Болжам: Егер қар күрт еріген тұстарда көктемнің алғашқы гүлдері және өгейшөп өссе-онда наурыз айы мен көкек айының басы жылы болады.
Тақпақ
Көктем
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада,орманда
Құстар әні төгілді.
Қимылды ойын: «Жүгір-отыр-жүгір!»
Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»-балалар алаңда жүгіреді, «Отыр!»-отырады);жылдамдықты(бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекетті қалыптастыру.
Еңбек іс-әрекеті: Терезе алдындағы бақша (суару)
Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту,су бүрку.Ұқыптылық пен еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.
Өзіндік іс-әрекет:Ойын барысында бірігіп 2-3 рөлден тұратын ойындарды құрдастарымен бірігіп ойнау. Ойын әрекетін орындау.
Карточка№109 Сүңгілерді бақылау.
Бақылау: Балалармен бірге сүңгілерді қарау.Сүңгілердің пішіні, көлемі әр түрлі болатынын атап өту. Олардың пайда болуын түсіндіру (қар ериді,су тамшылайды,бірақ үнемі бірдей,жылы емес;күн суық болғанда су тамшылары қатады,мұздақ төмен қарай өседі ). Балалардың көктемгі табиғаттың құбылысы жайында түсінігін кеңейту.
Болжам: Сүңгілер ұзын болса-көктем ұзақ болады.
Қимылды ойын: «Үйсіз қоян»Алаңда жалғыз аяқпен секіре білуді бекіту;белгі бойынша үйлерге кіру.(шеңбер үйлер),бірақ бір ойыншыға үй жетпейді, ол ойын бастаушы болып қалады. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Еңбек іс-әрекеті: Аула сыпырушыға қар жинасуға көмектесу.
Балаларды салыстыруға үйрету:қай жердің қарын күреу қиындау-майлы қар немесе борпылдақ қар. Өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттана білу сезімін қалыптастыру. Еңбектенуге деген құштарлықты тәрбиелеу.
Дидактикалық ойын.Тәжірибе мен сараптама.
Тапсырма 1. «Шелекке қанша су жиналады?»
Шелекті далаға бірнеше күнге қойып, төбеден аққан судың мөлшерін анықтау.
Қорытынды. Су біртіндеп көбейеді,яғни,қар күннен-күнге тез ериді.
Тәжірибе. Мұздақтардың астына шелек қойып, күн мол түсетін және күн түспейтін тұстарын бақылап, қай тұста шелек тез толды?
Қорытынды. Жарық жақтарымен таныстыру. Мұздақтардың ұзару себебін түсіндіру.
Өзіндік іс-әрекет.: Балалардың ойын мазмұны мен тақырыбын жетілдіруді дамыту. Өз ойларын жүзеге асыру,яғни ойында рөлдерге бөлуде ойыншық пен міндеттерді бөлісуде құрдастарының ойына келіспеушілік білдіру.
Карточка№111 Қар бетінің төмен түсуін бақылау
Бақылау: Қардың төмен түсуі күн сайын арта түседі, түсі сұрғұлт тартып, қар беті күртіктеніп,асты борпылдақ қар болатынын түсіндіру.Көктемгі қардың жағдайы туралы балалардың білімін бекіту.Табиғатта болып жатқан өзгерістердің себебі туралы айтып өту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Көркем сөзСылдыр қағып ақ бұлақ
Күйге салып жатты бақ
Таудан аққан өзенде
Гүрілдеді қаттырақ
Достарыңызбен бөлісу: |