Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет29/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62

 
83 
көрсеткіші бар (мұғалім бойынша – бес, оқушылар бойынша – төрт
мазмұн  әрекеті  бойынша  –  төрт,  әрекет  тәсілдері  бойынша  –  жеті 
және  әрекет  мақсат-нәтижесі  бойынша  –  бес).  Осы  көрсеткіштердің 
сомасын  100%  деп  қабылдаса,  әрқайсысының  шартты  сәйкестігі  4% 
болар еді (балл түрінде де болады, онда 100 және сәйкесінше 4 балл). 
Сабаққа  кірген  соң  тиімділіктің  математикалық  бағасы  мына  картаға 
рәсімделеді:   
Сабақ  тиімділігін  математикалық  тұрғыда  бағалау  рейтингке 
негізделген 
(құзырлы 
соттар 
әдісімен). 
Бағалаудың 
мына 
критерийлері  анықталды:  егер  бағалау  кезінде  85%  (немесе  балл) 
немесе  одан  жоғары  болса,  өткізілген  сабақ  «үздік»  деп  бағаланады, 
65–84% — «жақсы», 45–64% — «қанағаттанарлық». 
Әрбір  сабақтың  және  оқытудың  барлық  жүйесі  мұғалімнің 
ұмтылысымен  және  педагогикалық  рефлексиясымен  (атқарылған 
жұмысын  ойдан  өткізу),  дұрыс  сараптап,  өз  қимыл-әрекетін  саналы 
бағалай алуымен тығыз байланысты. Мұғалім өткен сабақты сараптай 
отыра,  оқу  үрдісінде  қол  жеткізгені  мен  әлі  де  толықтыруды  қажет 
ететін тұстарын анықтайды.  
2.7. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
Тақырыбы:  «Информатиканы  оқыту  формалары  мен  әдістері. 
Оқытуды ұйымдастыру формаларының жүйесі». 
Мақсаты:  оқытудың  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  формалары 
мен әдістерін талдау. 
І. Төмендегі жеке тапсырмалар тақырыбы бойынша  баяндама  
дайындаңыз  және  кез  келген  тақырыпты  оқыту  үшін  даярлаған 
сабақ фрагментін көрсетіңіз.  
 
Көрсету  және  иллюстрациялау.  Олардың  ЭЕМ  экранындағы 
айырмашылығы неде? 
 
Теория  және  практика.  Мектеп  информатикасында  бұл 
ұғымдардың сәйкестігі неде? 
 
Информатканы оқытудағы анализ және  синтез. 
 
Индукция  және дедукция. 
 
Информатика сабағындағы аналогия.  
 
Абстракциялау  және  нақтылау. 
 
Информатиканы  оқытудағы  ойын  әдістері  (іскерлік, 
ұйымдастырушы-әрекеттік, рөлдік  т.б). Оларға дайындық. 
 
Мектептік  лекция. 
 
Семинар  және  оның  мүмкіндіктері.  Семинарды  өткізу 
тәсілдері. 
 
Зертханалық 
сабақтар. 
Информатикадан 
жүргізілетін 


 
84 
зертханалық жұмыстардың ерекшеліктері. 
 
Жеке дара жаттықтыру (практикум). 
 
Қосарланған жұмыс. 
 
Оқушылардың іс- әрекеттерінің  топтық формасы. 
ІІ.  Таңдаған  дәстүрлі  емес  сабақтың  сипаттамасын  жасап, 
оның фрагментін дайындаңыз. 
1.  Дәстүрлі  емес  сабақтар:  альманах  –  сабақ,  іскерлік  ойын  - 
сабағы, диалог - сабақ, диспут - сабақ, инсценировка - сабақ, қызықты 
хабарлар тарату сабағы, Интернет-сабақ, зерттеу-сабағы, кеңес беру - 
сабағы,  конференция-  сабақ,    «дөңгелек  үстел»  -  сабағы,    диспут  - 
сабақ,  практикум-сабақ,  презентация-сабақ,  саяхат-сабақ,  түйінді 
мәселелерді  шешетін  сабақ,  рөльдік  ойын-сабағы,  семинар-сабақ, 
ертегі-сабақ,  жарыс-сабақ,  шығармашылық  практикалық  жұмыс, 
театрланған  сабақ,  ауызша  журнал  -  сабағы,  экскурсия-  сабақ,  экспе-
диция – сабақ т.с.с. 
2.  Жобалық әдісті қолдану сабағы
3.  Кірістірілген  сабақтар  (интегрированный):  информатика  + 
физика, информатика + математика, информатика + сурет т.с.с. 
4.  Телекоммуникациялық жоба сабағы (викторина, олимпиада и 
т.б.). 
ІІІ. Оқу- танымдық  процестің кезеңдерінің негізіне бейімделген 
оқыту әдістерінің классификациясын жасаңыз. 
Практикалық жұмыс «Информатикадан оқу процесін жоспар-
лау» 
Мақсаты:  информатикадан  оқу  бағдарламаларын  талдау 
негізінде  оқу  жұмысының  күнтізбелік  жоспарын  құру  біліктілігін 
қалыптастыру;  әр  тақырыпты  өткенде  оқушылардың  алатын  негізгі 
білімін, біліктілігі  мен дағдысын белгілеу. 
I.  Информатикадан  оқу-тәрбие  жұмысының  күнтізбелік 
жоспарын құрыңыз. 
1.  Оқулықты 
(оқу-әдістемелік 
жинақтама),  информатика 
курсының  тарауын таңдаңыз. 
2.  Сіздің  таңдаған  тарауыңыз  бар,  ағындағы  оқу  жылының 
жарты  жылына  арналған  информатикадан  оқу-  тәрбие  жұмысының 
күнтізбелік жоспарын құрыңыз
1
.   
II.  Кестеге  сәйкес  ағындағы  жарты  жылға  арналған  (кез 
келген  сынып  үшін)  информатика  пәні  мұғалімінің  оқу  әрекетінің 
тақырыптық жоспарын құрыңыз. 
III.  Оқытудың  болжамдап  отырған  нәтижесін  (алдыңғы 
                                                 
1
 2.5.1-бөлімде келтірілген кестелерді қараңыз.
   
 


 
85 
жасалған жоспар бойынша) төмендегі жоспар бойынша құрыңыз: 
1. Тақырып: «Логика элементтері» 
Оқушылар білуі тиіс: 
 
айтылым, 
пікір, 
тұжырым, 
пайымдау, 
логикалық  
жалғаулықтар ұғымдарының түсінігі; 
 
негізгі  логикалық  амалдардың  ақиқат  кестесін:  конъюнкция, 
дизъюнкция, терістеу; 
 
күрделі  логикалық  өрнектердің  ақиқат  кестесін  құру 
ережесін; 
 
компьютердің  логикалық  схемасындағы  қолданылатын 
негізгі  логикалық  элементтер ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС. 
Оқушылар  істей алуы тиіс: 
 
типтік  логикалық  операциялар  үшін  ақиқат  кестесін  жаза 
білу; 
 
типтік  емес  логикалық  өрнектер  үшін  ақиқат  кестесін  құра 
білу. 
2. Тақырып: «Алгоритмдер және орындаушылар» 
… 
IV. 
Информатика  курсының  мазмұндық-  құрылымдық 
компоненттерін оқытудың сызықтық схемасын жасаңыз.  
Әдебиеттер: 
1.  Бочкин  А.И.  Методика  преподавания  информатики.  — 
Минск: Вышэйшая школа, 1998. 
2.  Қойбағарова  Т.Қ.,  Ельтинова  Р.А.  Информатиканы  оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.  
3.  Лапчик  М.П.  и  др.  Методика  преподавания  информатики.  – 
М.: Академия, 2001. – 624 с. 
4.  Малев  В.В.  Общая  методика  преподавания  информатики.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с 
5.  Хуторской  А.В.  Современная  дидактика.  –  СПб.:  Питер, 
2001.– 544с. 
 
 
 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау