Тақырыбы: « Ағылшын тілі сабақтарында ауызша сөйлеуді және ойлау қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру»
Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру — өзекті мәселелердің бірі.Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін алға қойып отыр.
Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым - қатынасымыз күннен - күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Солардың бірі – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін 1- сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Сондықтан да мен осы проблемалық тақырыппен 3 жылдан бері жұмыстанып келемін. Менің байқап бақылағаным бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. 7- сыныпта Professions тақырыбындағы сабақта жаңа сөздер және жаңа сөз тіркестерімен танысқан соң, жұптық тапсырма бердім. Яғни әрбір оқушы көршісінің қимыл қозғалыстары арқылы сабақта үйренген жаңа сөз тіркестерін пайдалана отырып қандай мамандық иесі екенін табу керек. Оқушылардың белсенді жұмыстануына жақсы септігін тигізеді.
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс — әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі.
Шағын эссе жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн. Тақырыптар түрі сан алуан: “My future professions”, “My favorite singer or actor”, “My hobby”, “ Environmental problems”т.б
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі – «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Сонымен қатар оқушылырадың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі. Өз тәжірибемнен мысал келтіретін болсам осы оқу жылында 5 сыныпта өткізген ашық сабағымда түрлі әдіс-тәсілдермен жаттығларды, сонымен қатар жаңа оқыту технологиялардың элементтерін қолданып оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға тырыстым. Тәжирибе алмасу мақсатында әріптестер, сіздерге ұсынғым келіп отыр.
1-тапсырма. Сабақ басталар алдында тіл жаттықтыру мақсатында Warm up.
Do you like animals?
What is your favorite animal?
What kind of domestic animals do you know?
2-тапсырма. Read the text with pictures . Where do animals live?
3- тапсырма. Guess the Animals
I' m brown, black or grey. I live on the trees. I move, jump, run very quickly. I eat plants. I am funny. I can hang by my long tail. ( a monkey)
There is an animal that has a beautiful yellow skin with black stripes on it. It is a very dangerous wild animal. It lives mostly in hot countries. ( a tiger)
This animal has got long legs and a long neck. It is brown. It can run fast. It can go without food and water for a long time. What is it? ( a camel)
I'm grey and I'm big. I live in the jungle, but you can also find me at the zoo or in the circus. I don't eat meat. I like leaves, vegetables, grass and fruit. (an elephant)
Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, комуникативті құзіреттілігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |