Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет24/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62

 
68 
мәселелікке)  және  әңгімелесу,  сөйлесу,  ойқорыту,  пайымдау 
қабілеттерін қалыптастыру; 

оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарының  әрүрлі 
формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);  
3.  Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру: 

сабақты 
оқушылардың 
жеке 
дербестік 
және 
жас 
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау; 

сабақты  нашар  және  жақсы  оқитын  оқушыларды  ескере 
отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану. 
4.  Жұмыстың нәтижесін бекіту:  

тапсырмалар  арқылы дағдыларды қалыптастыру;   

алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың 
жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту; 
5.  Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы: 

оқушылардың  оқуға  деген  көзқарасы,  олардың  өзін-өзі 
ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;  

оқушылардың  оқуды  қабылдау  қабілетінің  деңгейі  бойынша 
топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай 
формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру. 
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:  

температуралық режім;  

ауаның физика-химиялық  құрамы (ауаны тазарту);  

кабинетті дұрыс жарықтандыру;  

шаршағандықтың алдын алу;  

іс-әрекет  формаларының  кезектесуін  сақтау  (тыңдаудан 
есептеуге,  графикалық  және  тәжірибелік  жұмыстарды  орындауға 
ауысу);  

дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу;   

оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау;  

сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы. 
Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар: 

сабақ 
эмоциялы 
болуы 
керек, 
оқушының 
оқуға 
қызуғышылығын тудырып, білімге құштарлығын тәрбиелеу керек; 

сабақ қарқыны мен ырғағы қолайлы, мұғалім мен оқушылар-
дың іс-әрекеттері аяқталып отыруы қажет; 

сабақта  педагогикалық  әдеп  және  оптимизм  сақталып, 
мұғалім  мен  оқушылар  арасында  толық  әрекеттестік  қарым-қатынас 
болуы қажет; 

қайырымдылық  пен  белсенді  шығармашылық  еңбек  атмос- 
ферасы басым болуы қажет;  


 
69 

оқушылардың  іс-әрекет  формаларын  мүмкіндігінше  ауысты-
рып отыру керек, әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолайлы түр-
де үйлестіру қажет; 

мектептің  бірыңғай  емлелік  (орфографиялық)  режімін 
ұстануды қамтамасыз ету. 
2.5. Информатиканы оқытуды жобалау  
Сабаққа  және  жалпы  оқытуға  дайындық  кез  келген  саналы 
әрекет  сияқты  жоспарлаудан  басталады.  В.И.Загвязинский  атап 
өткендей,  мұғалімнің  бұл  жұмысын  шартты  түрде  жанама  және 
тікелей деп бөлуге болады [13].  
Жанама  дайындық  мұғалімнің  білім,  әсер,  тәжірибе 
жинақтауымен,  мәдениетпен  шұғылдануымен,  бүтіндей  қабілеттері 
мен  жеке  бас  ерекшеліктерінің  дамуымен  байланысты.  Бұл  үрдістер 
әдебиеттерді  оқу  кезінде,  телебағдарламалар,  кинофильмдер  қарау, 
театрлар  мен  мұражайларға  бару,  әңгімелесу  кезінде  өлшеусіз  және 
еріксіз  жүреді.  Жанама  дайындыққа  іргелі  ғылыми  негіздерді  және  
пән  мұғалім-ұстаз  үшін  базалық  ғылымның  жаңа  жетістіктерін  және 
де  онымен  шектес  басқа  да  ғылым  салаларын  оқуды  жатқызуға 
болады. 
Курсты  немесе  курс  бөлімін  оқытуға  тікелей  дайындық 
бағдарламаларды,  кітаптарды,  оқу  құралдарын,  ғылыми  және 
әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады. 
Тікелей  дайындықтың  міндетті  элементі  –  оқытуды  жоспарлау, 
ол  білім  беру  үрдісін  ұйымдастырудың  ең  маңызды  кезеңі  болып 
саналады.    
Жоспарлаудың 
төрт 
түрі 
бар, 
нәтижесінде 
олардың 
әрқайсысына  сәйкес  жоспар  болады.  Олар:  білім  беру  мекемесінің 
жұмыс жоспары және оқу бағдарламасытақырыптық (күнтізбелік-
тақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі 
жоспарлары.  
2.5.1. Тақырыптық жоспарлау 
Тақырыптық  жоспар  бүтіндей  оқу  жылына  әзірленіп,  оқу 
курсының  барлық  ірі  тақырыптары  мен  бөлімдерінің  қысқаша 
мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – 
бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың 
оңтайлы  мазмұнын  анықтау  және  оларға  қажет  уақытты  есептеу 
болып табылады.  
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:  
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары; 
2) сабақтардың формалары;  


 
70 
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;  
4) тірек білім мен ептілік;  
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;  
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;  
7) оқу-әдістемелік құралдар;  
8) пәнаралық байланыстар;  
9)  сабақ  формалары  (жалпылаушы  және  сынақ  тапсырмалар 
бекітіледі,  өздік  жұмыстардың  тақырыптары  мен  формалары 
белгіленеді).  Әрбір  тақырып  бойынша  негізгі  ұғымдар,  әрекет 
тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.  
Тақырыптық  жоспарлау  –  белгілі  бір  тақырып  немесе  оқу 
бағдарламасының  бөлімі  бойынша,  сабақтар  мен  сабақтан  тыс 
жұмыстар 
жүйесіндегі 
оқу-тәрбиелік 
үрдістің 
білім 
беру, 
дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы 
жолдарын  анықтауға  арналған.  Олар  сабақты  белгілі  бір  жүйеге 
салуға,  жұмыстың  келешегін  көруге  мүмкіндік  береді,  жабдықтарды 
сабаққа  алдын  ала  даярлауға,  жаңа  материалды  меңгеруге,  қажетті 
білім  мен  ептілікті  өзекті  етуге  бағытталған  оқушыларға  алдын  ала 
тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып 
арқылы  жетекші  ережелерді  өткізу,  оқушылардың  бүтіндей  түсінігін 
және  әрекеттің  аяқталған  тәсілін  қалыптастыру  мүмкіндігі  пайда 
болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, 
оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші 
құралдарын ұғыну. 
Заманауи  дидактика  мен  әдістемеде  оқу  үрдісін  жоспарлау 
технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]: 
1.  Курс  бойынша  жұмыс  бағдарламасын  зерттеу  немесе 
өздігінен  әзірлеу,  білім  беру  стандарттарына  және  педагогтің  өзіндік 
ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты 
есептеу  (мерекелік  күндерді  ескеріп).  Курстың  (бөлімнің)  басты 
тақырыптық  блогтарын  және  оқушылардың  басыңқы  әрекет 
формаларын  бөліп  алу.  Оқу  материалын  логикалық  аяқталған 
бөлімдерге бөлу. 
2.  Тақырыптық  және  әрекеттік  компоненттерін  есепке  алып, 
курстың  негізгі  бөлімдері  бойынша  жылдық  сағаттың  жалпы  санын 
үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы 
бойынша  практикумға  немесе  қайталауға  уақыт  бөлу).  Сабақтан  тыс 
жұмыстарға  уақыт  бөлу  (жеке  жоспар  бойынша  сабақтар, 
шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, 
консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.
1
). 
                                                 
1
 Әрекеттердің бұл түрлері жеке бөлімдер мен тақырыптардың құрамына кіре алады 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау