Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет31/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62

 
89 
мадақтау  үшін  пайдалануға  болады.  Рейтингтік  шкала  бойынша 
нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық  жүйесі арқылы бағалануы 
мүмкін; 

«сапалық»  –  технологиясы  негізінен  білімі  мен  іскерлігін  
сараптық  бағалау  және  бақылау  әдісін  бірлестіре  отырып 
пайдаланады.  Бағалау  қорытындысы  және  тұжырымдама  жасау 
арқылы  сипаттама  түрінде  «меңгерді-  меңгермеді»,  «ұғып  алды  -  ұға 
алмады»,  «түсінді-түсінбеді»,  «игерді  -  игере  алмады»  сияқты  негізгі 
сөздердің  көмегімен  ұсынылады.  Осы  мінездемелер    оқушылардың 
топтарына  қолданылады  және  өздерінің  «көпшілік  -  азшылық», 
«негізінде»  сияқты  негізгі  сөздерін  пайдаланады,  пайыздық 
мінездемелерге  рұқсат  беріледі.  Кей  жағдайларда  жеке  оқушыларға 
осы  технология  шеңберінде  бес  балдық  жүйе  бойынша  бағалар 
қойылуы мүмкін. 
3. Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша: 

автоматты түрде (машиналық); 

өзаралық; 

мұғалімнің бақылауы; 

өздік бақылау. 
4. Жетекші функциясы бойынша: 

диагностикалық  бақылау  –  білімнің,  іскерліктің  және 
дағдылардың  даму  серпінін  бақылауды,  өз  уақытында  түзету  енгізу 
үшін  сабақтың  материалдарын  меңгеру  жағдайы  жөнінде  мәліметтер 
алуға,  қайталаудың  тиімді  ұйымдастырылуын,  оқу  бағдарламасын 
(тақырыптық  жоспарлауды)  анықтауды,  оқу  үрдісін  оңтайландыруды 
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады; 

ынталандыру  бақылауы  –  оқушыны  жүйелі  жұмыс  істеуге 
көңіл  қоюына,  шығармашылық  іс-әрекеттке  талаптануға,  зейінді 
болуына, талапкерлігі мен өздігінен жұмыс жасауға, жетістіктері мен 
кемшіліктерін көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектеседі; 

тұрақтылық  бақылауы  –  оқушылардың  дайындығының 
дәрежесі  мен  деңгейін  бекітеді,  емтихан  мен  сынақтарды  өткізу 
үрдісінде пайдаланылады. 
5. Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша: 

ауызша  әдісіне    әңгімелесу;  оқушының  сабақ  айтуы; 
түсіндіру;  оқулық  мәтініне  пікір  айту;  технологиялық  картаны, 
сызбаларды оқу; хабарлама; сынақ; емтихан және т.б. кіреді; 

жазбаша  сыныптық  және  үй  жұмыстары,  бақылау  және 
өздік  жұмыстары,  диктант,  реферат  және  т.б.  Жазбаша  жұмыс 
кезінде  оқушы  теориялық  білімдерін  ғана  емес,  оларды  нақты 
тапсырмаларды орындауда немесе проблемалық жағдайлардан шығу 


 
90 
кезінде  көрсете  алуы  керек.  Жазбаша  бақылау  әдістерін  орынды 
қолдану арқылы жазу деңгейін меңгеру, мәтінді логикалық түсінікті 
етіп  жеткізу,  проблемаға  өз  бағасын  беру  және  т.б.  сияқты 
дағдыларды игеруге болады; 

машықтану 
әдісі 
зертханалық 
және 
машықтану 
жұмыстарын орындау барысын байқап отырудан және жобалар мен 
тұсаукесерлердің тікелей орындалуынан тұрады. 
Білімді бақылау оқу үрдісінің белгілі бір бөлігі болып табылады 
және  оқытылатын  тұлғалармен  байланысты  қамтамасыз  етеді. 
Бақылау  барысында  оқытудың    дәрежесі  мен  деңгейі  бағаланады, 
оқушының  бақылау  жұмысын  орындаған  кездегі  жұмсаған  еңбек 
көлемі  белгіленеді.  Бақылаудың  нәтижелері  бойынша,  оқу  үрдісін 
басқару  жүзеге  асырылады,  яғни  қалыпты  кезде  кездесетін  қателері 
талданады,  оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктері  түзетіледі,  оқу 
бағдарламаларына түзетулер енгізіледі. 
Бақылау әдістері 
Қазіргі  заман  дидактикасында  бақылаудың  келесі  әдістері 
қолданылады:  
Зерттеу  әдісі  –  мұғалімдердің  күнделікті  оқушылардың  білім 
деңгейі  мен  даму  барысындағы  өткізілетін  процесс.  Осы  әдіс 
оқушылардың  қай  білім  деңгейінде  екенін  және  жұмысты  дұрыс 
ұйымдастыра  алатынын  көрсетеді.  Зерттеудің  нәтижесі  мұғалімнің 
жұмыс барысында және бағалау барысында көрінеді.  Осы әдістің бір 
кемшілігі, ол берілген ішкі сезім арқылы зерттеу.  
Оқулықты  дұрыс  пайдалану  әдісі  –  оқушылардың  білімі  мен 
біліктілігін  тексеру,  тілдерді  үйрену  барысында  қолданылуы  мен 
ақпаратты іздеу нәтижелері арқылы тексеріледі.  
Ауызша  бақылау  әдісі  –  ереже  бойынша  оқушылардың 
емтихандық немесе сынақтың сұрақтарына дұрыс жауап қайтаруынан 
тұрады. Сабақтарда жеке, ұжымдық, фронтальды сұраныстар болады. 
Ауызша бақылаудың ең негізгі формасы – пікір алмасу, әңгімелесу.  
Жазбаша  бақылау  әдісі  –  оқушылардың  білім  дәрежесін 
тереңдетіп  тексеруін  талап  етеді.  Жазбаша  бақылау  әдісінің  негізгі 
формалары – сыныптық, өзіндік, бақылау жұмыстары болады.    
Практикалық  бақылау  әдістері  –  оқушылардың  практикалық  
білімін тексеру, білімін дұрыс пайдалана білуі және кез келген есепті 
шығара білуін анықтайды. Бүгінгі күні осы әдіс ең жаңа және қолайлы 
болып табылады. 
Тестілеу  оқушылар  білімдерінің  сапасын  жедел  түрде  тексеру 
үшін  деректерді  (жауаптарды)  автоматты  түрде  енгізу  мүмкіндігімен 
және  нәтижелерді  автоматтандырылып  өңдеудің  алдын  ала  берілген 


 
91 
сапалық  параметрлерімен  пайдаланылады.  Тестілеу  технологиясы 
өзінің  кемшіліктері  мен  шектеулері  бола  отырып,  бәрібір  де 
оқушылардың  жеңіл  есептердің  шешуін  шешіп,  нұсқалардың 
жауаптарын  таңдап  немесе  сөздерді,    формулаларды,  терминдерді 
және  т.б.  қоса  бере  отырып,  дайындықтарының  дәрежесі  мен 
деңгейлерін тексерудің ең тез және ең сенімді тәсілі болып табылады. 
Ең  бастысы  -  тестілеу  технологиясы  компьютердің  жадында 
жинақталатын статистикалық материалдар жинауға мүмкіндік береді. 
Бағалау  технологиясы  –  рейтингтік  және  баға  қою  бойынша. 
Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  автоматты  бақылау,  өздік  бақылау 
және оқытушының бақылауы.  
Дидактикалық тест. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады: 

қалыптастыру сұрақтары;  

есептерді шығару сұрақтары; 

өз білімдерін дұрыс пайдалана білуіне арналған сұрақтар; 

шығармашылық қабылеттерін арттыру сұрақтары. 
Бақылау жұмыстары – оқушылардың білімдері, ептіліктері мен 
дағдыларын,  сондай-ақ  шығармашылық  қабілеттерін  тексеріп 
бағалаудың  ең  тиімді  әдісі.  Жеке  тақырыптарды  немесе  оқу 
бағдарламасының 
бөлімдерін 
өткеннен 
кейін 
мұғалімнің 
оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жазбаша немесе 
практикалық түрде тексеріп баға беруі әдістің негізін құрайды.  
Әңгімелесу  –  әртүрлі  дәрежеде  оқытудың  барлық  кезеңдерінде 
пайдаланылады. 
Әңгімелесу, 
жоғарғы 
сыныптарда, 
мысалы, 
қағидаларды,  тұжырымдарды,  заңдарды,  теорияларды  және  т.б. 
игерулерін  анықтау  үшін  және  сынақтар  мен  емтихандарды  өткізу 
кезінде  негізгі  мәнге  ие  болады.  Бағалау  технологиясы  –  баға  қою 
және  (немесе)  сапалық.  Ұйымдастыру  тәсілі  бойынша  –  мұғалімнің 
бақылауы. 
Сауал  қою  –  (жедел  сауал  қою)  көбінесе  алдағы  жаңа  
материалды  қабылдау  дайындығын  шұғыл  тексеру  кезінде,  зейінді 
болуларына пайдаланылады. Сауал қою, ереже бойынша не сабақтың 
басында,  не  сабақтың  аяғында  жаңа  терминдер  мен  түсініктемелерді 
бекіту  үшін  өткізіледі.  Сауал  қоюдың  элементтері  сынақ  өткізу 
кезінде  де  пайдаланылады.  Бағалау  технологиясы  –  сапалық  немесе 
баға қою бойынша, өзаралық бақылау немесе оқытушының бақылауы 
пайдаланылады.  
Сынақ  алу  –  бақылау  нысандарының  жоғарғы  сыныптарда  көп 
тараған    түрі.  Оқушыларға  сынақ  жүргізілетін  сұрақтардың  тізімі 
немесе  тақырыптардың  тізбесі  беріледі,  дайындық  деңгейінің 
талаптары  жариялана  отырып  сипатталады.  Жақсы  нәтижелерді    тек 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау