Т. Я. Эрназаров 2013 ж


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,97 Mb.
бет2/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,97 Mb.
#3443
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

NU 3209 «Салық есебі»
ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар,


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
2013

Пән бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19










БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

________ Т.Я.Эрназаров
2013 ж. «___»_____________.

Құрастырушы: _________ аға оқытушы А.Б.Темірғалиева



Есеп және аудит кафедрасы

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттеріне арналған


NU 3209 «Салық есебі»

пәнінің бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленді
Есеп және аудит кафедрасының отырысында ұсынылды 201__ж. «__»___________ №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ А.Ж. Мусина 201__ж. «__»___________
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201__ж. «__»___________ №___ хаттама


ҚЭФ ОӘК төрайымы ________ А.Б. Темірғалиева 201__ж. «__»__________

1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы Салық есебі
Кредиттер саны және оқыту мерзімі

Барлығы3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Аудиториялық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат, соның ішінде СӨЖМ-22,5 сағат

Жалпы еңбек сыймдылығы - 135 сағат


Бақылау нысаны

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

- экономикалық теория;

- бухгалтерлік есеп қағидалары;

- қаржылық есеп 1,2;

- салық және салықсалу.


Постреквизиттер

Пәнді игеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар өндірістік тәжірибеден өтуге және диплом жұмысын орындау үшін қажет.


2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланыс ақпараты

Аты-жөні Темірғалиева Айжан Беркінқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы аға оқытушы

«Есеп және аудит» кафедрасы, аудитория А-426

телефон: 673643, 673656

Е-mail: m_t.aizhan82@mail.ru


3. Пәні, мақсаттары және міндеттері

Пәні

Салық есебінің пәні ретінде кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес іс-әрекеті болып табылады, оның нәтижесінде салық төлеушісі ретінде кәсіпорынның салықтарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелері туындайды.


Пәнді оқытудың мақсаты

Қазіргі жағдайда бухгалтерияның рөлі өзгеріп, енді оның қызметіне бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді құрастыру ғана емес, сондай-ақ, салықтық есепті жүргізу және корпорациялық табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша Декларацияны толтыру жатады.

Пәнді оқытудың мақсаты – студенттердің салықтық есебінің саласында шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъектінің салықтық міндеттемелерін анықтау үшін салықтық есебінің әдістерін тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ететін теориялық білімді алуы.
Пәннің міндеттері:


  • шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъектінің экономикасын басқару жүйесіндегі салықтық есебінің рөлін игеру;

  • салықтық есебінің заңнамалық негізін оқу;

  • салықтық есепте қолдану үшін бухгалтерлік есептегі мәліметтерден ақпаратты ашу дағдыларын қалыптастыру;

  • ағымдағы салық есебі регистрлерін пайдалана отырып, жылдық жиынтық табыс және шығынды анықтау әдістерін үйрену;

  • корпорациялық табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша Декларацияны толтыру дағдыларын меңгеру.


4 Білімге, икемділікке, дағды-машықтарға және құзыреттілікке қойылатын талаптар

Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер:



    • қазіргі жағдайда экономикадағы үрдістер мен құбылыстар туралы;

  • ғылым танудың ғылыми әдістерінің мүмкіндіктері туралы, нақты міндеттерді шешу үшін осы әдістерді игеру және пайдалану туралы түсініктері болу керек;

  • салықтық есебінің заңнамалық негізін;

  • салықтық есебінің принциптерін және әдіснамасын;

  • кәсіпорындағы салық есебінің ұйымдастыру негіздерін білу керек;

  • бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды көрсетуді;

  • табыстар мен жылдық жиынтық табыстардан шегерімдердің салықтық есебі бойынша аналитикалық құжаттарды толтыруды;

  • корпорациялық табыс салығы бойынша Декларацияға қосымшаларды толтыруды;

  • корпорациялық табыс салығы бойынша Декларацияны толтыруды істей білу керек;

  • бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды көрсету;

  • салық есебі бойынша аналитикалық құжатнаманы толтыру;

  • салықтық есептілікті толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп алу керек;

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу саласында құзыретті болуы керек.


5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу





Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттардың саны

СӨЖ

дәрістер

тәжірибелік сабақтар

Барлығы

СӨЖМ с.і.

1

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1




6

1,5

2

Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны

1

1

6

1,5

3

Салық есебін жүргізу ережелері

1




6

1,5

4

Есептік және салықтық саясаты

1

1

6

1,5

5

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі

4

2

6

1,5

6

Шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі

1




6

1,5

7

Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау

1

1

6

1,5

8

Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі

5

4

6

1,5

9

ХҚЕС (IAS) 12 «Пайдаға салынатын салықтар» (ЖЖТ үлгісі). ХҚЕС сәйкес корпоративтік табыс салығының есебі

2




6

1,5

10

Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі

3

1

6

1,5

11

Шегерімдердің түрлері және олардың есебі.

3

1

6

1,5

12

Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі

2

1

6

1,5

13

Салық салытатын табысты азайту және залалдарды ауыстыру

2

1

6

1,5

14

Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері

2

1

6

1,5

15

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (ставкалар, салық кезені, төлеу мерзімдері)

1

1

6

1,5




Барлығы: 135 сағат (3 кредит)

30

15

90

22,5


6 Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Жоспар:


  1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

  2. Салық заңнамасы

1. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің жиынтығы мен олардың нысандары мен құрылуы, мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды.

Салықтық жүйе аса қиын модельді құрауы мүмкін, өйткені салықтың, олардың төлеушілерінің, салық алу түрлерінің, салықтық жеңілдіктердің көптеген түрлері бар.

Салықтарды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады, мысалы, қолданылуы бойынша, экономикалық белгілері бойынша, салық алушы орган бойынша.

Салық мәні олардың қызметтерінде көрініс табады:

-фискалды;

-қайта бөлуші;

-реттеуші.

Салық салу қағидалары: классикалық - әділеттілік, ыңғайлылық, анықтылық, үнемділік.

Қазақстан Республикасының салықтық заңдылығы келесі қағидаларға негізделеді:

- салықтар мен бюджетке басқа да төлемдерді төлеу міндеттілігі;

-анықтылық;

-салық салу адалдығы;

-салық жүйесінің бірлігі;

-ҚР Салық Кодексінің 4 бабымен анықталған салықтық заңдылықтың жариялылығы.

2 Салық Кодексінің құрылымы үш бөлімнен тұрады:


  1. Жалпы бөлім

  2. Ерекше бөлім

  3. Салық әкімшілігі

Жалпы бөлім – бұл салық заңдарының «конституциясы». Осы бөлімде салық заңдарының құрылу қағидалары нақты анықталған, қатаң қағидалар негізінде заңнамаға жасалған түрлі өзгертулер тек бюджет қабылданғанда ғана мүмкін болады, ал заңдық күші күнтізбелік жылдың басымен басталады.

Ерекше бөлімде бюджетке төленетін міндетті басқа да төлемдер және салық түрлері, салық есебінің ережелерінің және есебінің бөлек түрлерінің операцияларымен анықталады.

Салық әкімшілігі бөлімінде процессуалдық сұрақтар анықталады.

Қазақстан Республикасынының салық жүйесі даму сатысында тұр, сонымен бірге салық механизмі де жетілуде. Қазақстан Республикасында салық салудың құқықтық реттеуі өзінің даму кезеңінде 3 сатыдан өтті:

Салық реформасының бірінші сатысы (1992 жылдан 1995 жылдын маусымына дейін)

Салық реформасының екінші сатысы ормалары (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін)

Салық реформасының үшінші сатысы (2000 жылдан 2001жылға дейін)

Салық реформасының төртінші сатысы (2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін)

Қазақстан Республикасының салық жүйесі келесі белгілері бойынша сипатталады:

- заңға негізделеді;

- бірыңғай қағидалар, төлемдерді есептеу мен жинаудың бірыңғай тәртібі бойынша құрылған;

- салық төлеушілерге тең және бірдей талап қояды, олардың орындалуына тең жағдай жасайды;

- әр категориядағы төлеушілердің арасында салықтық міндеттемелерді әділетті бөледі, олардың мүдделерін құқықтық қорғайды;

- салық төлеудің нақты кезегі және салықтық күнтізбе қарастырылады.

Әдебиеттер: 1

2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны

Жоспар:


1. Салық есебі түсінігі, мақсаты мен міндеттері, функциялары.

2. Салық есебінің әдіснамасы.

3. Салық есептілігі.

1. Салық есебі түсінігі 1995 жылы «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлықты қолданысқа енгізілуімен байланысты шаруашылық тәжірибеде кеңінен тарады..

Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалауға байланысты бухгалтерлік есепті екі түрге бөлуге қажеттілік туды: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебінің анықтамасы мен мазмұнын бюджетке төленуге тиісті шаруашылық субъектінің салықтық міндеттемесін есептеу процесімен тығыз байланыста қарастыру қажет. Салықтық міндеттемелерді есептеу үшін тек бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті емес, өйткені салық есебін енгізітін ережелермен және нормалармен реттемелеуші тәртіп және жағдайлар салық заңымен анықталады. Егер бухгалтерлік есеп мәліметтері салық салу базасын анықтау үшін қолданылмайтын деп қарастырсақ, онда салық есеп жүйесі іске асады. Салық есебі, салық төлеушінің шаруашылық операцияларды және оның салық салу базасы мен объектін анықтау үшін, нәтижелерін жүзеге асыру мақсатында, оның мүмкін тіркеу үрдісі ретінде қарастырылады. Қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу бойынша салық есебін бухгалтерлік есптің ішінде ерекше орын алатын түрі ретінде қарастырылады. Салық есебінде бухгалтерлік есептің қатысу деңгейіне байланысты салық есебінің 3 түрін атап көрсетуге болады:

1. Бухгалтерлік салық есебі

2. Аралас салық есебі

3. Абсалютті салық есебі

Салық төлеушінің бағыты бойынша салық есебін, салық алу объектінің бар болуымен тиісті, міндетті салық есептеуге мәліметтерді көрсететін мәліметтері ретінде бухгалтерлік есептің негізгі бөлімі ретінде қарастыруға болады. Салық қызметінің бағыты бойынша салық есебін салық салу базасын анықтайтын салық әкімшілігінің құралы және сәйкесінше мемлекеттік фискалдық саясатымен жүргізіледі.

Салықтық есепке алу – салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелендіру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) салық кодексінің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.

Салық есебінің мақсаты- салық салу мақсаттары үшін қажетті ақпаратты алу. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негіздеріне негізделеді.

Салық есебінің міндетті: салық салымы үшін қажетті салық кезеңі ішінде өткізілетін шаруашылық- операциялар есебінің тәртібі туралы толық және нақты ақпараттарды қалыптастыру мақсатында, сондай- ақ бюджетке салық төлемінің дұрыс толық және уақытында есептелуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Салық есебінің пәні болып шаруашылық субъектінің өндірістік және өндірістік емес қызметі болып табылады, нәтижесінде салық төлеу міндеттері мен есеп айырысу міндеттері пайда болады.

Салық есебінің негізгі функциялары:



  • қазынагерлік функция (фиксалды)- салықтық есеп арқылы бюджеттің толығуының мемелекеттік міндеті жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің қазынагерлік қызығушылықтары мен салықтық саясатына негізделіп салықтық есеп арқылы салық салу мақсаттары үшін кез- келген шығындардың шектеулі мөлшерлерін орнатады немесе оларды келесі салықтық кезеңдерге ауыстыруға мүмкіндік береді.

  • бақылау функциясы- салықтық есеп бекітілген салықтық есептік нысандар арқылы салық оргындарына салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін орындалуын бақылауға және қадағалауға мүмкіндік береді.

  • салықтардың есептеу үдерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметі. Салық есеп салық міндеттемелерді дұрыс есептеу үшін қажетті салықтық ақпараттарды жинау мен өңдеуге мүмкіндік береді.

Салық заңнамасы- бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылы 10 желтоқсанда № 100-IV қабылданған 2009жылғы 1 қантарда жүзеге енгізілген салық кодексінде қарастырылған нормативтік құқықтық актілер.

2. Салық есебінің әдіснамасы:



  1. бухгалтерлік есеп деректеріне негіздендірілген және тек қана салық салу мақсаттарына қолданылатын арнайы есептік салықтық көрсеткіштер мен ұғымдарды пайдалану

  2. есептік салықтық көрсеткіштер қалыптасуының арнайы ережелерін белгілеу

    1. есепке алу әдісі

    2. салық төлеуші салық кезеңдерінің қортындылары бойынша салықты есепке алу негізінде салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді.

    3. салық салудың мақсаттары бағамдық айырманы валюта айырбастаудыңнарықтық бағамын қолдана отырып, Халықаралық қаржылық есепке алуды стандарттарына және ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржы есеп стандартарына» сәйкес жүзеге асырылады.

    4. тауарлы материалдық қорларды салық салу мақсатында Халықаралық қаржылық есепке алуды стандарттарына (ХҚЕС) және ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңға сәйкес жүргізіледі.

    5. борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде айырбас шарты бойынша операция кепіл ұстаушығы беру салық салу мақсатына орай тауарларды өткізу жұмыстарды орындау қызметтерді көрсету кезінде қарастырылады.

    6. салық салу әр- түрлі шарттары көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға салық төлемдерді осындай қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін және салық салуға байланысты объектілерін бөлек есепке алуын жүргізуге міндетті.

  3. арнайы салық есептерін орнату.

3. Салық есептілігі – салық төлеушінің Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:



  • бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және олар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және олар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • қосымша есептілік – осы өзгерістер және толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • хабарлама бойынша қосымша есептілік – салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

  • тарату есептілігі – салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

Әдебиеттер:1

3-тақырып. Салық есебін жүргізу ережелері

Салық есебінің әдістері қаржылық есебінің әдістері сияқты диалектикалыө материализмнің жалпы әдістемелік заңдарына және бухгалтерлік есепке тән арнайы әдістер мен тәсірлерге негізделген. Олар: құжаттау, түгендеу, шоттар, баланс, бағалау, калькуляция, есеп беру. Сонымен қатар, салықтық есептің тек қана өзіне тән әдістері мен тәсілдері бар: табыстар мен шығыстар есебі үшін есептеу әдісі; тауарлы-материалдық қорлар есебі үшін ФИФО, орташа өлшенген құн және т.б. әдістері, салық салу объектілерін анықтау үшін тікелей және жанама әдістері және т.б. әдістері қолданылады.



Тікелей әдістер салық төлеушілердің нақты салықтық есепбінің жүргізілуін және бюджетпен есеп айрысу бойынша нақты төлемдер жасалуын қарастырады.

Жанама әдістерге: мысалы, салықсалудан жасырылған табыстарды, т.б. айқындау үшін әдістер мен тәсілдер жатады. Ең жиі қолданылатын жанама тәсілдер: өқжаттардың қарама-қарсы және өзара тексеру, біртиптік құжаттардың әр түрлі даналарын салыстыру, бақылау сатып алулар, сатып алушыларға сауалнама жүргізу және т.б.

Салық салу объектілерін анықтау әдістеріне барабарлық және бөлек есептеу әдістерін жатқызуға болады. Осындай әдістер ҚҚС салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда қолданылады. Осы екі әдістін біреуін таңдау салық төлеушіге жүктелген және ұйымның есептік және салықтық есебінде кқрсетілуі тиіс.

Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.

Есепке жазу әдісі – есепке алу әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстар, төленген уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды өткізу мақсатында тиеп жіберу және мүлікті кіріске алу кезінен бастап ескеріледі.

Әдебиеттер:1, 2, 3, 9



4-тақырып. Есептік және салықтық саясаты

Салықтық есепке алу саясаты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

Есепке алу құжаттамасы:


  • бухгалтерлік құжаттаманы;

  • салықтық нысандарды;

  • салықтық есепке алу саясатын;

  • салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

Салықтық сепке алу саясатына қойылатын талаптар

Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:



  • салық төлеуші дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

  • стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;

  • салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

  • Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

  • жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

  • корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;

Салық төлеуші салықтық есепке алу мақсатында бұрын көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатында тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиіс:

  • халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;

  • қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе оның бөліміне өзгерістер және толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады


Бастапқы бухгалтерлік және салықтық құжаттар

Салықтық есептік регистрлер


Шоттар бойынша айналым ведомос, Бас кітап



Журнал ордерлер мен шоттар бойынша карточкалар

Талдамалы есебінің регистрлері



Салықтық есеп-қисаптардың көрсеткіштерін

дәлелдейтін құжатнама



Салықтық есеп-қисаптар

Сурет 1.1 - Құжатайналымы


Салықтық есепке алу саясатына келесі жағдайларда өзгерістер және толықтырулар енгізуге болмайды:

  • кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде –тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;

  • шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына .

Салықтық есепке алу саясатының құрамы:

Жалпы ережелер:



  • есептің негіздерін құрайтын принцип

  • есептің мақсаты мен міндетті.

  • салық есебінің жүргізілуін реттейтін және негізін құрайтын нормативті құқықтық құжат.

Салық есебін жүргізудің әдістемесі - салық есебі кезеңінде ұйым мен пайдаланылатын негізгі әдістерді ашық көрсету.

Салық есебін ұйымдастыру. Салық есеп айырысуын рәсімдеу үшін қолданылатын есептік құжаттар саны, есептік ақпараттарды өңдеу техникасы мен тәртібін салық есебі мен басқа мәселелерді дұрыс жүргізуге ішкі бақылауды өткізудің тәртібін анықтайды.

Салық есебінің саясаты туралы ережеге салық тіркелімнің нысандарын қарастырылуы және бекітілуі керек. Бухгалтерлік есеп деректері кейбір жағдайда бюджетке аударуға тиісті салық сомасының есеп айырысуы үшін жеткілікті болмайды. Осындай дағдайларда арнайы әзірленген салықтың есептік тіркелімін пайдалану қажет. Оларды ұйымда өзі дербес дайындауға болады. Бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттарында салықтар туралы алғашқы ақпаратта бухгалтерлік және салық есебінің тіркелімінде жинақталады және жүйеленеді.

Салық есептік ақпараттарды өңдеу үрдісі 1.1 суретте көрсетілген.

Салықтық саясатында қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі салық есебінің элементі бойынша тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімі, салықтық төлемін төлеу мерзімі, салықтық күнтізбе бекітіледі.

Әдебиеттер:1,3,5


5-тақырып. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі

Жоспар:


1. Кәсіпкерлік туралы түсінік, оның түрлері, ерекшеліктері

2. Арнайы салық режим

1. Жеке (жалғыз) жұмыс істейтін кәсіпкерлер салық салуы бекітілген болып келетін кәсіпкерлерге және салық салуы бекітілмеген кәсіпкерлерге бөлінеді. Осы екі айырмашылықты қарастырайық:


Кәсіпкерлік

Бекітілген салық салумен

Бекітілмеген салық салумен

Арнайы салықтық режим

Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер

Жеңілдетілген салықтық декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер

Жалпы бекітілген режимдегі кәсіпкерлік

2 Арнайы салықтық режим шағын бизнес субъектілеріне арнап әлеуметтік салықты, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген.

Патентке немесе жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимдерді қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу нысанына Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынған (алуға жататын) табыстың барлық түрінен құралатын табыс жатады.

Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сондай-ақ солар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана өз бетінше таңдап алуға құқылы:



  • жалпы бекітілген тәртіп;

  • патентке негізделген арнайы салықтық режим;

  • жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режим.

Арнайы салықтық режимнің күші келесідегідей қызмет түрлеріне тарамайды:

  • акциздік өнімдерді өндіру;

  • кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;

  • мұнай өнімдерін сату;

  • шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;

  • қойнауларды пайдалану.




АРНАЙЫ САЛЫҚТЫҚ РЕЖИМ

шағын бизнес субъектілері үшін

шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін


Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін

Патентке негізделген арнайы салықтық режимді келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:



  • қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  • жеке (өз бетінше) кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын;

  • өздерінің салықтық кезең ішіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңдарымен тиісті қаржылық жылға арнап бекітілген ең төмен еңбекақының 200-еселік көлемінен аспайтын.

Патентті алу үшін келесі құжаттар қажет

ЖК куәлігін алған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде мекенжайы бойынша орналасқан салық органына төмендегідей құжаттар жиытығын ұсыну қажет:



  • ЖК куәлігі;

  • салықтық өтініш;

  • патент алуға арналған есеп (№ 911 пішімі бойынша және соның қосымшалары, 911.01-пішімі), оны салықтық комитеттен алуға болады;

  • патенттің ақшасын төлегендігі туралы түбіртек (есептемеде жазылған көзделіп отырған табыс сомасының 2 %-ы);

  • әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуі туралы түбіртек.




ПАТЕНТ

  • Жеке кәсіпкерлік

  • Жалданған жұмысшылар жоқ

  • Табысы ары кеткенде 200 АЕЖК

  • Салықтық кезең – бір жыл

  • Көрсетілген табыстың 2% құрайтын салық (½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)

  • Әлеуметтік аударымдар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДЕКЛАРАЦИЯ

Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салықтық режимді төмендегідей шарттарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері қолданады:


  • жеке кәсіпкерлер: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны жеке кәсіпкердің өзін қоса санағанда жиырма бес адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 10 млн. теңгені құрайды;

  • заңды тұлғалар: салықтық кезең ішінде қызметкерлердің шекті ортатізімдік саны елу адамды құрайды; салықтық кезең ішіндегі шекті табыс 25 млн. теңгені құрайды.

Салықтық кезеңге күнтізбелік тоқсан жатады, яғни жеңілдетілген декларация тоқсан сайын ұсынылып отырады.

Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы режимді қолдану үшін Сізге төмендегілерді орындау қажет:



  • егер сіз әрекеттегі ЖК болсаңыз – мекенжайыңыздағы салық органына салықтық кезең (тоқсан) басталғанша салықтық өтінішіңізді ұсыну;

  • егер Сіз жаңадан ғана тіркелген ЖК болсаңыз - салықтық өтінішіңізді мекенжайыңыздағы салық органына ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей ұсыну.

  • заңды тұлғалар өтінішін заңды тұлғаны әділет органында мемлекеттік тіркеуден кейінгі он жұмыс күнінен кешіктерімей ұсынады.




ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ДЕКЛАРАЦИЯ

  • Жеке кәсіпкер, заңды тұлға

  • Қызметкерлердің шекті саны

  • ЖК -25 адам, заңды тұлға-50 адам

  • ЖК шекті табысы -10 млн.тг, заңды тұлға - 25 млн.тг.

  • Салықтық кезең – бір тоқсан

  • Көрсетілген табыстың 3% құрайтын салық (½ табыс салығы, ½ әлеуметтік салық)

  • Әлеуметтік және зейнетақылық аударымдар




жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау