалау
мен болжау, осы табиғи ортаның антропогендік жолмен ластануын бағалау мен болжаудан әлдеқайда өзгеше.
Жер сілкіністерін, вулкандық атқылауларды, басқа да көптеген табиғи құбылыстарды реттеу немесе болжау
қазіргі кезеңде мүмкін емес. Бұл жағдайларда тек қана құбылыстардың зиянды салдарын әлсірету ғана сөз болуы
мүмкін. Кез-келген құбылыстың салдарына әсер ету үшін ол құбылыстың табиғатын, әртүрлі табиғи жүйелердің
жұмыс жасау ерекшеліктерін соның ішінде жердің планета ретіндегі қасиетін терең зерттеп түсіну керек. Уақыты
мен орны үнемі өзгеріп тұратын әртүрлі факторлардың өзара әсерлесулерінде есепке алу керек.
Ал, ауа бассейнін қолдан ластауға көбіне көп ықпал жасап реттеуге болады.
Қазақстандағы және шет елдердегі экология саласында жүргізілген жұмыстар төмендегідей кемшіліктердің
бетін ашты:
талдаулар табиғатқа зиянын тигізетін әсерлерді толық қамтымайды.
басты факторлар мен олардың салдарын анықтау өте төменгі дәрежеде жүргізілді.
шешім қабылданар кезде экологиялық тәжірибелер мен сол саладағы теориялық зерттеулердің
нәтижелері жеткілікті дәрежеде пайдаланылмайды.
Жерге жақын атмосфера қабатының және басқа өмір сүру үшін маңызды табиғи орталардың, жүйелердің
ластануының салдарын анықтайтын әдістемелердің, есептемелердің дәлдігі қанағатанарлық емес.
Атмосфераны қорғау – атмосфера қабаттарының химиялық және энергиялық тұрақтылығы мен тепе-теңдігін
сақтауға арналған шаралар жиынтығы. Адам баласы өзінің материалдық мұқтаждығын өтеу үшін өнеркәсіпті,
автокөлікті, ғарышты, су көліктерін пайдалана отырып, атмосфераның ластануына жол береді. А. қ-дың негізгі
шаралары – ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарында аз
қалдықты немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынан
бөлінетін газ тәрізді, аэрозол, ауыр металдар, фенолдар, т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін
бақылау.
Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар
хош иісті қосылыстар. ОН тобының санына байланысты бір, екі, үшатомды Фенолдар болып бөлінеді. Мысалы,
фенол, 1-нафтол, 2-нафтол – біратомды, крезол, гидрохинон, – екіатомды, пирогаллол – үшатомды.
Достарыңызбен бөлісу: