Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет23/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62

 
65 
тәрбие  үрдісімен  салыстырғанда,  баланың  дамуы  анағұрлым  баяу 
жүретінін  ескермей,  әр  сабаққа  жаңа  дамытушылық  мақсат  қоюға 
тырысады.  Екіншісі  –  даму  дербестігіне  өте  қатысты  болып  келеді 
және  ол  маңызды  дәрежеде  дұрыс  ұйымдастырылған  оқу  мен  тәрбие 
нәтижесі  ретінде  іске  асырылады.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 
мақсаттың  бір  дамытушылық  аспектісі  бірнеше  сабақтың  үшбірлік 
мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың 
сабақтарына да жарайды.  
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады: 
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның 
мағыналық  функциясын  күрделендіру  (жаңа  білім  түсінудің  жаңа 
аспектілерін  әкеледі);  сөздің  коммуникативтік  қасиеттерін  кеңейту 
(бейнелі,  айқын,  мәнерлігі);  оқушылардың  тілдің  шығармашылық 
кейіптері  мен  мәнерлі  қасиеттерін  үйренуі.  Тіл  дамуы  –  оқушының 
интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші. 

Ойлау  қабілетін  дамыту  –  сұрыптауға,  басты  ойды 
ерекшелеуге,  ұқсастықты  құруға,  салыстыруға,  жалпылау  мен 
жүйелеуге, дәлелдеу  мен теріске шығаруға,  ұғымдарды анықтау мен 
түсіндіруге, мәселені  қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену 
– ойлай білу дегенді білдіреді. 

Сенсорлық  өрісін  дамыту  –  мұнда  көз  өлшемін  дамыту, 
кеңістік  пен  уақытты  тұспалдау,  түстің,  жарық  пен  көлеңкенің, 
пішіннің,  дыбыстың,  сөз  реңінің  дәлдігі  мен  сезімталдығын 
(нәзіктігін) айыра білу. 

Қозғалыс  жүйесін  дамыту  –  ұсақ  бұлшық  еттердің 
моторикасын,  өзінің  қозғалыс  әрекеттерін  басқара  білу,  ыңғайлы 
қозғалысты  дамыту,  қозғалыс  өлшемін  және  т.б.  меңгеруді 
қарастырады. 
СҮМ-нің  тәрбиелік  аспектісі  –  шын  мәнінде,  дамытушы  оқу 
тәрбиелік  болмауы  мүмкін  емес.  Сабақ  оқушы  бойында  көптеген 
тұлғалық  қасиеттердің  қалыптасуына  ықпал  ете  алады.  Тәрбиелік 
аспект  оқу  материалының,  оқыту  әдістерінің,  таным  әрекетінің 
формалық ұйымдасу мазмұндарының бірлесіп жұмыс істеуін қолдана 
отырып  оқушы  бойында  мінез-құлықтық,  еңбек  сүйгіштік, 
эстетикалық,  отан  сүйгіштік,  экологиялық  және  басқа  да  жеке 
тұлғалық  қасиеттердің  қалыптасуы  мен  дамуын  қарастыру  керек.  Ол 
оқушы  бойында  адамгершілік  құндылықтарға  деген  дұрыс  қарым-
қатынасты  және  азаматтық  борышына  деген  жоғары  сезімдерді 
тәрбиелеуге бағытталу керек. 


 
66 
2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар  
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: 

білімділік  мақсаттарды  түгелдей,  сондай-ақ  олардың 
құраушы  элементтерін  және  олардың  дамытушылық  және  тәрбиелік 
мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет; 

оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды 
ескере  отырып,  оқу  бағдарламасы  мен  мақсаттарына  сай  сабақтың 
үйлесімді мазмұнын анықтау; 

сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі  жұмыстар кезінде білім мен 
біліктіліктерді  ұйымдастыру  және  оқушылардың  ғылыми  білімдерді 
меңгеру деңгейін болжау; 

оқыту  формаларының  ең  тиімді  тәсілдерін  және  әдістерін 
таңдап  қолдану,  олардың  сабақтың  кезеңдеріне  әсерін  бақылау  және 
қалыптастыру,  жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және 
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; 

барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге 
асыру;  

оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау. 
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
Сабақтың психологиялық мақсаты: 
1.  оқушылардың  дамуын  нақты  оқу  пәні  және  нақты  сабақ 
шегінде жобалау; 
2.  сабақтың  мақсатын  қою  кезінде,  тақырыпты  оқытудың  және 
оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру; 
3.  оқушылардың 
дамуын  қамтамасыз  ететін  әдістемелік 
тәсілдердің  психологиялық  және  педагогикалық  әсерлерінің  жеке 
құралдарын қадағалау. 
Сабақтың стилі: 
1.  Оқытудың  дамытушылық  принципіне  сай  сабақтың 
құрылымы мен мазмұнын анықтау: 

оқушылардың  ойлау  және  есте  сақтау  қабілетіне  әсер  ететін 
жүктемелердің қатынасы; 

оқушылардың  шығармашылық  және  жүзеге  асыру  іс-
әрекетінің көлемін анықтау; 

дайын  түрде  (мұғалімнің  сөзінен,  кітаптан  немесе  қосымша 
құралдардан)  және  өздігінен  іздену  кезінде  білімдерді  меңгеруді 
жоспарлау;  

проблемалық-эвристикалық 
оқытуды 
мұғалім 
мен 
оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды 
және оны кім шешеді); 


 
67 

мұғалім  жүзеге  асыратын  әрекеттерді:  оқушылардың  іс-
әрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай 
бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу. 
2. Мұғалімнің өзін-өзі  ұйымдастыру  ерекшеліктері:  

сабаққа деген дайындығы және ең бастысы–  психологиялық 
мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;  

сабақтың  басында  және  барысындағы  көңіл-күй  – 
жинақылық,  сабақтың  психологиялық  мақсаты  мен  тақырыпқа 
байланысты  өзін-өзі  баптау,  жігерлілік,  анықталған  мақсатты 
орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік;  

педагогикалық әдептілік;  

сабақтағы психологиялық жағдай. 
Оқушылардың 
танымдық 
іс-әрекетін 
ұйымдастыруға 
қойылатын талаптар: 
1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің 
белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:  

оқушылардың  оқылатын  объектілері  мен  құбылыстарды  
саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау; 

сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;  

оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін  
тұрақты ұстау  шарттарын жоспарлау;  

оқушылардың  жадында  алдында  игерілген  білімдерін, 
біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды 
қабылдау  қажет  (әңгіме,  жеке  сұрау,  қайталау  бойынша  жаттығулар 
сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану; 
2.  Жаңа  білімдерді  және  біліктіліктерді  қалыптастыру 
үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру: 

оқушылар  білімдері  мен  біліктіліктерінің    қалыптасу 
деңгейін  (ұғымдарды  нақты  елестетіп  түсіну,  бейнелерді  жалпылау, 
«жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау; 

оқушылардың  ойлау  және  қиялдау  әрекеттерін,  жаңа 
бейнелерді  елестету  және  түсіну  деңгейлерін  ұйымдастырғанда 
ұғымдарды  қалыптастырудың  психологиялық  заңдылықтарына 
сүйену; 

оқушылардың  өздігінен  ойлау  қабілетін  жүзеге  асыратын 
және  белсенділігін  қамтамасыз  ететін  жұмыстың  түрі  мен  тәсілін 
жоспарлау  (проблемалы  жағдайларды  жасау,  іздеу  немесе  танымдық 
жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру); 

түсіну 
деңгейін 
арттыру 
(сипаттамалықтан 
бастап 
салыстырмалыға,  түсіндірмеліктен  –  жалпыламалыққа,  бағалауға, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау